---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/05/06/memlekettik-orman-%d2%9boryna-2-mlrd-a%d2%93ash-otyr%d2%93yzu-turaly-a%d2%9bparat/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Мемлекеттік орман қорына 2 млрд. ағаш отырғызу туралы ақпарат

![Мемлекеттік орман қорына 2 млрд. ағаш отырғызу туралы ақпарат](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/05/799d3430c2e78889b66d68a79be0daec_1280x720.jpg)

**Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін мемлекеттік орман қоры аумағында 2 млрд. түп ағаш егу тапсырмасын берді.**

2021-2024 жылдары республика бойынша барлығы 1 млрд. 150 млн. ағаш отырғызылды.

Тапсырманың орындалу мерзімінің ұзартылуына байланысты ормандарды молықтыру және қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарлар қайта бекітілді.

Мемлекеттік орман қоры аумағында ормандарды молықтыру кезінде 1 және 2 жылдық көшеттер пайдаланылады.

Көшеттердің жасы 1-2 ж.;

биіктігі тұқымына қарай: жапырақты 10-30 см,

қылқан жапырақты ағаштарда 15-50 см.

-екпе көшеттер ормандарды қалпына келтіруде, сондай-ақ үлкен аумақтарда, материал бағасының төмендігі қажет болатын жаппай отырғызу кезінде қолданылады;

-республика бойынша барлығы 3178 га аумақта 251 орман питомнигі бар, онда қазіргі уақытта 280 млн. астам 1 және 2 жылдық көшеттер өсіріледі;

-орман заңнамасында мемлекеттік орман қорында аудандастырылмаған отырғызу материалын пайдалануға тыйым салынады.

---

Жарияланды: 2025-05-06T12:45:59+06:00

Жаңартылды: 2025-05-06T12:45:59+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/05/06/memlekettik-orman-%d2%9boryna-2-mlrd-a%d2%93ash-otyr%d2%93yzu-turaly-a%d2%9bparat/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.