Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

410 АҒАШ ЖӘНЕ 9,8 ТОННА ҚАЛДЫҚ: ҚАЗАҚСТАНДА TURAQTY JOL 6.0 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

admin by admin
3 мая, 2025
410 АҒАШ ЖӘНЕ 9,8 ТОННА ҚАЛДЫҚ: ҚАЗАҚСТАНДА TURAQTY JOL 6.0 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Мамыр айының басында Қазақстанның барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларында TURAQTY JOL 6.0 Ұлттық әлеуметтік эконауқаны аясында ауқымды экологиялық акциялар легі өтті. Мемлекет Басшысы жариялаған «Таза Қазақстан» бастамасына орай елдің барлық өңірлерінде жүзеге асырылған бұл жоба аясында жаппай ағаш отырғызу және бүкілқалалық сенбіліктер ұйымдастырылды.

Байланысты

Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

Назгүл Жұмағұлова Тәуекелі тастай кәсіпкер

Қазақстанның 500 ірі компаниясы ел экономикасының жартысын қалыптастырып отыр

Табиғатты аялауға бейжай қарамайтын 4000-ға жуық адам қала көгалдандыруына өз үлесін қосып қана қоймай, таза әрі салауатты орта үшін жалпыреспубликалық қозғалыстың белсенді қатысушыларына айналды. Іс-шаралар халықтың экологиялық санасын арттыруға және жастарды тұрақты даму жобаларына белсенді тартуға бағытталған.

ЦентрКредит Банкінің Тұрақты даму жөніндегі (ESG) директоры Арнур Ибраевтің айтуынша: «TURAQTY JOL — жай ғана экологиялық акция емес, бұл – қоршаған орта мен табиғи ресурстарға деген терең жауапкершілік сезімін қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар қоғамда тұрақты даму идеялары мен табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін кеңінен насихаттауға ықпал ететін қозғалыс. Біз, Банк ЦентрКредит ұжымы, осы бастаманың бір бөлігі болғанымызға мақтанамыз және жыл сайын отбасылар мен жастардың белсенділігінің артып келе жатқанын көріп қуанамыз. Қоғамның осындай жоғары белсенділігі бізді ерекше қуантады, өйткені қалаларымыз бен еліміздің болашағы дәл осы азаматтық белсенділікке байланысты».

TURAQTY JOL – өскелең ұрпаққа мәдени, адамгершілік және экологиялық құндылықтарды сіңіру арқылы туған жерге ұқыпты қарау көзқарасын қалыптастыруға бағытталған білім беру бастамасы. Бұл бағдарлама – Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясы тарапынан табысты өткізілген бес кезеңдік жобаның жалғасы болып табылады. Бастама бас серіктес – ЦентрКредит Банкі, ресми серіктес — Chevron компаниясы және серіктес — HP Global Trading B.V компаниясының қолдауымен жүзеге асырылуда.

Бастама Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімдігі, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы, Алматыдағы ЮНЕСКО-ның Өңірлік кеңсесі және Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен жүзеге асырылуда.

Жоба ақпараттық серіктестері – «Almaty» телеарнасы және «Amanat Media Group» холдингі.

«TURAQTY JOL 6.0 бастамасының бір бөлігі болу – бұл біздің қоршаған ортаны қорғауға және тұрақты дамуға деген адалдығымыздың айқын көрінісі. Ел көлемінде өткізілетін экологиялық науқанды қолдай отырып, біз Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі қауымдастықтарды табиғи мұрамызды сақтауға бағытталған нақты әрекеттерге шабыттандырғымыз келеді. Қазақстанның жастарымен, әріптестерімізбен және серіктестерімізбен бірге біз жасыл әрі салауатты болашақтың негізін қалаудамыз. Бұл бастама – қалаларда, елімізде және жалпы қоғамда оң өзгерістерге қол жеткізу үшін бірлескен күш-жігердің маңыздылығына деген сенімімізді білдіреді», – деді «Шеврон» компаниясының Еуразиялық бөлімшесінің корпоративтік байланыстар жөніндегі бас менеджері Еркін Зікібаев.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Іс-шара аясында ел бойынша 9,8 тонна қоқыс жиналып, 410 ағаш көшеттері отырғызылды. Пластикалық бөтелкелер, қағаз, шыны, тұрмыстық және басқа да қоқыс түрлері мұқият сұрыпталып, жергілікті компанияларға қайта өңдеуге берілді.

