Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Денсаулық

Сүт безі обыры жасарып барады: маммологқа уақытылы бару неге маңызды

admin by admin
13 мая, 2025
Сүт безі обыры жасарып барады: маммологқа уақытылы бару неге маңызды
Buy JNews
ADVERTISEMENT

Соңғы жылдары дәрігерлер сүт безі обырына жас әйелдер арасында шалдығу жағдайларының жиілегенін атап өтуде.
Бұрын бұл ауру 40 жастан асқан әйелдерге тән деп есептелсе, бүгінде ол жиі 25 пен 35 жас аралығындағы науқастардан анықталып отыр.
Бұл – алаңдатарлық үрдіс, ерте диагностика мен тұрақты профилактикалық тексерулердің маңыздылығын айқын көрсетеді.
Сүт безі обыры – Алматы қаласында әйелдер арасында ең жиі кездесетін онкологиялық аурулардың бірі.
2024 жылы Алматы онкологиялық орталығында скрининг бағдарламасы аясында 95 мыңға жуық әйел тексеруден өтті.
Олардың 209-ынан онкологиялық ауру анықталды, оның ішінде 47%-ы – алғашқы, ерте сатыда.
Бұл дер кезінде жүргізілген тексерудің емделу мүмкіндігін және толық айығу ықтималдығын едәуір арттыратынын көрсетеді.
Дәрігерлер ерекше атап өтеді: профилактикалық тексерулер адам өмірін сақтап қалуы мүмкін.
«Скрининг ауруды симптомдары пайда болмай тұрып анықтауға көмектеседі, бұл кезде емдеу жеңіл әрі тиімді өтеді. Қазақстанда барлық скрининг бағдарламалары мемлекеттік медициналық көмек аясында тегін жүргізіледі, оның ішінде Алматы онкологиялық орталығында да», — дейді Қалымбетова Балзия Сұбыханқызы.
Дәрігерлер әйелдерге маммологқа баруды кейінге қалдырмауға кеңес береді, себебі көбінесе аурумен күресте шешуші рөлді ерте диагностика атқарады.
Қазақстанда ұлттық скрининг 40 жастан басталғанымен, онкомаммологтар 30 жастан, ал қауіп факторлары болған жағдайда 25 жастан бастап маммологқа тұрақты тексеруден өтуге кеңес береді.
Қауіп факторларына мыналар жатады:
🔹 Жақын туыстарында сүт безі обырының болуы
🔹 Бұрынғы ота немесе сүт бездеріндегі түзілістер
🔹 BRCA1 және BRCA2 гендерінің мутациясы
Бұл жағдайларда дәрігерлер жыл сайын маммологқа көрінуді және УДЗ (ультрадыбыстық зерттеу) жасауды ұсынады.
Мамандар көп әйелдердің өзін-өзі тексеру әдісін білмейтінін, және қауіпті өзгерістерді байқамауы мүмкін екенін еске салады. Сондықтан кәсіби тексеру гинекологқа бару секілді тұрақты әдетке айналуы тиіс.
Алматыда сүт безі обыры әйелдер арасындағы онкологиялық аурулардың көшін бастап тұр. Сондықтан денсаулыққа уақытында мән беру – өмірді сақтаудың кепілі.

Байланысты

Астанада Kazakh Spine Days 2026 халықаралық білім беру курсы басталды: 100-ден астам нейрохирург жұлын нейрохирургиясының заманауи технологияларын талқылауда

Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

Жаңа адамдар дәрігердің тағайындауынсыз рецептуралық препараттардың сатылу фактісін анықтады

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Автокөлікті велосипедке алмастырайық: жолдағы қауіпсіздік апталығы басталды

Келесі жаңалық

Талдықорғанда еркін күрестен Аманжол Бұғыбаевтың жүлдесіне арналған турнир басталды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Астанада Kazakh Spine Days 2026 халықаралық білім беру курсы басталды: 100-ден астам нейрохирург жұлын нейрохирургиясының заманауи технологияларын талқылауда
Денсаулық

Астанада Kazakh Spine Days 2026 халықаралық білім беру курсы басталды: 100-ден астам нейрохирург жұлын нейрохирургиясының заманауи технологияларын талқылауда

16 мая, 2026
Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды
Денсаулық

Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

16 апреля, 2026
Жаңа адамдар дәрігердің тағайындауынсыз рецептуралық препараттардың сатылу фактісін анықтады
Денсаулық

Жаңа адамдар дәрігердің тағайындауынсыз рецептуралық препараттардың сатылу фактісін анықтады

10 апреля, 2026
ҚАЗАҚСТАН ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫ БОЙЫНША БІРІНШІ ОРЫНҒА ШЫҚТЫ, — ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ
Денсаулық

ҚАЗАҚСТАН ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫ БОЙЫНША БІРІНШІ ОРЫНҒА ШЫҚТЫ, — ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ

2 апреля, 2026
Алматыда TEER технологиясы бойынша жетекші халықаралық сарапшының қатысуымен бірегей операциялар жасалды
Денсаулық

Алматыда TEER технологиясы бойынша жетекші халықаралық сарапшының қатысуымен бірегей операциялар жасалды

2 апреля, 2026
Алматылық нейрохирургтер 6 жасар баланың өмірін сақтап қалды
Денсаулық

Алматылық нейрохирургтер 6 жасар баланың өмірін сақтап қалды

30 марта, 2026
Келесі жаңалық
Талдықорғанда еркін күрестен Аманжол Бұғыбаевтың жүлдесіне арналған турнир басталды

Талдықорғанда еркін күрестен Аманжол Бұғыбаевтың жүлдесіне арналған турнир басталды

Samsung Electronics және FURO бүкіл Қазақстан бойынша ауыл мектептерін жаңа техникамен қамтамасыз етеді

Samsung Electronics және FURO бүкіл Қазақстан бойынша ауыл мектептерін жаңа техникамен қамтамасыз етеді

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Қазақстан Ұлттар Лигасындағы жеңістерден хет-трик рәсімдей ме?

Қазақстан Ұлттар Лигасындағы жеңістерден хет-трик рәсімдей ме?

10 июня, 2022
Алматы маңында жантүршігерлік жол апаты болды

Алматы маңында жантүршігерлік жол апаты болды

18 мая, 2021
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі «Үстірт» нысанының құжаттамасын ЮНЕСКО-ға ресми түрде табыс етті

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі «Үстірт» нысанының құжаттамасын ЮНЕСКО-ға ресми түрде табыс етті

24 сентября, 2025

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Meta, TikTok, Яндекс жəне басқа да платформалармен тікелей диалог: AMDG 2026 жылғы медиялық жəне видеожарнама бойынша конференция өткізеді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс БМЗ-дағы күкірт қышқылы цехында негізгі жабдықты ауыстырып жатыр

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр
  • «Қазақмыс» басшылығы жұмысшылармен екінші кездесу өткізді
  • STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.