Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Астанада ислам қаржысы мен бизнесі форумы өтті

admin by admin
20 мая, 2025
Астанада ислам қаржысы мен бизнесі форумы өтті

2025 жылғы 19 мамырда Астана халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) Islamic Finance and Business Forum атты ислам экономикасының дамуына, орнықты бизнеске және өңіраралық кәсіби диалогқа арналған ауқымды іс-шара өтті. Форум мемлекеттік органдар, ислам банктері, халықаралық ұйымдар, қаржылық-техникалық стартаптар, сондай-ақ өңірдегі әйел-көшбасшыларды бір алаңға біріктірді. Жалпы форумға 200-ден астам адам қатысты.

Байланысты

Агроөнеркәсіп кешені: Тұрақты даму және азық-түлік қауіпсіздігі

Қызылорда жол ашып берді: UN-Habitat қолдауымен өткен Қазақстанның алғашқы Ұлттық Урбан форумына әлемнің түрлі елдерінен сарапшылар жиналды

Comic Con Astana-2025 фестиваліне екі күн ішінде 29 000-ға жуық адам қатысты

Форумды Қазақстанның Ислам қаржысы және бизнес қауымдастығы (AIFB) мен TIDAM коммуникациялық агенттігі АХҚО қолдауымен ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі серіктестері — Zaman Bank, Al Safi Bank, ITS және Alif (Өзбекстан) — форумның диалог және өңірдегі исламдық қаржы шешімдерін ілгерілету алаңы ретіндегі маңызын арттыруға зор үлес қосты.

Форумға қатысушылардың қатарында мемлекеттік мекемелерден бастап технологиялық компанияларға дейін әртүрлі секторлардың өкілдері болды. Атап айтқанда, Ресей Банкі Бухгалтерлік есеп пен есептілікті реттеу департаментінің директоры Мария Волошина; ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы комитетінің төрайымы Татьяна Савельева; Al Safi Bank бас директоры Мирлан Таймурзаев; «Заман-Банк» АҚ басқарма төрайымы Гүлфайруз Асаева; Ajr Finance қаржылық-техникалық стартапының негізін қалаушы Тимур Мұхтаров; Muslim United SuperApp бас директоры Самат Нұржанұлы; халықаралық сарапшы доктор Хумаюн Дар, Cambridge IFA директоры және ислам қаржысы, мемлекеттік саясат пен орнықты даму саласындағы басқа да танымал сарапшылар қатысты.

Форумның алғашқы сессиясы өңір мен әлемдегі ислам қаржысының болашағына арналды. Спикерлер ислам банкингін енгізу тәжірибелерімен бөлісіп, халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Пікірталастан кейін ислам қаржысы, орнықты бизнес және халықаралық серіктестік салаларында жұмыс істейтін негізгі ұйымдар арасында төрт стратегиялық меморандумға қол қойылды. Атап айтқанда, АХҚО Әкімшілігі мен Silk Way Alem (Нигерия – Қазақстан) арасындағы ислам қаржыландыруды дамыту, өңірлер арасындағы диалогты қолдау және Нигерия институттарын АХҚО экожүйесіне тарту жөніндегі келісім жасалды. Сонымен қатар AIFB мен Қазақстан Ислам құрылысшылар қауымдастығы, AIFB мен Compliance Hub, ITS пен «Зекет» қайырымдылық қоры арасында меморандумдар бекітілді. Бұл келісімдер құрылыс саласына халал стандарттарын енгізуден бастап комплаенс-мәдениетті дамыту және бірлескен сараптамалық алмасуға дейінгі кең ауқымды мәселелерді қамтиды. Қол қойылған құжаттар ынтымақтастықты кеңейтуге, бірлескен жобаларды іске қосуға және ислам секторындағы ашықтықты арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Форум бағдарламасында әйелдердің ислам экономикасындағы орнына ерекше мән берілді. Форумның екінші сессиясында Орталық Азия мен Ресей елдерінен келген әйел-сарапшылар өз тәжірибелерін ортаға салып, кәсіби кедергілерді еңсеру жолындағы жеке оқиғаларымен бөлісті. Бұл тақырыпты жалғастырған халықаралық WOMANi марапаттау рәсімі Қазақстанда алғаш рет өтті. Салтанатты рәсім аясында ТМД мен Орталық Азия елдерінен шыққан көрнекті әйелдер марапатталды.

