Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Жасөспірімдер зорлық-зомбылыққа қарсы: қазақстандық қыздар «жоқ» деп айтуға үйренуде

admin by admin
26 мая, 2025
Жасөспірімдер зорлық-зомбылыққа қарсы: қазақстандық қыздар «жоқ» деп айтуға үйренуде

Биыл Қазақстанның жасөспірім қыздарын қолдауға бағытталған шабыттандыратын білім беру жобасы іске қосылды.

Байланысты

Агроөнеркәсіп кешені: Тұрақты даму және азық-түлік қауіпсіздігі

Қызылорда жол ашып берді: UN-Habitat қолдауымен өткен Қазақстанның алғашқы Ұлттық Урбан форумына әлемнің түрлі елдерінен сарапшылар жиналды

Comic Con Astana-2025 фестиваліне екі күн ішінде 29 000-ға жуық адам қатысты

Eraz Community — бұл Сингапурда тұратын, этникалық қазақ, 15 жастағы қыздың бастамасымен құрылған жоба. Оның мақсаты — өзіне сенгісі келетін, қабілеттерін дамытып, армандарын кәсіби мақсаттарға айналдырғысы келетін қыздардың қауымдастығын қалыптастыру. Жоба алдын алу шараларына басымдық береді: ол жасөспірім қыздарға сенімді болуға, күрделі жағдайларда бағдар табуға және өмірін өз құндылықтары мен ішкі сеніміне сүйене отырып құруға көмектеседі. Ең бастысы — қыздар зорлық-зомбылыққа, стереотиптерге және таңылған шектеулерге «жоқ» деп айтуға үйренеді.

Қазақстанда балаларға, әсіресе жасөспірім қыздарға қатысты зорлық-зомбылық әлі де өзекті мәселе болып отыр. ҚР Ішкі істер министрлігінің  ҚР Ішкі істер министрлігінің деректеріне сәйкес, 2024 жылы кәмелетке толмағандарға қатысты 225 зорлық-зомбылық оқиғасы тіркелген, олардың басым көпшілігі — қыз балаларға қатысты, әсіресе жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық түрінде.

Буллинг және психологиялық қысым да қыздарға ерекше әсер етеді. ЮНИСЕФ-тің есебіне сәйкес, қыздар сырт келбетіне, гендерлік стереотиптерге байланысты қорлауға және әлеуметтік оқшаулауға жиі ұшырайды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, мектеп оқушыларының шамамен 20%-ы буллингке тап болады, ал қыздар көбінесе қатарластарының, кейде тіпті мұғалімдердің тарапынан ауызша және психологиялық зорлыққа ұшырайды. 11–15 жас аралығындағы жасөспірімдер ең осал топқа жатады — олар аптасына 2–3 рет буллингке ұшырайды.

Физикалық және жыныстық зорлық-зомбылықтан бөлек, психологиялық қысым да кең таралған. Агрессия көбінесе отбасы ішінде басталады: ЮНИСЕФ зерттеуі көрсеткендей, Қазақстандағы ата-аналардың 31%-ы әлі де балаларға дене жазасын қолданады, ал 72%-ы тәрбиелеу барысында психологиялық зорлық әдістерін пайдаланады. Мұндай орта қыз балалардың санасында зорлық — қалыпты жағдай деген қауіпті түсінік қалыптастырады. Сарапшылар қыздармен ерте, олар қатыгездікке ұшырамай тұрып жұмыс істеудің маңызын атап көрсетеді. Ерте жастан бастап білім беру, қолдау көрсету және өз-өзіне сенімділікті дамыту — қыздарды үнсіз құрбанға айналудан сақтайтын маңызды тетік. Жасөспірімдер өз құқықтарын неғұрлым ерте танып, жеке шекарасын қорғай білсе, олар зорлықшыл ортадан тәуелді жағдайға түсу қаупінен соғұрлым алшақ болады.

Eraz Community жобасы білім мен менторлық арқылы шешім ұсынады. Бұл — Қазақстандағы 14–16 жас аралығындағы қыздарға арналған тегін екі айлық онлайн-курс. Курстың мақсаты — қыздарды өмірдің кез келген сынағына дайын етіп, мықты өмірлік ұстаным мен сапалы білім арқылы ішкі тұрақтылыққа қол жеткізу. Бағдарламада өзін тану, мақсат қою, көшбасшылық қасиеттерді дамыту, кәсіби бағдарлау, эмоционалдық және әлеуметтік интеллектті жетілдіру секілді модульдер қамтылған. Әр апта сайын қатысушылар жаңа модульден өтеді, ал демалыс күндері жобаның негізін қалаушымен онлайн-дискуссиялық сессияларға қатысады. Қазіргі таңда бұл курсты 17 жасөспірім қыз аяқтады, ал 2025 жылдың қыркүйегіне дейін 40 қыз қамтылатын тағы 2 лег өткізу жоспарланып отыр.

Қыздардың өзін дербес сезініп, шешім қабылдай білуі ерекше назарда. Бұл — олардың сыни ойлау қабілетін дамытып, патриархалдық көзқарастардың, діннің және отарлық өткеннің қысымынан тыс қалыптасуына мүмкіндік береді.
«Біз бірде-бір қыз бала зорлық-зомбылықты қалыпты құбылыс деп қабылдамай өскенін қалаймыз. Eraz Community жобасының қатысушылары өз құнын түсінеді, эмоционалдық тұрақтылыққа үйренеді және зорлық пен әділетсіздікке “жоқ” деп нық айтуға дағдыланады», — дейді жобаның негізін қалаушы Жамиля Тахер. «Біздің мақсатымыз — өзін сенімді ұстайтын, қорқыныш пен тәуелділіктен ада өмір сүре алатын қыздар ұрпағын тәрбиелеу және оларды ортақ құндылықтар біріктіретін қауымдастыққа топтастыру».

