---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/04/27/kendirli-%d3%99uezhajy-%d2%9b%d2%b1rylysy-eki-auysymda-zh%d2%afzege-asyryluda/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Кендірлі әуежайы құрылысы екі ауысымда жүзеге асырылуда

![Кендірлі әуежайы құрылысы екі ауысымда жүзеге асырылуда](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/04/photo_2025-04-26_13-51-44.jpg)

**Кендірлі әуежайының құрылыс барысын көлік министрі Марат Қарабаев тексерді. Қазір құрылыс жұмыстары екі ауысымда атқарылып жатыр.**

«Мердігер мекеме жер жұмыстары мен қазаншұңқыр қазу жұмыстарын атқаруда. Құрылысқа 60 бірлік арнайы техника мен 80 маман жұмылдырылды. Кендірлі үлкен туристік әлеуетке ие. Атырау, Ақтөбе, Орал, Алматы, Астанаға бес ішкі авиарейсті, сондай-ақ көрші мемлекеттерге бірқатар халықаралық авиарейстерді ашу мәселесін пысықтап жатырмыз»,- деп атап өтті Марат Қарабаев.

Естеріңізге сала кетейік, жоба аясында 2200 метрлік ұшу-қону жолағын салу көзделген. Әуежайдың өткізу қабілеті сағатына 150 жолаушыны құрайды.

Сондай-ақ биыл Ақтау әуежайының ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстары аяқталады. Бұл ішкі және халықаралық рейстер санын көбейтуге септігін тигізбек.

---

Жарияланды: 2025-04-27T11:29:37+06:00

Жаңартылды: 2025-04-27T11:29:37+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/04/27/kendirli-%d3%99uezhajy-%d2%9b%d2%b1rylysy-eki-auysymda-zh%d2%afzege-asyryluda/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.