Marketing & Reputation Day Astana 2025: Астанада маркетинг пен беделді басқаруға арналған конференция өтеді

Marketing & Reputation Day Astana 2025: Астанада маркетинг пен беделді басқаруға арналған конференция өтеді
Dynamic microphone against the background of convention center. Real photo.

4 маусым күні Астанада Marketing & Reputation Day Astana 2025 конференциясы өтеді. 

Шара қазіргі заманғы маркетинг, PR және репутацияны басқарудағы өзекті трендтер мен тиімді құралдарға арналады. Конференцияға түрлі сала мамандары қатысып, брендтерді ілгерілету, мықты HR-брендтер құру және онлайн беделмен жұмыс істеудің стратегияларын талқылайды.

Бағдарламада не бар?

Іс-шара барысында Қазақстан мен ТМД елдерінің жетекші маркетинг және PR мамандары сөз сөйлейді.

Талқыланатын тақырыптар қатарында:
•          Жеке бренд қалыптастыру;
•          Блогерлердің беделі;
•          Белсенді B2B-комьюнити құру;
•          Инфлюенсерлермен жұмыс істеудің жаңа тәсілдері;
•          Репутация менеджментіндегі жаңа трендтер.

Конференция спикерлері:
Sidorin Lab, Отбасы банк, Krisha.kz, INTERTOP, 2any1 және басқа компания өкілдері өз тәжірибелерімен бөліседі.

Өтетін орны:
Wyndham Garden Astana қонақ үйі
Уақыты: 10:00 – 18:00

Шара барысында қатысушылар сарапшылардың баяндамаларын тыңдап, салалық пікірталастарға қатысып, кәсіби байланыс аясын кеңейте алады.

Бағдарлама мен тіркеу формасы Sidorin Lab сайтында қолжетімді.

Фото: hse.ru