Форум қорытындыларына пікір білдірген Қазақстан Ислам қаржысы және бизнес қауымдастығының төрайымы Мадина Тукулова: «Біз өңірде ислам қаржысының қарқынды дамуын бақылап отырмыз. Бұл форум кәсіби диалог алаңы ғана емес, сонымен қатар жаңа бірлескен шешімдерге бастама болатын маңызды платформаға айналды. Қол қойылған меморандумдар мен әйел-көшбасшылардың белсенді қатысуы өңірімізде ислам экономикасы жаңа сапалық деңгейге көтерілгенін көрсетті», — деп атап өтті.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Келесі сессияларда қатысушылар халал-сектордағы өнімдерді ілгерілету стратегияларын және исламдық қаржылық технологиялардың әлеуетін талқылады. Жас технологиялық компания өкілдерінің баяндамалары ерекше қызығушылық тудырды. Олар инновациялар исламдық қаржы құралдарына қолжетімділікті кеңейтіп, орнықты дамуға қалай ықпал ететінін көрсетті.

Қатысушылар атап өткендей, шариғат қағидаттарына негізделген цифрлық шешімдер тек дәстүрлі мұсылман елдерінде ғана емес, жаңа нарықтарда да сұранысқа ие. Бұл Қазақстандық әзірлемелерді сыртқы нарыққа шығаруға және исламдық стартаптардың ықпалын кеңейтуге елеулі мүмкіндіктер ашады.

TIDAM агенттігінің директоры Айнура Умаева форум туралы пікірінде былай деді:

«Біз ислам экономикасының инвестициялардан бастап өмір салтына дейін көптеген бағытты қамтып келе жатқанын көріп отырмыз. Бұл форум аталған қозғалыстың технологиялық, этикалық әрі инклюзивті болашағы бар екенін көрсетті».

Іс-шара аясында АХҚО юрисдикциясынан жақында лицензия алған компаниялар — жаңа мүшелер ретінде Қазақстан Ислам қаржысы және бизнес қауымдастығына қабылданды. Бұл қадам кәсіби қауымдастықтың өсуін және Қазақстандағы ислам экономикасы экожүйесінің кеңеюін білдіреді.

Islamic Finance and Business Forum индустрия қатысушылары арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызды кезеңіне айналып, даму бағыттарын айқындады және алдағы өзгерістерге негіз қалады. Форум өңірдегі ислам экономикасының сұранысқа ие екенін ғана емес, сонымен қатар орнықты және әртараптандырылған болашақты қалыптастыру қабілетіне ие екенін нақты көрсетті.

AIFB туралы

Қазақстан Ислам Қаржысы және Бизнесі Ассоциациясы

Астана Халықаралық Қаржы Орталығында тіркелген коммерциялық емес ұйым. Мақсаты — елімізде исламдық қаржы және бизнес қағидаттарын дамыту.

Ассоциация ислам қаржысы мен бизнесінің мамандарын, кәсіпкерлерін, ғалымдарын және басқа да мүдделі тұлғаларды біріктіреді.

madina@aifb.kz

www.aifb.kz

Tidam туралы

Tidam — стратегиялық коммуникация және бизнес-кеңес беру агенттігі. 2004 жылы Қазақстанда құрылған, бүгінде Орталық Азия, Кавказ және Парсы шығанағы елдерінде жұмыс істейді. 2006–2016 жылдары Tidam Ogilvy PR-дың Қазақстан мен Өзбекстандағы эксклюзивті серіктесі болды. 20 жылдан астам уақыт ішінде агенттік UN Women, Huawei, P&G, Mars, Nestlé, Visa және басқа да жаһандық брендтерге арналған кең ауқымды жобаларды жүзеге асырды.

