Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Еліміздің 14 қаласында Ханс Циммердің музыкасы жанды түрде орындалатын болады

- by -
23 апреля, 2025
Еліміздің 14 қаласында Ханс Циммердің музыкасы жанды түрде орындалатын болады

Қазақстанда дирижер Мадияр Тойболдының жетекшілігімен Ne Prosto Orchestra оркестрінің ауқымды гастрольдік туры басталды. Осы жылдың көктемінде 35-тен 80-ге дейін оркестр мен хор музыканттары елдің 14 қаласында концерттік бағдарлама ұсынады.

Байланысты

AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ

«Қазақмыс» Ұлытау облысында геологиялық барлау жұмыстарын екі есеге ұлғайтуда

Франк Жаффе авиация саласының тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін SITA Global Services командасын басқарады

Бағдарлама музыкасы «Дюна 1 және 2», «Интерстеллар», «Кариб теңізінің қарақшылары», «Кунг-фу Панда», «Бэтмен», «Гладиатор», «Арыстан патша», «Шерлок Холмс», «Мадагаскар», «Соңғы самурай» сияқты атышулы фильмдерде, сондай-ақ танымал Call Of Duty бейнеойынында қолданылған қазіргі заманның ең беделді кинокомпозиторларының бірі Ханс Циммердің шығармашылығына арналған. Бұл үлкен жобаға Еуразиялық банк қолдау көрсетті.

«Бұл банктің қатысуымен өтетін ұжымның екінші гастрольдік туры. Өткен жылы «Ғаламат ғасыр» түрік телехикаясының саундтрек концерттік бағдарламасы аймақтардағы көрермендердің ыстық ықыласына бөленді, сондықтан біз Ne Prosto Orchestra-мен ынтымақтастықты жалғастыру маңызды деп санадық. Бірлесіп отырып қазақстандық ұжымның интерпретациясында отандастарымызға әлемдік киномузыкалық мұрадан алар жарқын музыкалық әсер сыйлай аламыз. Сондай-ақ, Қазақстанның креативті экономикасының дамуына өз үлесімізді қосу маңызды», — деп атап өтті Еуразиялық банктің басқарма төрағасы Ляззат Сатиева.

Оркестр Алматы, Астана, Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылорда қаласында өз өнерлерін көрсеткен болатын, алдағы күнде Қазақстанның тағы 8 қаласында болмақ. Гастрольдік турдың барлық концерттері Қазақстанның жетекші концерттік алаңдарында өтеді және олардың әрқайсысы еліміздегі музыка сүйер қауымды баурай отырып, көрнекті мәдени оқиға болады деп күтілуде.

«Миллиондаған адамдар білетін және жақсы көретін музыканы орындау біз үшін үлкен мәртебе. Әрбір концерт — көрермендермен жанның бір бөлігімен бөлісу, ұлы композиторлар туындыларының эмоциялары мен атмосфераны жеткізу мүмкіндігі. Біздің басты мақсатымыз — халықты мәдени байыту, контент бойынша да, композициялардың техникалық орындалуы бойынша да нарықтағы ең үздікті көрсету. Мен Еуразиялық банкке қолдауы мен сенімі үшін шын жүректен ризамын — бүгін біз ауқымды жобаны бірлесіп жүзеге асырып жатырмыз және бүкіл Қазақстанға  өнерімізді  паш етіп, бөлісеміз», — деді өз сөзінде Ne Prosto Orchestra жобасының негізін қалаушы және дирижері Мадияр Тойболды.

Ne Prosto Orchestra — 2017 жылы Алматыда Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі Мадияр Тойболды құрған Қазақстандағы алғашқы тәуелсіз симфониялық оркестр. 120 музыканттан тұратын ұжым танымал фильмдер мен сериалдардың саундтректерін орындауға, сондай-ақ танымал әуендерді аранжировкалауға және танымал қазақстандық орындаушылармен коллаборация жасауға маманданған. Оркестр әлемдік танымал композицияларды орындау кезінде қазақтың ұлттық аспаптарын қоса отырып, өзіндік сәйкестендіруге баса назар аударады.

 

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Өзгеше тұжырымдама көрермендердің сүйіспеншілігіне тез ие болды және ұжымның концерттері әрдайым аншлагпен өтеді. Аралас хордың шабыттандыратын вокалы және кинотрилогиялардың ең жақсы сәттерінің динамикалық бейне тізбегі әрбір өнер көрсетуді  нағыз қойылымға айналдырып, ерекше атмосфера жасайды.

