Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Бизнес

Қазақстанда құрылыс нарығы қауіптерге қарамастан 85%-ға өсті

admin by admin
29 мая, 2025
Қазақстанда құрылыс нарығы қауіптерге қарамастан 85%-ға өсті

Қазақстанда көктем келгеннен кейін дәстүрлі түрде құрылыс маусымы басталады. Адамдар күзге дейін жұмысты аяқтап үлгеру үшін құрылыс материалдарын сатып ала бастайды, шеберлерді іздейді, техника жалдайды. OLX аналитикалық қызметінің 2025 жылғы көктемге арналған деректері бойынша, құрылыс тақырыбына қызығушылық айтарлықтай артқан: пайдаланушылар хабарландыруларға белсендірек жауап беріп, жаңа ұсыныстар орналастырып, іздеуді қажетті санаттар бойынша сүзгілейді.

Байланысты

«Қазақмыс» Жезқазған мыс балқыту зауытын жаңғыртуға 25,2 млрд теңгеден астам қаржы бағыттады

Freedom Holding Corp. Bilim Group компаниясындағы үлеске ие болды

Ұлытау облысы Қазақстан өңірлері арасында халықтың табысы бойынша екінші орынға ие болды

Өңірлер арасында құрылыс қызметтеріне сұраныс бойынша Алматы облысы сөзсіз көш бастап тұр — мұнда 75 мыңнан астам жауап тіркелген. Бұл көрсеткіш белсенділік бойынша екінші тұрған Түркістан облысымен (шамамен 23,5 мың) салыстырғанда үш есе жоғары. Одан кейін Ақмола (21 мың), Ақтөбе, Қарағанды және Жамбыл облыстары орналасқан. Ел бойынша белсенділіктің өсуі маусымдық жұмыстардың барлық аймақтарда басталғанын көрсетеді.

Экономикалық ахуалдың өзгеруіне ең сезімтал салалардың бірі саналатын құрылыс сегменті күтілгеннің керісінше — өсім көрсетіп отыр. OLX аналитикасына сәйкес, ең танымал өнім ретінде құрылыс блоктары алға шыққан. Көктемнің басында бұл санатта 22,8 мыңдай хабарландыру болса, маусым соңына қарай бұл көрсеткіш 42,5 мыңға жуықтаған — бұл 3 ай ішінде 85%-дан астам өсімді білдіреді. Ұқсас серпін «Кірпіш» санатында да байқалады — мұндағы хабарландырулар саны 14 328-ден 25 153-ке дейін көбейген, яғни шамамен екі есеге артқан. Қазақстандықтар генераторлар, тақтайлар, пішінді төсеніш секілді материалдарды белсенді түрде сатып алуда — бұл сегменттердің әрқайсысы 75%-дан 150%-ға дейін өсімді көрсеткен.

Наурыздан мамырға дейін қызметтерге деген сұраныстың өсуі де әсерлі. Көктем соңында жарияланған хабарландырулар саны наурызбен салыстырғанда екі есе артса, жауаптар саны орта есеппен 62%-ға көбейген. Сонымен қатар, бір хабарландыруға шаққандағы орташа жауап саны сәл төмендеген: наурызда бір хабарландыруға шамамен 7–8 жауап келсе, сәуірде бұл көрсеткіш 5–6 аралығында болған. Бұл көрсеткіш көктемде орындаушылар тарапынан ұсыныстың, ал тапсырыс берушілер тарапынан сұраныстың айтарлықтай артқанын көрсетуі мүмкін. OLX пайдаланушылары жөндеу және құрылыс саласындағы мамандарды белсенді түрде іздейді, ал шеберлер мен мердігерлер өз ұсыныстарын дер кезінде орналастырады. Нарықтағы мұндай жандану көптеген қазақстандықтардың құрылыс маусымын ертерек бастауға дайындалып жатқанын аңғартады. Бұл, өз кезегінде, ауа райының жақсаруы мен саяжай маусымының басталуымен құрылыс-жөндеу қызметтеріне деген сұраныстың дәстүрлі түрде өсетінін көрсетеді.

Бұл деректер еліміздің оңтүстік және орталық аймақтарында жөндеу мен құрылысқа қатысты тапсырыстардың шоғырлануы жоғары екенін көрсетеді. Бұл өңірлерде жекеменшік құрылыстар қарқынды дамып, маусымдық жұмыстар ерте басталады.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Хабарландыру белсенділігі төмен өңірлерде де наурыз айымен салыстырғанда оң динамика байқалады. Бұл бүкіл ел бойынша құрылыс маусымының басталғанын және мамандарға деген сұраныстың артып жатқанын білдіреді. Адамдар жөндеу жұмыстарын, саяжай мен тұрғын үйді жаңғырту жоспарын құра бастайды, мердігерлер мен жұмысшыларды іздейді. Әсіресе әртүрлі бағытта жұмыс істей алатын әмбебап шеберлер — әрлеуден бастап электрмонтаж жұмыстарына дейін орындай алатын мамандар жоғары сұранысқа ие.

