---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/05/23/%d2%9baza%d2%9bstanny%d2%a3-bioaluant%d2%afrliligi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстанның биоалуантүрлілігі

![Қазақстанның биоалуантүрлілігі](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/05/ad779953460f8eb56a56d04b1053600d_1280x720.jpg)

**Қазақстан бірегей табиғи мұра және биоәртүрлілікке бай елдердің бірі болып саналады.**

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар еліміздің 10% — дан астамын алып жатыр. Олардың жалпы ауданы — 29,3 млн га.

Республикада омыртқалы жануарлардың 835 түрі, оның ішінде сүтқоректілердің-178 түрі, құстардың — 489, бауырымен жорғалаушылардың — 49, қосмекенділердің – 12 түрі кездеседі.

Айта кету керек, омыртқалы жануарлардың 132 түрі мен кіші түрлері сирек және жойылып кету қаупі бар.

Қазіргі таңда сирек кездесетін тұяқты жануарлар — тоғай бұғысы, құлан, арқар және қарақұйрық санының жыл сайын артуы байқалады.

Сондай-ақ, киіктерді қорғау жөніндегі жүйелі шаралардың арқасында, олардың санын 2003 жылы 21 мыңнан 2024 жылы 2 млн.800 мыңға дейін көбейді. Бұл жануардың әлемдік популяциясының 98% — ы біздің елімізде шоғырланған.

Жабайы жануарларды реинтродукциялау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Осылайша, Нидерландыдан Іле-Балқаш резеваратының аумағына 2 Амур жолбарысы әкелінді,  мұнда тұяқтылардың санын көбейту жұмыстары да жүргізілген.

Сондай – ақ, өткен жылдың маусым айында Чехия мен Германиядан 7 бас Пржевальский-керқұлан, кертағы жылқысы жерсіндірілді, олар бейімделу кезеңінде «Алтын Дала» резерватының аумағындағы арнайы вольерге орналастырылды. Ағымдағы жылы оларды табиғи мекендеу ортасына шығару және жаңа партияны қайта жерсіндіру жоспарлануда.

Сонымен қатар, Қазақстанда 6000-нан астам өсімдік түрі кездеседі,  оның 387-сі Қызыл кітапқа енгізілген.

Биоәртүрлілікті сақтау — бұл ортақ жауапкершілік және тұрақты болашаққа қадам. Оған табиғатты қорғау, ресурстарды ұтымды пайдалану және экологиялық бастамаларды қолдау арқылы әркім өз үлесін қоса алады.

---

Жарияланды: 2025-05-23T13:24:20+06:00

Жаңартылды: 2025-05-23T13:24:20+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/05/23/%d2%9baza%d2%9bstanny%d2%a3-bioaluant%d2%afrliligi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.