Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Алаяқтық және жалған ақпарат тарату: Аида Балаева Meta өкілдерімен ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін талқылады

admin by admin
27 мая, 2025
Алаяқтық және жалған ақпарат тарату: Аида Балаева Meta өкілдерімен ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін талқылады

Астанада Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Meta компаниясының мемлекеттік саясат жөніндегі директоры Сарим Әли Әзиз кездесті. Тараптар Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Байланысты

Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр

STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!

Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр

Министр медиа кеңістіктегі, әсіресе әлеуметтік желілер бойынша ақпараттық қауіпсіздік саласында бірлесіп атқарған жұмыс үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар, ол корпорация басшылығына бұл бағыттағы шараны күшейту туралы өтініш айтты.

2025 жылдың басынан бері ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мониторингі барысында ел заңнамасының 7 689 рет бұзылғаны анықталды, оның ішінде Facebook желісінде – 3 027, Instagram платформасында – 4 662 құқық бұзушылық тіркелген.

Сонымен қатар, министрлік өкілдерімен тығыз байланыс орнатқан Meta компаниясы Facebook желісінен 90%, Instagram платформасынан 51% заңға қайшы контент өшіргенін де атап өткен жөн.

Аида Балаева онлайн платформаларда жалған жарнаманың белсенді түрде көбейіп жатқанына ерекше алаңдаушылық білдірді.

«Мұндай тизерлік жарнаманың дереккөзі нақты көрсетілмейді, сондықтан оған дер кезінде ден қою мүмкін болмай тұр», – деді министр.

Сондай-ақ, WhatsApp мессенджеріне де жеке тоқталып өтті. Бүгінде ол да алаяқтық және жалған ақпарат тарату құралына айналып отыр.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Аида Балаева Meta өкілдерінен аталған мәселелер бойынша техникалық шешімдер ұсынуды және платформалардағы контент модерациясын күшейтуді сұрады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар көрсетілген мәселелерді шешуге бағытталған арнайы жұмыс тобын құруға келісті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Meta компаниясы Қазақстан ақпараттық кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдайтынын жеткізді.

Сонымен қатар, Мәдениет және ақпарат министрлігі қазақстандықтарға интернеттегі сақтық шараларын сақтау қажеттігін ескертеді. Еш жерге жеке деректерді жарияламауға, ақпарат көздерін тексеруге, сенімді құпиясөздерді қолдануға, жіберілген хабарламаларға мұқият болуға және күмәнді әрекет туралы хабарлауға шақырады.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Ыстықтан қалай сақтанған дұрыс: Алматы №36 қалалық емхананың дәрігері Қарлығаш Қалиеваның кеңестері

Келесі жаңалық

Әнші QARAKESEK «Key Music» компаниясымен келісімшарт жасап жаңа әндерін шығармақ

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр
Категориясыз

Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр

18 мая, 2026
STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!
Категориясыз

STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!

18 мая, 2026
Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр
Категориясыз

Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр

18 мая, 2026
Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады
Категориясыз

Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады

15 мая, 2026
АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ
Категориясыз

АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ

15 мая, 2026
Alatau City Garant Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймағында мектеп салуды сақтандырды
Категориясыз

Alatau City Garant Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймағында мектеп салуды сақтандырды

15 мая, 2026
Келесі жаңалық
Әнші QARAKESEK «Key Music» компаниясымен келісімшарт жасап жаңа әндерін шығармақ

Әнші QARAKESEK "Key Music" компаниясымен келісімшарт жасап жаңа әндерін шығармақ

Көктемгі ағаш отырғызу кезеңінің қорытындылары

Көктемгі ағаш отырғызу кезеңінің қорытындылары

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Болат Ақшолақов Президент кеңесшісі болды

Болат Ақшолақов Президент кеңесшісі болды

4 апреля, 2023
Көкшетау мен Степногордың айналасындағы санитарлық постар алынады

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 1053 адам жұқтырған

10 февраля, 2021
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Кейінгі тәулікте 753 адамнан коронавирус анықталды

24 февраля, 2021

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Meta, TikTok, Яндекс жəне басқа да платформалармен тікелей диалог: AMDG 2026 жылғы медиялық жəне видеожарнама бойынша конференция өткізеді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс БМЗ-дағы күкірт қышқылы цехында негізгі жабдықты ауыстырып жатыр

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр
  • «Қазақмыс» басшылығы жұмысшылармен екінші кездесу өткізді
  • STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.