Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Спорт

Чемпиондарды чемпиондар тәрбиелейді

admin by admin
18 мая, 2025
Чемпиондарды чемпиондар тәрбиелейді
Buy JNews
ADVERTISEMENT

Спортта ешкім күтпеген кездейсоқ жеңіс болмайды. Әр жетістіктің артында ұзақ жылғы тынымсыз еңбек, темірдей тәртіп және ең бастысы, сол чемпиондық жолдан өткен жаттықтырушы тұрады. Қазақ спортында да бұл заңдылық жұмыс істейді. Ұлттық құрама спортшыларының көптеген жеңісіне біз бұрын тұғыр сатысынан көрген мамандардың қосқан үлесі зор.

Байланысты

Астанада CISM Әлем чемпионаты басталады

Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы командалық жарыста тоғыз дүркін Олимпиада чемпионын жеңіп, әлем чемпионатында тарихи қола медаль иеленді

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

Мұның жарқын көрінісі – Елдос Сметов. Ол – дзюдодан Олимпиадада барлық медаль жиынтығын олжалаған тұңғыш қазақ палуаны. Отандасымыз Парижде – алтын, Риода – күміс, Токиода қола медаль жеңіп алды. Оның спорттағы жолы Жамбыл облысында басталды. Алғашқы бапкері – Ахмет Жұмағұлов. Кейіннен Сметовті халықаралық дәрежедегі спорт шебері және халықаралық бәсекелердің жүлдегері Ғалымжан Жылгелдиев жаттықтыра бастаған. Бүгінде Жылгелдиев әлі де Сметовпен және құраманың басқа да көшбасшыларымен жұмыс істейді. Тәжірибелі маман оларға күрес техникасын ғана емес, бойына чемпионға тән қасиетті сіңіріп келеді.

Ал Ольга Довгунның тарихы өз алдына бөлек әңгіме. Ол – нысана көздеуден Азияның бірнеше дүркін чемпионы және үш Олимпиадаға қатысқан мерген. Қазір жас спортшылармен, оның ішінде Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ислам Сәтпаев және Александра Лемен жұмыс істейді. Довгунның тәжірибесінің арқасында Ұлттық құрама тұрақты нәтиже көрсетіп, халықаралық жарыстарға жүйелі дайындық жүргізіп жатыр.

Шаңғы жарысынан да мықтап орныққан ұрпақ сабақтастығын байқауға болады. Биыл ақпан айында өткен қысқы Азия ойындарының жүлдегері Константин Борцов дәл сол Харбинде 1996 жылы өткен Азиаданың 3 дүркін жүлдегері, әкесі Владимир Борцовтың жетекшілігімен жаттығады. Сенім мен түсіністікке құрылған мұндай сабақтастық тұрақты нәтижеге қол жеткізуге жол ашады.

Фристайл-могул – Қазақстандағы ең табысты қысқы спорт түрінің бірі. Ұлттық құраманың бас бапкері Елена Круглыхина кезінде Олимпиадада сынға түскен. Оның тәжірибесі мен осы спорттағы терең білімі командаға халықаралық аренада тұрақты нәтиже көрсетуге мүмкіндік береді. Оның жетекшілігімен Юлия Галышева 2018 жылы Олимпиаданың қола жүлдегері атанса, Анастасия Городко жасөспірімдер арасында бірнеше рет әлем чемпионы атанды.

«Чемпиондарды чемпиондар тәрбиелейді» деген сөздің жаны бар. Қазақстанда бұл жай ғана әдемі сөз тіркесі емес. Еліміздің туын әлемдегі ірі жарыстарда биікте желбіретуге мүмкіндік беретін тиімді жүйе.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Өңірлік әкімдіктер жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік қызметтерді цифрлық форматта көрсетуде

Келесі жаңалық

Арқалық қаласында «Өркендей бер, туған өлкем» атты патриоттық акция өтті

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Астанада CISM Әлем чемпионаты басталады
Басты

Астанада CISM Әлем чемпионаты басталады

14 августа, 2025
Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы командалық жарыста тоғыз дүркін Олимпиада чемпионын жеңіп, әлем чемпионатында тарихи қола медаль иеленді
Спорт

Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы командалық жарыста тоғыз дүркін Олимпиада чемпионын жеңіп, әлем чемпионатында тарихи қола медаль иеленді

30 июля, 2025
Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері
Спорт

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

23 июня, 2025
БӘЙГЕДЕН ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ КУБОГЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТТІ
Спорт

БӘЙГЕДЕН ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ КУБОГЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТТІ

10 мая, 2025
«Жетісу» волейболшы қыздары Азияның клубтық Чемпиондар лигасындағы тұңғыш алтын медалін иеленді
Спорт

«Жетісу» волейболшы қыздары Азияның клубтық Чемпиондар лигасындағы тұңғыш алтын медалін иеленді

28 апреля, 2025
Елдос Сметов: Мемлекеттік қызметке бармаймын, тағы бір Олимпиадаға қатысамын
Спорт

Елдос Сметов: Мемлекеттік қызметке бармаймын, тағы бір Олимпиадаға қатысамын

25 декабря, 2024
Келесі жаңалық
Арқалық қаласында «Өркендей бер, туған өлкем» атты патриоттық акция өтті

Арқалық қаласында «Өркендей бер, туған өлкем» атты патриоттық акция өтті

Астанада ислам қаржысы мен бизнесі форумы өтті

Астанада ислам қаржысы мен бизнесі форумы өтті

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

The Psychology of Online Dating

11 июня, 2022
Прокурор Төребаев пен Шерниязовтың ұйымдасқан қылмыстық топқа қалай түскенін айтты

Прокурор Төребаев пен Шерниязовтың ұйымдасқан қылмыстық топқа қалай түскенін айтты

9 января, 2023
Ердоған мен Тоқаев телефон арқылы өзекті мәселелерді талқылады

Ердоған мен Тоқаев телефон арқылы өзекті мәселелерді талқылады

5 апреля, 2022

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Талаптарды тағайындау бойынша ҚҚС: Неліктен инкассаторлар мен салық органдары келіспейді?

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вейптердің заңсыз онлайн-саудасы: «Вейпсіз жастық шақ» әлеуметтік жобасы аясында зерттеу жүргізілді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Синквейн деген не?

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: ЦЕРЕБРАЛЬДЫ САЛ АУРУЫ ЖӘНЕ БАСҚА ДА АУРУЛАРЫ БАР ПАЦИЕНТТЕР МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ТОЛЫҚ КӨЛЕМІН АЛУДЫ ЖАЛҒАСТЫРАДЫ
  • FlyArystan Астана мен Алматыдан Солтүстік Гоаға чартерлік рейстерді іске қосады
  • Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.