---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/05/15/%d2%9baza%d2%9bstanda-merejli-otbasy-%d2%b1ltty%d2%9b-konkursy-bastaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстанда «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы басталды

![Қазақстанда «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы басталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/05/9240352a609223ffb556cf740ef611f1_1280x720.jpeg)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жыл сайын өтетін «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.

Байқау адамгершілік қасиеттерді дәріптеп, отбасы мәртебесі мен құндылықтарын арттыруға бағытталған.

Байқауға еңбек жолында, спорт, шығармашылық, ғылым мен өнер саласында жетістіктері бар отбасылар, сондай-ақ қоғамдық қызметке белсенді араласатын отбасылар қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 15 мамырдан 15 маусымға дейін өңірлік комиссияларда қабылданады.

Байқау екі кезең бойынша өтеді. Атап айтсақ, аудандық (қалалық) кезең 15 маусымнан 30 маусымға дейін және облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен Астана) кезең 30 маусымнан 15 шілдеге дейін жалғасады.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы Қазақстанның барлық өңірінен үздік деп танылған 20 отбасыға беріледі. Конкурс лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі Астана қаласында өтеді.

Конкурс басталғаннан бері Қазақстанның барлық өңірлерінен 20 мыңнан астам отбасы қатысты. Биыл қатысуға ниет білдіргендер өз өтінімдерін өңірлік комиссияларға жібере алады.

Толық ақпарат алу үшін: +7 (7172) 74-13-47, 74-01-62.

 

**ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі**

---

Жарияланды: 2025-05-15T10:52:20+06:00

Жаңартылды: 2025-05-15T10:52:20+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/05/15/%d2%9baza%d2%9bstanda-merejli-otbasy-%d2%b1ltty%d2%9b-konkursy-bastaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.