Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Жетісу облысында Отан қорғаушыларды құттықтады

admin by admin
7 мая, 2025
Жетісу облысында Отан қорғаушыларды құттықтады

Бүгін Жетісу облысында Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шара өтті. Осы жиында Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президенттің қатысуымен өткен бас әскери шерудің тікелей эфирін жетісулықтар Талдықорғанның орталық алаңында LED экран арқылы тамашалады. Сол сияқты облыс күні 30 жас сарбазды салтанатты жағдайда әскер қатарына шығарып салды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Байланысты

01.07.2026 жылғы жағдай бойынша «Alatau City Garant » СК» АҚ бухгалтерлік балансы және кірістер мен шығыстар туралы есебі

Маусым айында Қазақстанда 168 мыңға жуық автокөлік есепке қойылды

Beeline Қазақстан Paryz Bridge тәуелсіз зерттеуінің қорытындысы бойынша «Ақпарат және байланыс» саласындағы үздік жұмыс беруші атанды

Мерекелік шараларға облыс әкімі Бейбіт Исабаев, тыл еңбеккерлері, ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері, облыстық, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, Ауған соғысының ардагерлері, Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқандар мен Семей полигонының ардагерлері және тжалпы саны 200-ге жуық адам қатысты.

Жиналған көпшілік алдында облыс әкімі Бейбіт Исабаев сөз сөйлеп, Отан қорғаушылар мерекесімен құттықтады.

— Бүгінгі 7 Мамыр – Отан қорғаушылар күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толып отыр. Біз аға ұрпақтың асқақ рухына бас иеміз. Барша майдангерлердің есімі мен ерлігі халықтың есінде мәңгі сақталады. Отан – қастерлі ұғым. Оны қорғап, тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің армия мен басқа да күштік құрылымдардың басты міндеті. Бүгін даңқты бабаларымыздың берік дәстүрін жалғастырған жас сарбаздарды салтанатты жағдайда әскер қатарына шығарып салып тұрмыз. Сарбаздардың әскери қызметіне табыс, баршаңызға мықты денсаулық, бейбіт те берекелі ғұмыр тілеймін! – деді Б. Исабаев.

Мұнан соң жас сарбаздар әскер қатарына жөнелтілді. Бұдан әрі мереке әскерилердің қойылымымен және Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концертпен жалғасты.

Осы күні Талдықорған әскери гарнизонының № 21751 әскери ұшқыштар бөлімшесінің «Жетісу барысы» ұшқыштары орталық алаңның әуе кеңістігі арқылы ұшып өтті. Атап өтсек, ұшқыштардың осы құрамы Астана қаласында өткен бас әскери шеруде де өнер көрсеткен болатын.

Мерекелік әс-шараларды тамашалағандардың ішінде Талдықорған қаласының тұрғыны Айтбек Әубәкіров те бар.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

— Мен Семей сынақ полигонының ардагерімін. Бүгінгі мерекелік шараларды көруге әскерде бірге болған бірнеше жолдасыммен бірге келдік. Астанадан тікелей эфирд арқылы берілген парад, Талдықорғандағы сахнадан көрсетілген отаншылдыққа үндейтін тамаша көріністер өте әсерлі болды. Жергілікті күштік құрылымдардың әскери дайындығына куә болдық. Өскелең ұрпақ біз көрген қиындықтарды көрмей, елімізде әрқашан бейбіт өмір болсын. Бұл мереке жастардың елжанды болып өсуіне, қажыр-қайратын шыңдауға ықпал етеді деп ойлаймын, — дейді ол.

Бүгін Орталық алаңға Талдықорғандағы Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы № 18 мектеп-лицейдің кадет сыныбының оқушылары да арнайы келген. Солардың бірі 7 «б» сынып оқушысы Аяулым Ақмолдаева:

— Кадет сыныбында оқып жүргенімді мақтан тұтамын. Біз пайдалы білім алып, физикалық дайындығымызды жақсы шыңдап жатырмыз. Маршпен жүруді, автомат құрылымын, ату дайындығын, басқа да қажетті машықтарды меңгеріп жүрміз. Алдағы уақытта болашағымды әскери саламен байланыстырғым келеді. Бүгінгі меркелік шараларда әскери бөлімдердің кәсіби өнерін көріп, өзімнің болашақ таңдауыма деген сенімім еселене түсті, — дейді ол.

