---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/04/25/%d2%9baza%d2%9bstan-mashina-zhasaushylaryny%d2%a3-xii-forumy-ayasynda-avtok%d3%a9lik-%d3%a9nerk%d3%99sibinde-kooperacziyany-damytu-zh%d3%a9ninde-kelisimder-zhasaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстан машина жасаушыларының XII Форумы аясында автокөлік өнеркәсібінде  кооперацияны дамыту жөнінде келісімдер жасалды

![Қазақстан машина жасаушыларының XII Форумы аясында автокөлік өнеркәсібінде  кооперацияны дамыту жөнінде келісімдер жасалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/04/den-3-152-scaled.jpg)

**Қазақстан Республикасының машина жасаушыларының XII Форумы шеңберінде қазақстандық автоөндірушілер мен автокомпоненттер өндірушілері арасындағы ынтымақтастық туралы екі меморандумға қол қойылды. Ынтымақтастық өндірістік кооперацияны тереңдетуге, локализацияны дамытуға және автокөлік өнеркәсібінде заманауи технологияларды енгізуге бағытталған.**

Меморандумдарға «Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) ұйымдастырған «Автокөлік жасау және автокомпоненттер: локализациядан экспортқа дейін» тақырыбында панельдік сессиясының қорытындысы бойынша қол қойылды. ҚАО президенті Анар Макашева аталған сессияны аша отырып саланың тұрақты дамуы үшін негізгі шарттар ретінде автокластерлер жүйесі мен компоненттік базаны дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан автоөнеркәсібінің даму үрдістерін талқылауға мемлекеттік органдардың, автокөлік пен компоненттер өндірушілері, сондай-ақ халықаралық технологиялық және ғылыми-зерттеу компаниялары қатысты.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2025/04/photo_2025-04-25_16-48-16-1024x682.jpg)

Қазақстан Республикасының Индустрия және құрылыс вице-министрі өз сөзінде автокөлік саласы тұрақты өсім көрсетіп отырғанын атап өтті: 2018 жылы 31 мың көлік өндірілсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 145 мыңға жеткен. Алдағы уақытта бұл сан 160 мыңнан асып, өсе бермек. Оның айтуынша, саланың әрі қарай дамуы тереңдетілген локализацияны арттырумен және экспортқа шығумен тікелей байланысты.

**Бірінші меморандум** – **«Almaty Autoparts Production» ЖШС** мен **«СемАЗ» ЖШС** арасында жасалды. Тараптар қазақстандық өндірістегі автокөлік орындықтарын коммерциялық техника шығаратын зауытқа жеткізуге келісті. Бұл келісім компоненттерді локализациялау мен отандық қосалқы бөлшектер өндірісін дамыту үшін негіз болмақ.

**Екінші меморандум** – **«Кайнар-АКБ» ЖШС** мен **«Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС** арасында жасалды. Келісімге сәйкес, Алматыдағы автокөлік зауытына қазақстандық аккумулятор батареяларын жеткізу көзделген. Отандық қуат көздеріне көшу өндірістік циклдің тәуелсіздігін нығайтып, маңызды компоненттер бойынша импортқа тәуелділікті азайтады.

Екі келісім де автоөнеркәсіптегі барлық тараптар үшін тиімді серіктестік алаңын ұсынған **«Қазақстанның Автокөлік Одағының» (ҚАО)** қолдауымен жүзеге асты.

ҚАО президентінің пікірінше, мұндай келісімдер – Қазақстан Республикасында толыққанды автокластерлер құруға бағытталған нақты қадам, онда отандық кәсіпорындар өндірістік тізбектерге тығыз интеграцияланып, ішкі нарықпен шектелмей, сыртқы нарықтарда да бәсекелесе алатын болады.

«*Ағымдағы және халықаралық деңгейде бірлескен жобаларды ілгерілетіп, ұзақ мерзімді серіктестік қатынастарды орнатуда, “Қазақстанның Автокөлік Одағы” барлық нарық қатысушыларына белсенді қолдау көрсетуді жалғастыра береді*», – деді **Анар МАКАШЕВА**.

 

---

Жарияланды: 2025-04-25T11:56:52+06:00

Жаңартылды: 2025-04-25T12:16:12+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/04/25/%d2%9baza%d2%9bstan-mashina-zhasaushylaryny%d2%a3-xii-forumy-ayasynda-avtok%d3%a9lik-%d3%a9nerk%d3%99sibinde-kooperacziyany-damytu-zh%d3%a9ninde-kelisimder-zhasaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.