---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/04/30/balapan-telearnasyny%d2%a3-zhelaya%d2%9b-animacziyaly%d2%9b-filmi-prokat%d2%9ba-shy%d2%93ady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Balapan» телеарнасының «Желаяқ» анимациялық фильмі прокатқа шығады

![«Balapan» телеарнасының «Желаяқ» анимациялық фильмі прокатқа шығады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/04/whatsapp-image-2025-04-30-at-18.10.19.jpeg)

**АСТАНА.** «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты **«Balapan» телеарнасы** 1 мамырдан бастап **«Желаяқ»** атты толықметрлі анимациялық фильмін еліміздің кинотеатрларында көпшілік назарына ұсынады, деп хабарлайды qazaqpress.kz.

Фантастикалық элементтерге толы туындының басты кейіпкері — ерекше қабілетке ие 6 жастағы **Әлем**. Фильмнің оқиғасы Әлемнің бойындағы айрықша күшті иемденгісі келген зұлым **Мыстанмен** күресінен бастау алады. Басты кейіпкер қоғамды зұлымдықтан қорғау жолында шынайы батырлыққа қадам басады.

> «Бұл жоба арқылы біз өмірлік құндылықтарды жеткізуді мақсат еттік. Мультфильмде жақсылық пен жамандықтың күресі, адалдық пен ізгіліктің жеңісі суреттеледі. Сондай-ақ, ғылыми фантастика элементтері балалардың ой-қиялын дамытуға ықпал етеді. Жалпы, «Желаяқ» — қазақ мифологиясының заманауи бейімделуі», — дейді жобаның шығармашылық тобы.

**«Желаяқ» фильмі** еліміздің барлық өңіріндегі кинотеатрлар желісінде **1 мамырдан бастап** көрсетіледі.

---

Жарияланды: 2025-04-30T13:28:00+06:00

Жаңартылды: 2025-04-30T13:28:00+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/04/30/balapan-telearnasyny%d2%a3-zhelaya%d2%9b-animacziyaly%d2%9b-filmi-prokat%d2%9ba-shy%d2%93ady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.