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Менторлық — Eraz Community тәсілінің негізгі элементі. Қыздармен шетелде және Қазақстанда білім беру, кәсіпкерлік, қаржы, консалтинг, медицина, экономика және әлеуметтік қорғау салаларында табысты еңбек етіп жүрген қазақстандық әйелдер жұмыс істейді. Олар өз тәжірибесімен бөлісіп, қатысушыларға әлеуетін ашуға, кәсіби жолда бағдар табуға көмектеседі. Менторлар тек білім беріп қана қоймай, қыздарға шабыт, мотивация және өз күшіне сенім дарытады. Топтық сессиялар өткізіп, жеке және кәсіби даму үшін қажетті ресурстар мен ұсыныстар ұсынады.

Курс соңында қатысушылар өздерінің мықты тұстарын жақсырақ түсінеді, шешім қабылдауға, мансапты жоспарлауға және жеке шекара орнатуға үйренеді. Қыздар тіл үйренуге, мүмкіндіктерді іздеуге және армандаудан қорықпауға ынталанады. Ең белсенді қатысушыларға арнайы мүмкіндік беріледі — 2025 жылдың соңында Сингапурда өтетін бір апталық кәсіби бағдар беру лагеріне жолдама. Бұл бағдарлама аясында қазақстандық оқушы қыздар Жамиляның Сингапурдағы өнер мектебіндегі сыныптастарымен кездесіп, елдің жетекші университеттеріне барып, табысты әйелдермен тілдесіп, болашаққа деген көзқарасын кеңейтеді.

Жобаның түпкі мақсаты — қорқыныш пен тәуелділіктен ада өмір сүре алатын, зорлық-зомбылыққа «жоқ» дейтін және бір-бірін қолдайтын, шабыттандыратын ортада өмір сүретін қыздар буынын қалыптастыру.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

ADTribune-2025: жарнама-медиалық конференцияның басты тақырыптары

Келесі жаңалық

Ішкі туризм қарқын алуда: қазақстандықтар қайда демалады

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Агроөнеркәсіп кешені: Тұрақты даму және азық-түлік қауіпсіздігі
Категориясыз

Агроөнеркәсіп кешені: Тұрақты даму және азық-түлік қауіпсіздігі

13 июля, 2025
Қызылорда жол ашып берді: UN-Habitat қолдауымен өткен Қазақстанның алғашқы Ұлттық Урбан форумына  әлемнің түрлі елдерінен сарапшылар жиналды
Категориясыз

Қызылорда жол ашып берді: UN-Habitat қолдауымен өткен Қазақстанның алғашқы Ұлттық Урбан форумына әлемнің түрлі елдерінен сарапшылар жиналды

12 июля, 2025
Comic Con Astana-2025 фестиваліне екі күн ішінде 29 000-ға жуық адам қатысты
Категориясыз

Comic Con Astana-2025 фестиваліне екі күн ішінде 29 000-ға жуық адам қатысты

11 июля, 2025
32 градус ыстық: қазақстандықтар табиғат аясындағы демалыс үшін нені іздейді
Категориясыз

32 градус ыстық: қазақстандықтар табиғат аясындағы демалыс үшін нені іздейді

11 июля, 2025
«Global Banking & Finance Review»: Қазақстан өмір сүру деңгейін көтеріп келеді
Категориясыз

«Global Banking & Finance Review»: Қазақстан өмір сүру деңгейін көтеріп келеді

11 июля, 2025
Категориясыз

Бухгалтерлік баланс, пайда мен залал туралы есеп «Сентрас Иншуранс «СК» АҚ 01.07.2025 жыл жағдайына

11 июля, 2025
Келесі жаңалық
Ішкі туризм қарқын алуда: қазақстандықтар қайда демалады

Ішкі туризм қарқын алуда: қазақстандықтар қайда демалады

RAHAT FEST 2025: рахат пен қуатқа толы фестиваль!

RAHAT FEST 2025: рахат пен қуатқа толы фестиваль!

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Қазақстанда балаларға арналған SIM карта енгізілмек

Қазақстанда балаларға арналған SIM карта енгізілмек

28 октября, 2020
Ақмола тұрғыны YouTube-тағы жарнамаға сеніп, ақшасынан айрылып қалған

Ақмола тұрғыны YouTube-тағы жарнамаға сеніп, ақшасынан айрылып қалған

9 октября, 2023
Алматыда Qazaqstan IGF 2024 интернетті басқару  жөніндегі екінші ұлттық форум өтуде

Алматыда Qazaqstan IGF 2024 интернетті басқару жөніндегі екінші ұлттық форум өтуде

16 октября, 2024

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Қазақстанда алғаш рет жетекші қытай өндірушісінің соңғы буын инновациялық өздігінен ашылатын клапанның имплантациясы жасалды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қала болашағы — өңірлерден басталады». Қазақстан Ұлттық Урбан Форум – 2025

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Air Astana World Airline Awards 2025 көрмесінде аймақтың үздік әуе компаниясы атанды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда алиментке өтініш беру нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Агроөнеркәсіп кешені: Тұрақты даму және азық-түлік қауіпсіздігі
  • Қызылорда жол ашып берді: UN-Habitat қолдауымен өткен Қазақстанның алғашқы Ұлттық Урбан форумына әлемнің түрлі елдерінен сарапшылар жиналды
  • Comic Con Astana-2025 фестиваліне екі күн ішінде 29 000-ға жуық адам қатысты

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.