Қазіргі өсім қарқынына қарап, жаз мезгілінде құрылыс және жөндеу саласындағы белсенділік одан әрі артады деп күтуге болады. Мамыр айында құрылыс қызметтеріне деген сұраныс айтарлықтай артты, және бұл үрдіс бәсеңдейді деуге еш негіз жоқ. Керісінше — күн жылынып, жауын-шашын азайған сайын тапсырыстар саны көбейе түседі, әсіресе маусым ерте басталатын оңтүстік өңірлерде. Үйін жаңартқысы, саяжайды жақсартқысы, күрделі жөндеу жүргізгісі келетіндер саны артуда. Осындай сұраныс аясында білікті мамандарға деген бәсекелестік күшейіп келеді. Көптеген орындаушылар жұмыс күндерін бірнеше апта алға брондап қояды, сондықтан бос бригаданы табу қиындай түседі. Сол себепті ірі немесе шұғыл жұмыстарды жоспарлап отырғандар іске ертерек кіріскенді жөн көреді — мердігерді неғұрлым ертерек тапса, сапалы нәтиже алып, жобаны уақытында аяқтау мүмкіндігі соғұрлым жоғары. Көктемнің соңы — мамандардың жүктемесі артып кетпей тұрып, іске кірісуге ең қолайлы уақыт.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Freedom Holding Corp. компаниясы беделді Russell 3000 индексіне енгізілді

Келесі жаңалық

VK Cloud Қазақстанда машиналық оқыту платформасын іске қосады

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

«Қазақмыс» Жезқазған мыс балқыту зауытын жаңғыртуға 25,2 млрд теңгеден астам қаржы бағыттады
Бизнес

«Қазақмыс» Жезқазған мыс балқыту зауытын жаңғыртуға 25,2 млрд теңгеден астам қаржы бағыттады

10 августа, 2026
Freedom Holding Corp. компаниясы беделді Russell 3000 индексіне енгізілді
Экономика

Freedom Holding Corp. Bilim Group компаниясындағы үлеске ие болды

6 августа, 2026
Ұлытау облысы Қазақстан өңірлері арасында халықтың табысы бойынша екінші орынға ие болды
Бизнес

Ұлытау облысы Қазақстан өңірлері арасында халықтың табысы бойынша екінші орынға ие болды

24 июля, 2026
S&P Global Ratings «Alatau City Garant» СК АҚ рейтингін көтерді
Бизнес

S&P Global Ratings «Alatau City Garant» СК АҚ рейтингін көтерді

23 июля, 2026
«Alatau City Garant» сақтандыру компаниясы» АҚ AM Best халықаралық рейтингін алды
Бизнес

«Alatau City Garant» сақтандыру компаниясы» АҚ AM Best халықаралық рейтингін алды

9 июня, 2026
«Қазақмыс» Қытайдағы металлургия және энергетика саласындағы озық технологияларды зерделеуде
Бизнес

«Қазақмыс» Қытайдағы металлургия және энергетика саласындағы озық технологияларды зерделеуде

25 мая, 2026
Келесі жаңалық
VK Cloud Қазақстанда машиналық оқыту платформасын іске қосады

VK Cloud Қазақстанда машиналық оқыту платформасын іске қосады

MyBuh Forum 2025: басты мәселелерді ашық аспан астында талқылаймыз

MyBuh Forum 2025: басты мәселелерді ашық аспан астында талқылаймыз

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

FlyArystan қытайлық блогерлерге Қазақстанның туристік әлеуетін таныстырды

FlyArystan қытайлық блогерлерге Қазақстанның туристік әлеуетін таныстырды

9 июля, 2026
Арсен Томский Орталық Еуразияның Кремний алқабындағы алғашқы технологиялық конференциясына қолдау көрсетті

Арсен Томский Орталық Еуразияның Кремний алқабындағы алғашқы технологиялық конференциясына қолдау көрсетті

28 октября, 2024
Қанат Бозымбаев Қызылорда облысының шаруаларымен кездесті

Қанат Бозымбаев Қызылорда облысының шаруаларымен кездесті

1 августа, 2025

Топ жаңалықтар

  • Қазақстандық азамат журналист Лұқпан Ахмедияровты жала жапқаны үшін жауапқа тартуды талап етті

    «Дауысы сенімді, бірақ сөзі жалған»: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы дипфейктердің танымал адамдарды ақпараттық манипуляцияларда қалай пайдаланатынын көрсетті

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Туризм және спорт министрі «Болашақ ойындары 2026» аясындағы фиджитал-футбол жарысына қатысты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Halyk қорының 10 жылдығына орай: Алматы облысында ауыл балалары арасында республикалық турнир өтеді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстандық азамат журналист Лұқпан Ахмедияровты жала жапқаны үшін жауапқа тартуды талап етті

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды
  • Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі
  • «Қазақмыс» қызметкерлердің өтініштері бойынша жолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізуде

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.