Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Басты

Huawei компаниясы Таяу Шығыс пен Орталық Азиядағы жасанды интеллектті дамыту үшін F5G-A оптикалық байланыс шешімдерін ұсынды

admin by admin
23 мая, 2025
Huawei компаниясы Таяу Шығыс пен Орталық Азиядағы жасанды интеллектті дамыту үшін F5G-A оптикалық байланыс шешімдерін ұсынды

2025 жылғы Global Optical Summit жаһандық саммитінде оптикалық байланыс пен сенсорлық технологиялардың цифрлық трансформацияның келесі толқынына негіз болатын шешуші рөлі талқыланды.

Байланысты

«Әділет» партиясы съезінің делегаттары «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады

«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының жаңа төрайымы болып сайланды

2025 жылдың 20 мамырында Ташкент қаласында өткен Global Optical Summit 2025 саммитінде Huawei компаниясы Таяу Шығыс пен Орталық Азия аймақтарына арналған бесінші буындағы тұрақты байланыс шешімдері — F5G-A технологияларын таныстырды. Бұл қадам — аталған өңірлердегі салаларға жасанды интеллект (ЖИ) мүмкіндіктерін енгізу жолындағы маңызды кезең болып отыр.

Саммит 250-ден астам сала көшбасшыларын, техникалық сарапшылар мен серіктестерді біріктіріп, оптикалық байланыс пен сенсорлық технологиялардың цифрлық трансформацияның тірек инфрақұрылымына айналып келе жатқанын көрсетті.

Саммиттің ашылуында сөз сөйлеген Өзбекстан Республикасы Цифрлық технологиялар министрінің бірінші орынбасары Олег Пекось соңғы жылдары елде «Цифрлық Өзбекстан – 2030» стратегиясы табысты жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Бұл стратегия цифрлық инфрақұрылымды, қызметтер мен құзыреттерді жүйелі дамытуға бағытталған. Негізгі мақсат — цифрлық экономиканың ЖІӨ-дегі үлесін 2023 жылғы 8,7%-дан 2030 жылы 30%-ға дейін арттыру, ал бұл өзгерістің өзегінде — оптикалық желілер жатыр. «Біз талшықты-оптикалық инфрақұрылымды тек цифрлық экономиканың ғана емес, жасанды интеллект экожүйесінің де іргетасы ретінде қарастырамыз. Технологиялық даму ашық әрі терең халықаралық ынтымақтастықсыз мүмкін емес. Біз инвестицияға, білім алмасуға, бірлескен ғылыми жобалар мен технологиялық серіктестікке ашықпыз. Tech Carnival және Global Optical Summit сияқты ауқымды шаралар — соның жарқын дәлелі», — деді ол.

Өзбекстан Республикасы Цифрлық технологиялар министрінің бірінші орынбасары Олег Пекось
Huawei Enterprise компаниясының Оптикалық шешімдер бөлімінің президенті Перри Ян саммиттегі баяндамасында «Оптикасыз – ЖИ жоқ: Толық оптикалық желілер – инклюзивті жасанды интеллекттің негізі» тақырыбын көтеріп, оптикалық байланыс пен оптикалық зондтау салалардың интеллектуалды жаңғыруына ықпал ететін стратегиялық инфрақұрылымға айналғанын атап өтті. «Жасанды интеллект кең және терең қолданылып жатқан қазіргі кезеңде оптикалық байланыс технологиялары деректерді өңдеу орталықтарынан бастап әрбір сенсорлық құрылғыға дейін, барлық салалық және кампус желілеріне таралады. Бұл — есептеу қуатын күшейтудің, үдетудің және талшықты оптика негізінде есептеу құрудың жолы. Осылайша ЖИ түрлі салалардың дамуына үлес қосатын болады», — деді ол.

Huawei Enterprise оптикалық шешімдер бөлімінің Президенті Перри Ян

F5G-A шешімдер пакеті — бұл кәсіпорындардың кең көлемдегі қажеттіліктерін қамтитын кешенді оптикалық инфрақұрылым шешімі. Ол жасанды интеллект жүктемелері үшін ультра төмен кідірісті байланысты қажет ететін деректер орталықтарынан бастап, тұрақты байланыс қажет етілетін ақылды кампустарға, сенімді цифрлық инфрақұрылым талап етілетін өнеркәсіптік желілерден бастап, дәл мониторингке негізделген периметрлік қауіпсіздік жүйелеріне дейінгі кең ауқымды қамтиды.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Huawei компаниясының Таяу Шығыс пен Орталық Азиядағы АКТ-шешімдері бойынша маркетинг және сату жөніндегі вице-президенті Чарльз Шен Huawei-дің аймақтағы көпжылдық тәжірибесіне тоқталып, былай деді: «Біз Таяу Шығыс пен Орталық Азиядағы серіктестермен тығыз ынтымақтастықта болып, озық оптикалық технологияларды енгіздік. Енді біз жаңа кезеңге қадам басып келеміз — мұнда оптикалық және ЖИ технологияларының тоғысуы аймақтың интеллектуалды болашағын қалыптастыратын ақылды әрі дараланған шешімдерді жасауға мүмкіндік береді».

