---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/05/12/zhetisu-oblysynda-greensteppe-ekologiyaly%d2%9b-akcziyasy-%d3%a9tti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жетісу облысында «GreenSteppe» экологиялық акциясы өтті

![Жетісу облысында «GreenSteppe» экологиялық акциясы өтті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/05/f7d2ab4ff59ac8639e7a1f802fd954fa_1280x720.jpg)

**«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Текелі қаласында жастардың қатысуымен «GreenSteppe» атты экологиялық акциясы өтті.**

Іс-шараның мақсаты — экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру және жастарды экологиялық бастамаларға белсенді түрде тарту. Бағдарлама аясында қаланың туристер жиі баратын табиғи аумақтарында қоқыс уақыт-уақытымен жиналып, негізгі демалыс орындары мен маршруттар қамтылды. Акция барысында жоспарлы түрде бірнеше аумақты тазалауды көзделген.

— Бүгін біз маңызды әрі мағыналы шарада бас қосып отырмыз. «GreenSteppe» экологиялық акциясы – бұл тек табиғатты тазарту ғана емес, сонымен қатар жастардың экологиялық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған бастама. Әрбір белсенділік – бұл Жетісудың экологиялық болашағына қосқан үлес, — Жетісу облысы Жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Арнай Рақымберліұлы.

Жыл басынан бері Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жоспарланған барлық іс-шаралар белсенді түрде өткізілуде. Жалпы сенбіліктер мен экологиялық акцияларға 17 мыңнан астам адам қатысып, 295 техника жұмылдырылды, 1 209 тонна қоқыс шығарылды, 132 саябақ пен сквер тазартылып, 17 мыңнан астам қылқанжапырақты және жапырақты ағаш көшеттері отырғызылды.

**«Jetisy jastary» КММ ұсынған мәліметтер бойынша дайындалды.**

---

Жарияланды: 2025-05-12T10:28:22+06:00

Жаңартылды: 2025-05-12T10:28:22+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/05/12/zhetisu-oblysynda-greensteppe-ekologiyaly%d2%9b-akcziyasy-%d3%a9tti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.