---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/05/12/%d2%b1ltty%d2%9b-statistika-byurosy-ortasha-zhala%d2%9by%d2%a3y%d2%a3-e%d2%a3-k%d3%a9p-%d3%a9simi-%d2%9baj-salalarda-oryn-al%d2%93anyn-habarlady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ұлттық статистика бюросы орташа жалақыңың ең көп өсімі қай салаларда орын алғанын хабарлады

![Ұлттық статистика бюросы орташа жалақыңың ең көп өсімі қай салаларда орын алғанын хабарлады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/05/677b6d402f137753530476.jpg)

**2025 жылғы I тоқсанда бағалау бойынша жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 300 307 теңгені құрады.**

Ал кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағандағы атаулы жалақының орташа мәні 2025 жылғы I тоқсанда 423 133 теңге болды, бұл былтырғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда 10,7% артық.

2024 жылғы І тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғар өсімі ақпарат және байланыс – 31,3%, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 17,3%, өнер, ойын-сауық және демалыс – 16,1% салаларында байқалды. Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде – 6,2%, білім беруде орташа айлық жалақы көлемі 6,1% өсті.

**2025 жылғы I тоқсандағы номиналды және нақты жалақы индекстері**  

![](https://stat.gov.kz/upload/images/content-img(533).png)

Өңірлік бөліністе 2024 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2025 жылдың I тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Ұлытау облысында –19,4%,  Қостанай облысында – 14,6%, Алматы қаласында – 14,2% және Павлодар облысында 13,5% тіркелді.

![](https://stat.gov.kz/upload/images/content-img(534).png)

---

Жарияланды: 2025-05-12T10:18:03+06:00

Жаңартылды: 2025-05-12T10:18:03+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/05/12/%d2%b1ltty%d2%9b-statistika-byurosy-ortasha-zhala%d2%9by%d2%a3y%d2%a3-e%d2%a3-k%d3%a9p-%d3%a9simi-%d2%9baj-salalarda-oryn-al%d2%93anyn-habarlady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.