Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Қоғам

Жетісуда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «7 ÖZEN» кең ауқымды экологиялық фестивалі өтті

admin by admin
23 апреля, 2025
Жетісуда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «7 ÖZEN» кең ауқымды экологиялық фестивалі өтті

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында аумақтарды тазалау мен ағаш егу шаралары жалғасуда. Мәселен, бүгінгі экологиялық шараға халық белсене атсалысып, 5 мыңға жуық адам қатысты.  Атап айтқанда, Жетісудың жеті өзенінің жағасын тазалаған «7 ÖZEN» атты кең ауқымды экологиялық фестивалі өтті. Сол сияқты Талдықорған қаласында «EcoKeruen» акциясы ұйымдастырылып, қаланың басты көшелері тұрмыстық қатты қалдықтарды іріктеу тәсілі арқылы  қоқыстан тазартылды.

Байланысты

Алматыда супермаркет қызметкеріне агрессия танытқан әйел жауапкершілікке тартылды

Көзге көрінбесе де, әрбір адам сезінетін жұмыс: Алматының жылу желілерінің апаттық қызметі туралы

Көбірек жекелендіру: TikTok ұсыныстар арнасында контентті басқарудың жаңа функцияларын ұсынды

«7 ÖZEN» атты кең ауқымды экологиялық фестивалі өңірдің 8 аудан-қаласынан ағатын Қаратал, Көксу, Ақсу, Шажа, Сарқан, Лепсі және Бүйен өзендерінің жағалауын тазарту мақсатында өткізілді. Оған жергілікті жастар, еріктілер және тұрғындар белсенді түрде қатысты. Шара аясында өзен жағалауларын қоқыстан тазарту, экологиялық ойындар мен шеберлік сабақтары, сондай-ақ табиғатты қорғауға бағытталған ақпараттық дәрістер өткізілді. Фестивальге 600-ге жуық жас қатысып, 20 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 10 тоннаға жуық қоқыс жиналды. Бұл бастама жастардың экологиялық сана-сезімін арттырып, табиғатқа деген жанашыр көзқарас қалыптастыруға үлкен серпін берді.

«7 ÖZEN» фестиваліне қатысушыларының айтуынша, жағалауларды тазарту экожүйені сақтауға, ауыз су көздерінің ластануын болдырмауға және халық арасында экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді.

Осы күні Жетісу жастарының, экобелсенділердің ұйымдастыруымен  «EcoKeruen» акциясы өтті. Акциясының мақсаты — қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қалдықтарды сұрыптаудың маңыздылығын түсіндіру және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру.

«Jetisy jastary» КММ маманы Сейітқали Мирас: «Тазалық шараларын үйреншікті сенбілік сияқты емес, жаңа форматта өткізу жастардың қызығушылығын арттырып, оларды табиғатты қорғауға жұмыла кірісуге үндейтіні анық. Бүгінгі «EcoKeruen» акциясына 80 ерікті жас қатысып, қаланың басты көшелерімен арнайы безендірілген эко-керуен трактор және шағын вагондар жүріп өтті. Шараға қатысушалар керуеннің соңынан жүріп, маңайдағы қалдықтарды жинады. Осы арқылы жаңа буын өкілдері арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыра алатынымызға сенімдімін», — дейді.

Сонымен қатар облыс бойынша «Жүгір де тазала – экоплоггинг» және «Жасыл белдеу» акциялары өтті. «Жүгір де тазала – экоплоггинг» акциясы аясында облыс спортшылары, ерікті жастар командаларға бөлініп, белігіленген локацияларды қоқыстан тазалаумен қатар, шапшаңдық пен ұтқырлығын шыңдады. Акцияға 1 665 адам қатысып, 20 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 314 тонна қоқыс шығарылды.

Ал «Жасыл белдеу» акциясына аудан-қала тұрғындары, депутаттар, қоғам белсенділері, ерікті жастар — барлығы 2 320 адам атсалысып, 17 техника жұмылдырылды. Облыс аумағындағы саябақтарға, сверлер мен аллеяларға 3 500 түп ағаш,  67 350 гүл отырғызылды.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

 

Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының мәліметі бойынша дайындалды.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Ресейдің бірнеше өңірі «Мәңгілік полк» шеруін өткізбеу туралы шешім қабылдады.

Келесі жаңалық

AIF 2025 форумына қатысатынын растағандардың қатары беделді халықаралық спикерлермен толықты

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Алматыда супермаркет қызметкеріне агрессия танытқан әйел жауапкершілікке тартылды
Басты

Алматыда супермаркет қызметкеріне агрессия танытқан әйел жауапкершілікке тартылды

20 июня, 2026
Көзге көрінбесе де, әрбір адам сезінетін жұмыс: Алматының жылу желілерінің апаттық қызметі туралы
Қоғам

Көзге көрінбесе де, әрбір адам сезінетін жұмыс: Алматының жылу желілерінің апаттық қызметі туралы

26 июня, 2025
Көбірек жекелендіру: TikTok ұсыныстар арнасында контентті басқарудың жаңа функцияларын ұсынды
Қоғам

Көбірек жекелендіру: TikTok ұсыныстар арнасында контентті басқарудың жаңа функцияларын ұсынды

12 июня, 2025
“Кис-Кись, іздейміз!”: Қазақстанда жоғалған мысықтарды іздеу үшін әлеуметтік геолокациялық сервис іске қосылды
Қоғам

“Кис-Кись, іздейміз!”: Қазақстанда жоғалған мысықтарды іздеу үшін әлеуметтік геолокациялық сервис іске қосылды

12 июня, 2025
Жаңа адамдар Қостанайда алты жылдан бері жөнделіп бітпеген  балалар ауруханасы үшін әділет күресін жалғастыруда
Басты

Жаңа адамдар Қостанайда алты жылдан бері жөнделіп бітпеген балалар ауруханасы үшін әділет күресін жалғастыруда

2 мая, 2025
Samsung Алматыда журналистерге және блогерлерге арнап пресс -таңғы асын ұйымдастырды
Технология

Samsung Алматыда журналистерге және блогерлерге арнап пресс -таңғы асын ұйымдастырды

25 апреля, 2025
Келесі жаңалық
AIF 2025 форумына қатысатынын растағандардың қатары беделді халықаралық спикерлермен толықты

AIF 2025 форумына қатысатынын растағандардың қатары беделді халықаралық спикерлермен толықты

Қазақстандағы inDrive ауқымды жаңартулар жасай бастады

Қазақстандағы inDrive ауқымды жаңартулар жасай бастады

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Huawei ҚХР-ның 75 жылдық мерейтойына  арналған қабылдауда ең жаңа технологияларды ұсынды

Huawei ҚХР-ның 75 жылдық мерейтойына арналған қабылдауда ең жаңа технологияларды ұсынды

2 октября, 2024
Air Astana айыппұлға қатысты сот актісіне шағым береді

Air Astana Джиддаға билеттерді сата бастады

3 июля, 2023
Жамаубаев Президентке мемлекеттік қаржының қазіргі жағдайы туралы есеп берді

Жамаубаев Президентке мемлекеттік қаржының қазіргі жағдайы туралы есеп берді

1 апреля, 2022

Топ жаңалықтар

  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірісті басқарудың бірыңғай цифрлық экожүйесін қалыптастыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда
  • «Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді
  • Қазақстандық Диана Ержанова триатлоннан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогының жеңімпазы атанды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.