Түркістаннан келген көрермен Марал Шадиева өз әсерлерімен былай деп бөлісті:

«Концерт керемет әсер қалдырды. Мұндай мәдени жобалардың өңірлерде де қолжетімді болуы өте керемет. Бағдарлама үлкен талғаммен құрылған — музыка, хор, бейне тізбегі, барлығы біртұтас болып тоғысып, сүйікті фильмдер әлемінде толыққанды жүргендей сезім пайда болды. Әсіресе Интерстеллардағы сәт есте қалды. Музыка басталғанда зал қараңғылыққа батып, кеңістікте нәзік ақшыл көк түсті шамдар баяу жыпылықтай бастады да, бейнебір көз алдыңда жұлдызды аспан ашылғандай болды. Жарық музыканың ырғағымен тербеліп тұрды да, бір сәтте сіз концерт залында емес, алыста — ашық кеңістікте, галактикалар мен сілтідей тыныштықта жүргендей сезінесіз. Бұның өте әдемі және эмоционалды болғаны сонша жанарыма жас келді. Мұндай сәттер жадыда мәңгі есте қалады».

Тараз қаласының тұрғыны Габит Табынтаев та концерт туралы өзінің жылы лебізін білдірді:

«Біз осы фильмдермен өстік, олар балалық шақ пен жастық шақтың ең жылы естеліктерімен байланысты. Перл-Харбор фильмінің музыкасы ойнай бастағанда көз жасын ұстау мүмкін болмады — жүрек әр нотаға жауап қатып жатқандай өте әсерлі болды. Ал соңындағы 80-ші жылдардағы әуендердің миксі бізді жақсы уақыттар атмосферасына қайтарды — бүкіл отбасымыз тәнті болды. Осы кеш үшін Ne Prosto Orchestra мен Еуразиялық банкке алғысымыз шексіз».

Ne Prosto Orchestra оркестрінің гастрольдік туры Еуразиялық банктің қолдауымен бір ауқымды жобада музыка, кино және жанды эмоцияларды біріктіре отырып, Қазақстанның мәдени өміріндегі маңызды оқиғаға айналады.

Тур бағдарламасы оркестрдің Instagram-дағы ресми парақшасында қолжетімді.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Технология – тек күнделікті өмірде емес, интерьерде де жаңалық! Алматыда әлемдегі алғашқы мөлдір теледидар таныстырылды

Келесі жаңалық

2025 жылғы наурызда Қазақстандағы тұтынушылық сенімділік ішінара қалпына келді, бірақ әлі де теріс нәтиже көрсетуде

-

-

Байланысты жаңалықтар

AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ
Категориясыз

AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ

16 июня, 2026
«Қазақмыс» Ұлытау облысында геологиялық барлау жұмыстарын екі есеге ұлғайтуда
Категориясыз

«Қазақмыс» Ұлытау облысында геологиялық барлау жұмыстарын екі есеге ұлғайтуда

16 июня, 2026
Франк Жаффе авиация саласының тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін SITA Global Services командасын басқарады
Категориясыз

Франк Жаффе авиация саласының тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін SITA Global Services командасын басқарады

16 июня, 2026
Жаңа адамдар Әділет партиясының II съезінде: жасампаз күштердің бірігуі
Категориясыз

Жаңа адамдар Әділет партиясының II съезінде: жасампаз күштердің бірігуі

16 июня, 2026
Алматыда New Vision Forum 2026 аясында 30 елден келген 4000 кәсіпкер бас қосты
Категориясыз

Алматыда New Vision Forum 2026 аясында 30 елден келген 4000 кәсіпкер бас қосты

15 июня, 2026
Visa зерттеуі: қазақстандықтардың 72%-ы сатып алу кезінде жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін пайдаланады, алайда төлем жасау кезінде сенім негізгі фактор болып қала береді
Категориясыз

Visa зерттеуі: қазақстандықтардың 72%-ы сатып алу кезінде жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін пайдаланады, алайда төлем жасау кезінде сенім негізгі фактор болып қала береді

15 июня, 2026
Келесі жаңалық
2025 жылғы наурызда Қазақстандағы тұтынушылық сенімділік ішінара қалпына келді, бірақ әлі де теріс нәтиже көрсетуде

2025 жылғы наурызда Қазақстандағы тұтынушылық сенімділік ішінара қалпына келді, бірақ әлі де теріс нәтиже көрсетуде

2025 жылғы наурызда Қазақстандағы тұтынушылық сенімділік ішінара қалпына келді, бірақ әлі де теріс нәтиже көрсетуде

2025 жылғы наурызда Қазақстандағы тұтынушылық сенімділік ішінара қалпына келді, бірақ әлі де теріс нәтиже көрсетуде

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Help For Western european Brides

14 июня, 2022
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды

25 февраля, 2021
Ақтөбе облысында карантин күшейтілді

Кейінгі тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

12 мая, 2021

Топ жаңалықтар

  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындарының жағалауын тазартты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ
  • «Қазақмыс» Ұлытау облысында геологиялық барлау жұмыстарын екі есеге ұлғайтуда
  • Франк Жаффе авиация саласының тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін SITA Global Services командасын басқарады

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.