Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Қазақстанда Смитсон орталығының қолдауымен Қазақстанның мәдени мұра қоры және қолөнерді қолдау бастамасы іске қосылуда

admin by admin
27 мая, 2025
Қазақстанда Смитсон орталығының қолдауымен Қазақстанның мәдени мұра қоры және қолөнерді қолдау бастамасы іске қосылуда

Смитсон институтының Халықтық және мәдени мұра орталығы (Вашингтон, АҚШ) мамандары 2025 жылғы мамыр айында жергілікті қолөнершілермен тынысу, тәжірибе алмасу және үш жылдық ынтымақтастық орнату жоспарын құру мақсатында Қазақстанға келген. Зерттеу сапары қолөнерді қолдау және Қазақстанның мәдени мұра қорын құру бастамасы аясында ұйымдастырылды. Бұл бастама дәстүрлі қолөнерді зерттеуге, құжатқа түсіруге және оның танымалдылығын арттыруға бағытталған. Жоба «Шеврон» компаниясы мен Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы елшілігінің қолдауымен іске асырылады.

Байланысты

AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ

«Қазақмыс» Ұлытау облысында геологиялық барлау жұмыстарын екі есеге ұлғайтуда

Франк Жаффе авиация саласының тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін SITA Global Services командасын басқарады

«Мәдениет саласындағы атқарылатын жұмыстар біршама уақытты талап етеді, осыған орай, «Шеврон» компаниясының осы бағыттағы ұзақ мерзімді инвестициясы біздің командаға айтарлықтай жұмыстар атқаруына септігін тигізеді, берік ынтымақтастық орнатуға және бүкіл Смитсон институты бойынша мамандардың Қазақстандағы әріптестерімен тәжірибе алмасуға қатыстыруға мүмкіндік береді”, – дейді Смитсон орталығының арнайы жобалар жөніндегі директоры Холли Батвин.

Жобаның жергілікті серіктесі Қазақстанның қолөнершілер орталығы болып табылады. Бұл орталық Қазақстан жастарын қолөнер жұмысына көптеп тартуға, қолөнер кәсіпорындарының білімін, дағдыларын және табысын арттыруға, сондай-ақ Қазақстан қолөнершілері мен басқа елдер арасындағы байланысты нығайтуға белсене араласады. Екі ұйымның өкілдері Алматы, Шымкент, Тараз және Түркістан қалаларындағы қолөнер шеберханаларына барып, әлеуетті серіктестермен кездесті, шаралар ұйымдастырды және жастарды қолөнер қоғамдастығына қатыстыру туралы панельдік талқылаулар жүргізді.

“Қазақтың ұлы ойшыл ақыны Абай айтқандай: “Өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі — қазақтың әулиесі сол”, – дейді Қолөнершілер одағының президенті Айжан Бекқұлова. — Сондықтан да бойында мәдени коды бар бірегей дарынды адамдарды қолдау өте маңызды. Біздің Смитсон институтының Халықтық және мәдени мұра орталығымен және «Шеврон» компаниясымен ынтымақтастығымыз жобаларымызды ең жоғары деңгейде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жастар үздіктерге қарап бой түзесін!”

Смитсон орталығы сарапшылары зерттеу сапарында таңдап алған қазақстандық қолөнершілер Санта-Федегі (Нью-Мексико штаты) Халықаралық халық өнері жәрмеңкесіне және Алматының туыстас қаласы – Тусон (Аризона штаты) қаласына оқыту сапарына қатысады. Сапар аясында қолөнер кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі шеберлік сабақтары өтеді. Қыркүйек айында Тусон қаласының қолөнершілері Алматыға Қолөнер фестиваліне барады.

Қазақстанның бай дәстүрі мен қолөнер әдістері елдің қазіргі мәдениетінің бір бөлігі болып табылады. ЮНЕСКО Әлемдік мұрасы тізімінде Қазақстанның 6 нысаны бар, сонымен қатар Қазақстан Ұлы жібек жолының маңызды бір бөлігі болған және өзінің көшпенділік түп-тамырын әлі үзбеген. Кең байтақ жері және әртүрлі климаты киіз басу, кесте тігу, зергерлік, ағаш ою сияқты  көптеген мәдени мұраның қалыптасуына септігін тигізген. Қазақстанның қолөнершілері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан өнерді одан әрі дамытып келеді.

«Шеврон» компаниясы Смитсон институтының Халықтық және мәдени мұра орталығымен бірлесіп, жақында құрылған Қазақстанның мәдени мұра қорына қолдау көрсеткеніне үлкен абырой тұтады», – деп мәлімдеді «Шевронның» Еуразиялық бөлімшесінің басқарушы директоры Дерек Магнесс. — Қазақстанның өркениеттердің тоғысқан жерінде орналасуы және көшпенді өмір салтын ұстануы әсерінен қалыптасқан бай мәдени мұрасы бар. Бұл қолөнер мен музыкадан бастап әдебиет пен халық дәстүріне дейінгі қазақ мәдениетінің көптеген салаларында көрініс табады. Қор елдің бай мәдениеті мен тарихын сақтап қалуға және халықаралық ынтымақтастық пен шығармашылықты дамытуға көмектеседі.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Жобаның тигізген әсерін бағалау Қазақстандағы Орталықтың одан әрі қарайғы жұмысын қалыптастыруға көмектеседі және дәстүрді, инновацияны және мәдени алмасуды қолдайтын Қазақстанның Мәдени мұра қорын дамытуға бағыт-бағдар береді.

