---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/05/05/%d2%9baza%d2%9bstandy%d2%9btardy%d2%a3-73-y-elimiz-d%d2%b1rys-ba%d2%93ytta-damyp-zhatyr-dep-sanajdy-degen-pikirde-%d3%99leumettanuly%d2%9b-saualnama/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстандықтардың 73%-ы еліміз дұрыс бағытта дамып жатыр деп санайды / деген пікірде – әлеуметтанулық сауалнама

![Қазақстандықтардың 73%-ы еліміз дұрыс бағытта дамып жатыр деп санайды / деген пікірде – әлеуметтанулық сауалнама](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/05/5242584382152240878-930x620-1.jpg)

**Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жүргізген сауалнама нәтижесіне сәйкес, азаматтардың 73,3 пайызы еліміз дұрыс бағытта дамып келеді деп есептейді, деп хабарлайды Qazaqpress Kisi.kz-ке сілтеме жасап.**

Мемлекеттік бастамаларды қолдаудың ең жоғары деңгейі жастар арасында –18-29 жас аралығындағы респонденттердің 82%-ы қолдаған. Бір қызығы, ерлерге (71,1%) қарағанда әйелдер елдің дамуына (75,3%) оптимистік көзқарас білдіруде.

Қоғамдық көңіл-күйдің маңызды көрсеткіші – халықтың ел Президентіне деген сенімі. Қоғамдық пікірді зерттеу нәтижесі бойынша ел халқының 76,4% Мемлекет басшысына сенім білдірді. Президентке деген сенімнің жоғары деңгейі жастар арасында – 84,6%, әйелдер арасында – 78,1% *(ерлер**де** – 74,5%)* байқалды. Ауыл және қала тұрғындарының сенім деңгейінде елеулі айырмашылық байқалмайды – тиісінше 76,8% және 76,1%.

Бұл ретте респонденттердің жартысынан астамы – 60,8% елдің алдағы бес жылдағы даму болашағын «өте дұрыс» және «едәуір дұрыс» деп бағалайды.

Бұл әлеуметтік оптимизм өмірге қанағаттану сияқты қоғамдық көңіл-күйдің көрсеткішінде де көрінеді. «Жалпы, сіз өз өміріңізге қаншалықты қанағаттанасыз?» деген сұраққа респонденттердің 57,3%-ы «толығымен қанағаттанамын» деп есептесе, 32,8%-ы «едәуір қанағаттанамын» деп жауап берген.

Сондай-ақ респонденттер елдің саясаты, экономикасы және қоғамдық өмірі туралы ақпаратты желілік БАҚ-тан (30,3%) және әлеуметтік желілерден (34,7%) алғанды жөн көретінін атап өтті.

18 жастан асқан 8 мың респондент қатысқан зерттеу 17 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қаланы қамтыды. Сауалнама 2025 жылдың 20 наурызы мен 20 сәуірі аралығында халықтың әлеуметтік-демографиялық құрылымын көрсететін іріктеу бойынша жеке сұхбаттарды (CAPI) пайдалана отырып жүргізілді.

---

Жарияланды: 2025-05-05T06:52:14+06:00

Жаңартылды: 2025-05-05T06:52:14+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/05/05/%d2%9baza%d2%9bstandy%d2%9btardy%d2%a3-73-y-elimiz-d%d2%b1rys-ba%d2%93ytta-damyp-zhatyr-dep-sanajdy-degen-pikirde-%d3%99leumettanuly%d2%9b-saualnama/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.