«Біздің компания үшін экологиялық жауапкершілік – бұл тек құндылық қана емес, корпоративтік мәдениеттің бір бөлігі. Ал “TURAQTY JOL» акциясына қатысу – біздің тұрақты дамуға жеткізетін жаһандық жолымыздың жалғасы. Бірлесе отырып, біз тек қоршаған ортаны жақсартып қана қоймай, қамқорлық, ынтымақтастық және саналы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып жатырмыз», – деп HP Inc Орталық Азияның Бас директоры Светлана Вырыпаева атап өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, 2025 жылы TURAQTY JOL 6.0 жаңартылған форматта жүзеге асырылады, оған жаңа компоненттер – Республикалық Инновациялар мен Шығармашылық Фестивалі және Экологиялық Media Camp қосылады. Бұл іс-шаралар жастардың қатысуын белсендендіруге, креативті және экологиялық ойлау қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ медиакоммуникациялар мен тұрақты даму саласындағы дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Жаңа адамдар Қостанайда алты жылдан бері жөнделіп бітпеген балалар ауруханасы үшін әділет күресін жалғастыруда

Келесі жаңалық

Түркістан облысында 134 мың гектардан астам жерде сор шаю жұмыстары аяқталды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді
Категориясыз

Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

12 июня, 2026
Назгүл Жұмағұлова  Тәуекелі тастай кәсіпкер
Категориясыз

Назгүл Жұмағұлова Тәуекелі тастай кәсіпкер

12 июня, 2026
Қазақстанның 500 ірі компаниясы ел экономикасының жартысын қалыптастырып отыр
Категориясыз

Қазақстанның 500 ірі компаниясы ел экономикасының жартысын қалыптастырып отыр

12 июня, 2026
«Таза Қазақстан»: Текеліде жыл соңына дейін 15 үйдің шатыры мен 14 үйдің қасбеті жаңартылады
Категориясыз

«Таза Қазақстан»: Текеліде жыл соңына дейін 15 үйдің шатыры мен 14 үйдің қасбеті жаңартылады

11 июня, 2026
«Қазақмыс» басшылығы Оңтүстік Жезқазған кенішінің ұжымымен ашық кездесу өткізді
Категориясыз

«Қазақмыс» басшылығы Оңтүстік Жезқазған кенішінің ұжымымен ашық кездесу өткізді

11 июня, 2026
Жетісу облысына – 4 жыл: Текеліде ең ұзын Қонаев көшесінің жөндеу жұмыстары аяқталды
Категориясыз

Жетісу облысына – 4 жыл: Текеліде ең ұзын Қонаев көшесінің жөндеу жұмыстары аяқталды

11 июня, 2026
Келесі жаңалық
Түркістан облысында 134 мың гектардан астам жерде сор шаю жұмыстары аяқталды

Түркістан облысында 134 мың гектардан астам жерде сор шаю жұмыстары аяқталды

Қазақстандықтардың 73%-ы еліміз дұрыс бағытта дамып жатыр деп санайды / деген пікірде – әлеуметтанулық сауалнама

Қазақстандықтардың 73%-ы еліміз дұрыс бағытта дамып жатыр деп санайды / деген пікірде – әлеуметтанулық сауалнама

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

How you can Ask a female If You Are Seeing Someone Else

14 июня, 2022
Астана әуежайында ұшақтардың түнде ұшып-қонуына шектеу қойылады

Астана әуежайында ұшақтардың түнде ұшып-қонуына шектеу қойылады

31 января, 2024
Парламентте отандық өндірісті қолдау үшін заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды

Парламентте отандық өндірісті қолдау үшін заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды

3 ноября, 2023

Топ жаңалықтар

  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындарының жағалауын тазартты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді
  • Назгүл Жұмағұлова Тәуекелі тастай кәсіпкер
  • Сахна сыртындағы құпиялар және аншлаг жинаған премьера: Cirque du Soleil Алматыдағы OVO гастрольдерін бастады

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.