Еске салсақ, Талдықорғанда Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт кешкі уақытта да жалғасады.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотосуреттерді түсірген: Жеңіс Ысқабай, Олжас Құрмашев

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

АЛМАТЫДА ШАЛ ТУҒАН СӘБИЛЕРДІ ЗАҒИПТЫҚТАН САҚТАЙТЫН ЕРЕКШЕ ОПЕРАЦИЯЛАР ЖАСАЛДЫ

Келесі жаңалық

Мәдениет және қол еңбегі: микрокредиттер Қазақстандағы ұлттық дәстүрлерді сақтауға және қолөнерді дамытуға көмектеседі

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Категориясыз

01.07.2026 жылғы жағдай бойынша «Alatau City Garant » СК» АҚ бухгалтерлік балансы және кірістер мен шығыстар туралы есебі

15 июля, 2026
Маусым айында Қазақстанда 168 мыңға жуық автокөлік есепке қойылды
Категориясыз

Маусым айында Қазақстанда 168 мыңға жуық автокөлік есепке қойылды

15 июля, 2026
Beeline Қазақстан Paryz Bridge тәуелсіз зерттеуінің қорытындысы бойынша «Ақпарат және байланыс» саласындағы үздік жұмыс беруші атанды
Категориясыз

Beeline Қазақстан Paryz Bridge тәуелсіз зерттеуінің қорытындысы бойынша «Ақпарат және байланыс» саласындағы үздік жұмыс беруші атанды

15 июля, 2026
Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде конституциялық мәртебеге ие болды
Категориясыз

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: ЖІӨ өсімі, жеке инвестициялар ағыны және отандық тауар өндірушілерді қолдау

15 июля, 2026
ҚР ОСК: Барлық сайлау учаскелері мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді болады
Категориясыз

ҚР ОСК: Барлық сайлау учаскелері мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді болады

14 июля, 2026
КІА ҒЗИ Қазақстанда жоғары технологиялық медициналық көмекті жүйелі түрде дамытуды жалғастыруда
Категориясыз

КІА ҒЗИ Қазақстанда жоғары технологиялық медициналық көмекті жүйелі түрде дамытуды жалғастыруда

14 июля, 2026
Келесі жаңалық
Мәдениет және қол еңбегі: микрокредиттер Қазақстандағы ұлттық дәстүрлерді сақтауға және қолөнерді дамытуға көмектеседі

Мәдениет және қол еңбегі: микрокредиттер Қазақстандағы ұлттық дәстүрлерді сақтауға және қолөнерді дамытуға көмектеседі

Сұрыптау, апсайклинг және экоағарту: Семейде алғашқы өңірлік экохаб пайда болады

Сұрыптау, апсайклинг және экоағарту: Семейде алғашқы өңірлік экохаб пайда болады

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Ақтөбеде студент туған қаласында мектеп оқушыларына арнап бағдарламалауды оқытуды бастады. Ол бұл жолды қалай және неліктен таңдады?

Ақтөбеде студент туған қаласында мектеп оқушыларына арнап бағдарламалауды оқытуды бастады. Ол бұл жолды қалай және неліктен таңдады?

8 апреля, 2025
Қазақстанның су қоймаларында бір аптаға жетпей 15 адам суға батып кетті

Қазақстанның су қоймаларында бір аптаға жетпей 15 адам суға батып кетті

6 июня, 2023
Риддердегі жарылыстан жарақат алған 6 адамның жағдайы қалай

Риддердегі жарылыстан жарақат алған 6 адамның жағдайы қалай

23 декабря, 2024

Топ жаңалықтар

  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • 01.07.2026 жылғы жағдай бойынша «Alatau City Garant » СК» АҚ бухгалтерлік балансы және кірістер мен шығыстар туралы есебі
  • Маусым айында Қазақстанда 168 мыңға жуық автокөлік есепке қойылды
  • Beeline Қазақстан Paryz Bridge тәуелсіз зерттеуінің қорытындысы бойынша «Ақпарат және байланыс» саласындағы үздік жұмыс беруші атанды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.