Қазақстан қолөнершілер одағы туралы

Қазақстан қолөнершілері одағы – 2012 жылы «Our Heritage» қорының, Шеврон, ЮНЕСКО, Еуразия одағы және ҚР Мәдениет министрлігі қолдауымен құрылған қоғамдық ұйым. Одақ әртүрлі қолөнер түрлері бойынша жүздеген тренинг өткізді, қолөнерді қалпына келтіріп, дамытады, Қазақстанның мұрасын кеңінен танытады және 12-ші рет «Шебер» республикалық байқауын өткізіп жатыр. Қазіргі таңда Одақтың 8 аймақтағы 150 қолөнершінің басын біріктіретін өкілдіктері бар және жалпы ел ішінде қамтылған шеберлердің саны 650-ді құрайды.

«Шеврон» – дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз адамзаттың ілгері дамуы үшін қолжетімді, сенімді әрі таза қуат көзі қажет деп санаймыз. «Шеврон» мұнай мен табиғи газ шығарады, жанар-жағармай және мұнай-химия өндірумен айналысады, бизнес пен өнеркәсіпті жетілдіретін технологияларды дамытады. Біздің мақсатымыз жаңғырмалы отын, көміртекті ұстап қалу мен оффсетті пайдалану, сутек өндірісі, ақпаратты өңдеу орталықтары үшін және жаңа технологияларды жетілдіру үшін қуат көзін өндіруде мұнай және газ саласындағы бизнесімізді өркендету, қызметіміздегі көміртек шығарындыларын азайту және жаңа бизнес бағыттарын дамыту болып табылады. «Шеврон» туралы қосымша ақпаратты  www.chevron.com сайтынан таба аласыздар.

 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

RAHAT FEST 2025: рахат пен қуатқа толы фестиваль!

Келесі жаңалық

Қазақстандық студенттер Қытайда өткен Huawei ICT Competition 2024–2025 халықаралық финалында үш жүлделі орынға ие болды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ
Категориясыз

AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ

16 июня, 2026
«Қазақмыс» Ұлытау облысында геологиялық барлау жұмыстарын екі есеге ұлғайтуда
Категориясыз

«Қазақмыс» Ұлытау облысында геологиялық барлау жұмыстарын екі есеге ұлғайтуда

16 июня, 2026
Франк Жаффе авиация саласының тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін SITA Global Services командасын басқарады
Категориясыз

Франк Жаффе авиация саласының тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін SITA Global Services командасын басқарады

16 июня, 2026
Жаңа адамдар Әділет партиясының II съезінде: жасампаз күштердің бірігуі
Категориясыз

Жаңа адамдар Әділет партиясының II съезінде: жасампаз күштердің бірігуі

16 июня, 2026
Алматыда New Vision Forum 2026 аясында 30 елден келген 4000 кәсіпкер бас қосты
Категориясыз

Алматыда New Vision Forum 2026 аясында 30 елден келген 4000 кәсіпкер бас қосты

15 июня, 2026
Visa зерттеуі: қазақстандықтардың 72%-ы сатып алу кезінде жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін пайдаланады, алайда төлем жасау кезінде сенім негізгі фактор болып қала береді
Категориясыз

Visa зерттеуі: қазақстандықтардың 72%-ы сатып алу кезінде жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін пайдаланады, алайда төлем жасау кезінде сенім негізгі фактор болып қала береді

15 июня, 2026
Келесі жаңалық
Қазақстандық студенттер Қытайда өткен Huawei ICT Competition 2024–2025 халықаралық финалында үш жүлделі орынға ие болды

Қазақстандық студенттер Қытайда өткен Huawei ICT Competition 2024–2025 халықаралық финалында үш жүлделі орынға ие болды

Ыстықтан қалай сақтанған дұрыс: Алматы №36 қалалық емхананың дәрігері Қарлығаш Қалиеваның кеңестері

Ыстықтан қалай сақтанған дұрыс: Алматы №36 қалалық емхананың дәрігері Қарлығаш Қалиеваның кеңестері

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

ОТАНДЫҚ ӘЙЕЛ-ҒАЛЫМДАРҒА АРНАЛҒАН  АКАДЕМИК Н.БАЗАНОВА АТЫНДАҒЫ  МАРАПАТ  САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ТАБЫСТАЛДЫ

ОТАНДЫҚ ӘЙЕЛ-ҒАЛЫМДАРҒА АРНАЛҒАН АКАДЕМИК Н.БАЗАНОВА АТЫНДАҒЫ МАРАПАТ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ТАБЫСТАЛДЫ

6 марта, 2026
Алматының ҰҚКД басшысы Нұрлан Мәжилов қамауға алынды

Алматының ҰҚКД басшысы Нұрлан Мәжилов қамауға алынды

14 марта, 2022
Доллардың қысымымен алтын арзандауда

Доллардың қысымымен алтын арзандауда

12 июля, 2022

Топ жаңалықтар

  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындарының жағалауын тазартты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ
  • «Қазақмыс» Ұлытау облысында геологиялық барлау жұмыстарын екі есеге ұлғайтуда
  • Франк Жаффе авиация саласының тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін SITA Global Services командасын басқарады

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.