---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/05/06/shekarasyz-islam-%d2%9barzhysy-astanada-%d3%a9%d2%a3irlik-forum-%d3%a9tedi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Шекарасыз ислам қаржысы: Астанада өңірлік форум өтеді

![Шекарасыз ислам қаржысы: Астанада өңірлік форум өтеді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/05/ifbf-kaz-2-scaled.jpg)

**2025 жылғы 19 мамырда Астана халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) Islamic Finance and Business Forum атты форум өтеді. Бұл – ТМД және Орталық Азия өңіріндегі ислам экономикасы мен бизнесі саласының кәсіби мамандарына арналған маңызды іс-шара. Форумға қатысу тегін, [сілтеме](https://ifbforum.kz/#open) арқылы алдын ала тіркелу міндетті.**

Форумға кәсіпкерлер, инвесторлар, банкирлер, мемлекеттік құрылым өкілдері, исламдық финтех-стартаптар, зерттеушілер мен медиа саласының мамандарынан тұратын 200-ден астам қатысушы жиналады деп күтілуде. Қатысушылар стратегиялық сын-тегеуріндерді, тұтынушылық мінез-құлықтың трансформациясын, цифрлық технологияларды және ислам бизнесіндегі әйелдердің рөлін талқылайды.

Форум бағдарламасы панельдік пікірталастарды қамтиды. Оған ислам банктерінің, халықаралық ұйымдардың және инновациялық платформалардың өкілдері қатысады. Сонымен қатар, финтех-бастамалардың таныстырылымдары мен халал өнімдерді ілгерілетуге арналған тәжірибелік кейстер ұсынылады.

Форумның басты оқиғаларының бірі — халықаралық WOMANi марапаттау салтанаты. Бұл шара алғаш рет Қазақстанда өтпек және ТМД мен Орталық Азия елдеріндегі ислам экономикасының ең ықпалды әйелдерін марапаттауға арналады. Сондай-ақ форум барысында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылып, бірлескен бастамалар іске қосылады.

Форумды АХҚО қолдауымен Ислам қаржысы және бизнесі қауымдастығы (AIFB) мен Tidam коммуникациялық агенттігі ұйымдастырады.

Алдын ала тіркеліп <https://ifbforum.kz/#open>, ислам экономикасының болашағын қалыптастырып жатқан кәсіби қауымдастықтың бір бөлігі болыңыз!

 

---

Жарияланды: 2025-05-06T17:18:00+06:00

Жаңартылды: 2025-05-06T17:18:00+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/05/06/shekarasyz-islam-%d2%9barzhysy-astanada-%d3%a9%d2%a3irlik-forum-%d3%a9tedi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.