---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/05/15/park-live-almaty-festivali-%d3%99rtisterdi%d2%a3-ekinshi-legin-zhariyalady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Park Live Almaty фестивалі әртістердің екінші легін жариялады

![Park Live Almaty фестивалі әртістердің екінші легін жариялады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/05/photo_2025-05-15_13-55-35.jpg)

**Park Live Almaty фестивалінің лайн-абы Brass Orchestra оркестрімен өнер көрсететін бельгиялық-канадалық продюсер Apashe және электронды музыкадағы жаңа толқынның үніне айналған Elderbrook-пен толықты. Орталық Азиядағы ең ауқымды музыкалық шара — Park Live Almaty 5–7 қыркүйек күндері Алматыдағы Бірінші мамыр тоғанында өтеді.**

Park Live Almaty биыл өнер көрсететін әртістерді таныстыруын жалғастырып жатыр: бұған дейін хабарланған Marilyn Manson, Röyksopp және Alan Walker-ға енді Apashe + Brass Orchestra және Elderbrook қосылды. Қонақтар үш күн бойы әлемдік деңгейдегі хедлайнерлерді тыңдап, серіктестер ұсынған ойын-сауық аумақтарында көңіл көтеріп, басқа да көп қызыққа куә болмақ.

**5 қыркүйек****Apashe. Live with Brass Orchestra**Оркестр, бит және музыканың нағыз кинематографы. Apashe — электронды музыканы салтанатты симфониялық шоуға айналдыратын бельгиялық-канадалық продюсер. Оның тректері Netflix сериалдарында, әйгілі брендтер жарнамасында, блокбастерлер мен видеойындарда қолданылады. Tomorrowland және Lollapalooza сахналарын өртеген. Park Live Almaty-дағы лайв — электронды музыка мен оркестр үйлесімін тыңдауға берілген таптырмас мүмкіндік.

**7 қыркүйек  

Elderbrook**

Электронды музыкадағы жаңа толқынның үніне айналған британдық әнші әрі продюсер. Оның Cola хиті әлем чарттарында көш бастап, Грэмми сыйлығын алса, Jungle, Diplo және RÜFÜS DU SOL-мен серіктестігі оның жоғары деңгейдегі музыкант екенін тағы бір дәлелдеді.

***Park Live Almaty — музыкаға ғашық мыңдаған адамды баураған мекен.***

**5-7 қыркүйек, Алматы, Бірінші мамыр тоғаны.**

**Билеттер:**[**park.live**](https://park.live/)

**Әлеуметтік желілер:**[**Instagram**](https://www.instagram.com/parklivealmaty)**|**[**Telegram**](https://t.me/parklivealmaty)**|**[**Facebook**](https://www.facebook.com/parklivealmaty/)**|**[**ВКонтакте**](https://vk.com/parklivealmaty)

 

---

Жарияланды: 2025-05-15T08:57:40+06:00

Жаңартылды: 2025-05-15T08:57:40+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/05/15/park-live-almaty-festivali-%d3%99rtisterdi%d2%a3-ekinshi-legin-zhariyalady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.