Бүгінде агенттік PR, дағдарысқа қарсы коммуникация, корпоративтік мәдениет, бизнес-стратегия, ішкі коммуникация және басқарушыларға арналған оқыту қызметтерін ұсынады. Tidam-ның клиенттері — стартаптар, шағын және орта бизнес, сондай-ақ аймақта тұрақты өсуді және мықты беделді көздейтін халықаралық корпорациялар.

hello@tidam.co

www.tidam.co

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Арқалық қаласында «Өркендей бер, туған өлкем» атты патриоттық акция өтті

Келесі жаңалық

Huawei Өзбекстандағы Tech Carnival іс-шарасында Зияткерлік Әлем дамуын жеделдетуде

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Агроөнеркәсіп кешені: Тұрақты даму және азық-түлік қауіпсіздігі
Категориясыз

Агроөнеркәсіп кешені: Тұрақты даму және азық-түлік қауіпсіздігі

13 июля, 2025
Қызылорда жол ашып берді: UN-Habitat қолдауымен өткен Қазақстанның алғашқы Ұлттық Урбан форумына  әлемнің түрлі елдерінен сарапшылар жиналды
Категориясыз

Қызылорда жол ашып берді: UN-Habitat қолдауымен өткен Қазақстанның алғашқы Ұлттық Урбан форумына әлемнің түрлі елдерінен сарапшылар жиналды

12 июля, 2025
Comic Con Astana-2025 фестиваліне екі күн ішінде 29 000-ға жуық адам қатысты
Категориясыз

Comic Con Astana-2025 фестиваліне екі күн ішінде 29 000-ға жуық адам қатысты

11 июля, 2025
32 градус ыстық: қазақстандықтар табиғат аясындағы демалыс үшін нені іздейді
Категориясыз

32 градус ыстық: қазақстандықтар табиғат аясындағы демалыс үшін нені іздейді

11 июля, 2025
«Global Banking & Finance Review»: Қазақстан өмір сүру деңгейін көтеріп келеді
Категориясыз

«Global Banking & Finance Review»: Қазақстан өмір сүру деңгейін көтеріп келеді

11 июля, 2025
Категориясыз

Бухгалтерлік баланс, пайда мен залал туралы есеп «Сентрас Иншуранс «СК» АҚ 01.07.2025 жыл жағдайына

11 июля, 2025
Келесі жаңалық
Huawei Өзбекстандағы Tech Carnival іс-шарасында Зияткерлік Әлем дамуын жеделдетуде

Huawei Өзбекстандағы Tech Carnival іс-шарасында Зияткерлік Әлем дамуын жеделдетуде

Huawei 2025 жылы Берлинде Innovation Showcase көрмесінде флагмандық тағатын құрылғыларды ұсынады

Huawei 2025 жылы Берлинде Innovation Showcase көрмесінде флагмандық тағатын құрылғыларды ұсынады

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 869 адам жұқтырған

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар бойынша жаңа деректер жарияланды

15 марта, 2021
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі утиль алымына қатысты қабылданған шешімін жариялады

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі утиль алымына қатысты қабылданған шешімін жариялады

19 июля, 2024
Қазақстанда АӘК беру кезінде адамның кедейлік деңгейі мен орташа табысы ескерілетін болады

Қазақстанда АӘК беру кезінде адамның кедейлік деңгейі мен орташа табысы ескерілетін болады

5 декабря, 2022

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Қазақстанда алғаш рет жетекші қытай өндірушісінің соңғы буын инновациялық өздігінен ашылатын клапанның имплантациясы жасалды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қала болашағы — өңірлерден басталады». Қазақстан Ұлттық Урбан Форум – 2025

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Air Astana World Airline Awards 2025 көрмесінде аймақтың үздік әуе компаниясы атанды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда алиментке өтініш беру нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Агроөнеркәсіп кешені: Тұрақты даму және азық-түлік қауіпсіздігі
  • Қызылорда жол ашып берді: UN-Habitat қолдауымен өткен Қазақстанның алғашқы Ұлттық Урбан форумына әлемнің түрлі елдерінен сарапшылар жиналды
  • Comic Con Astana-2025 фестиваліне екі күн ішінде 29 000-ға жуық адам қатысты

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.