Таяу Шығыс пен Орталық Азиядағы Huawei АКТ шешімдерінің маркетингі және сату бөлімінің Вице-президенті Чарльз Шен

Fiber Connect Council MENA ұйымының бас директоры Хулуд Алдоргам өз сөзінде оптикалық желілердің цифрлық экономиканың дамуына негізгі қозғаушы күшке айналғанын айтты. Бұл технологиялар тұрғын үй секторынан бастап, корпоративтік кампустар мен бизнес-трансформациялардың іргетасына дейін кеңінен қолданылып келеді.

Саммит аясында бұл технологиялардың нақты қолданылу мысалдары да көрсетілді.

БАӘ-нің Azizi Developments компаниясы толық оптикалық инфрақұрылымның олардың қонақүйлер мен кампустардағы жұмысын қалай өзгерткенін көрсетті.

Саммиттің жабылу рәсімінде Huawei Global Optical Summit аясында OptiX Club клубының үздік қатысушылары марапатталды. Бұл марапат — бүкіл аймақтағы оптикалық сала мен интеллектуалды салалық шешімдердің дамуына айрықша үлес қосқан серіктестерге берілді.

Таяу Шығыс пен Орталық Азиядағы салалар цифрлық трансформация жолында алға жылжи отырып, Huawei F5G-A шешімдері — инфрақұрылымға жасалатын аса маңызды инвестиция ретінде қарастырылуда. Бұл инвестициялар жасанды интеллекттің түрлі салалардағы толық әлеуетін іске асыруға жол ашады. Ташкенттен берілген басты хабар айқын: Жасанды интеллект болашағы — заманауи оптикалық желілердің негізінде жатыр. Ал бұл болашақ дәл бүгін қалыптасуда.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Астаналық отбасы жай ғана картамен сатып алу ақысын төлеп, Дубайға саяхат ұтып алды

Келесі жаңалық

Астанада алғашқы рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық форум-көрмесі өтеді

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы съезінің делегаттары «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
Басты

«Әділет» партиясы съезінің делегаттары «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады

14 июня, 2026
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Категориясыз

«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады

14 июня, 2026
Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының жаңа төрайымы болып сайланды
Басты

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының жаңа төрайымы болып сайланды

13 июня, 2026
Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының басшылығын ауыстыруды ұсынды
Басты

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының басшылығын ауыстыруды ұсынды

13 июня, 2026
Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді
Категориясыз

Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

12 июня, 2026
Назгүл Жұмағұлова  Тәуекелі тастай кәсіпкер
Категориясыз

Назгүл Жұмағұлова Тәуекелі тастай кәсіпкер

12 июня, 2026
Келесі жаңалық
Астанада алғашқы рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық форум-көрмесі өтеді

Астанада алғашқы рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық форум-көрмесі өтеді

FlyArystan Heart Center Foundation қорымен серіктестік аясында Ақтауда өткен кардиохирургиялық оқыту шараларын қолдады

FlyArystan Heart Center Foundation қорымен серіктестік аясында Ақтауда өткен кардиохирургиялық оқыту шараларын қолдады

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Алматыда шала туған сәбилердің жүздеген ата-анасы дәрігерлерге алғыс айтты

Алматыда шала туған сәбилердің жүздеген ата-анасы дәрігерлерге алғыс айтты

17 ноября, 2022
2022 жылы қазақстандықтар арасында фриланс қолданысы 142%-ке өсті

2022 жылы қазақстандықтар арасында фриланс қолданысы 142%-ке өсті

2 февраля, 2023
Ақтөбе «сары» аймаққа кіріп, өңірде карантин шаралары күшейтілді

Ералы Тоғжанов: Елде локдаун енгізу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ

24 июня, 2021

Топ жаңалықтар

  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындарының жағалауын тазартты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • «Әділет» партиясы съезінің делегаттары «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
  • «Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
  • Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының жаңа төрайымы болып сайланды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.