---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/04/24/almatyda-d%d3%99mhana%d2%93a-kelgen-adam-%d2%b1sa%d2%9b-b%d2%b1za%d2%9byly%d2%9b-zhasa%d2%93any-%d2%afshin-%d2%b1staldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда дәмханаға келген адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ұсталды

![Алматыда дәмханаға келген адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/04/okolo-2-tysyach-pyanyh-voditelej-zaderzhali-na-dorogah-almaty-s.jpeg)

**Жақында қаладағы дәмханалардың бірінде оқиға орын алды: 45 жастағы ер адам мекеме қызметкерлерін балағаттауына жол берген.**

Қоғамдық тәртіпті бұзуға байланысты Алмалы аудандық полиция қызметкерлері жедел түрде құқық бұзушының жеке басын анықтады және ұстады. Ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот қаулысымен ол 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

«Кез келген жанжалды жағдай заң аясында шешілуі керек. Балағаттау, қорқыту, агрессия әділ шешімге әкелмейді, тек мәселені ушықтырады. Біз азаматтарды заң талаптарын сақтауға, келіспеушіліктер туындаған жағдайда құзырлы органдарға хабарласуға шақырамыз», — деді, Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция Басқармасының бастығы Мақсат Пшан.

Алматы полициясы, дұрыс мінез-құлық — қоғамдағы қауіпсіздік пен өзара сыйластықтың кепілі екенін еске салады.

---

Жарияланды: 2025-04-24T13:23:36+06:00

Жаңартылды: 2025-04-24T13:23:36+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/04/24/almatyda-d%d3%99mhana%d2%93a-kelgen-adam-%d2%b1sa%d2%9b-b%d2%b1za%d2%9byly%d2%9b-zhasa%d2%93any-%d2%afshin-%d2%b1staldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.