---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/04/22/flyarystan-%d3%99ue-flotyn-zha%d2%a3a-%d2%b1sha%d2%9bpen-toly%d2%9btyruda/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# FlyArystan әуе флотын жаңа ұшақпен толықтыруда

![FlyArystan әуе флотын жаңа ұшақпен толықтыруда](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/04/photo_2025-04-22-13.44.38.jpeg)

FlyArystan қазақстандық лоукостері әуе флотын 26-шы ұшақпен толықтырды. Қазақстанға келген180 орындық Airbus A320 CEO ұшағы жақын арада пайдалануға беріліп, әуе компаниясының бағыттықжелісі бойынша рейстерді орындауға дайын болады.

*Ричард Леджер, «**FlyArystan**» АҚ президенті:*

*«**FlyArystan**ұшақтар паркінің кеңеюі бағыттық желінің өсуіне де, әуе тасымалдарға тұрақты түрде пайда болатын жоғары сұранысқа да байланысты. Жаз айларындағы қарқынды туристтік маусымының қарсаңында бұл жағымды жаңалық. Жаңа әуе кемелері бізге көбірек рейстерді іске қосуға және әлеуеті мол жаңа бағыттарды игеруге мүмкіндік береді. Солардың бірі – 2025 жылдың 18 мамырынан бастап Қазақстанның оңтүстігі мен Батыс Қытай арасындағы тікелей және жылдам байланысты қамтамасыз ететін Алматыдан Қытайдың Құлжа (Инин) қаласына ұшатын жаңа халықаралық рейсі. Бұл бағыт туризмге, іскерлік ынтымақтастыққа және екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға қосымша мүмкіндіктер ашады деп сенеміз».*

Жаңа 26-шы FlyArystan ұшағы «Сүмбіле» атауына ие болды. Қазақ тілінен аударғанда бұл жарықтығы күн сәулесінен [25](https://www.britannica.com/place/Sirius-star) есе асатын «Сириус» атты аспанның ең жарық жұлдызын білдіреді. Бұл жұлдыз FlyArystan әуекомпаниясының жолаушыларды жаңа көкжиектерді бағындыруға шабыт сыйлауға ұмтылысын білдіреді.

Естеріңізге сала кетсек, әуекомпанияның 25-ші ұшағы – Airbus A320 CEO – Наурыз мерекесі қарсаңында танымал бағыттардағы орындардың санын көбейту үшін пайдалануға берілген болатын. 2024 жылы Air Astana Group еншілес компаниясы FlyArystan әуекомпаниясы әуе флотын бес Airbusұшақтарымен толықтырған болатын. Компания тобының жолаушыларының жалпы саны өткен жылы [11,2%-ға](https://ir.airastana.com/media/8dd62c4345c29d2/aa-fy24-financial-and-operational-results_kaz.pdf) өсіп, 9 млн адамға жетті. FlyArystan бұл өсімге айтарлықтай үлес қосты.

---

Жарияланды: 2025-04-22T08:48:49+06:00

Жаңартылды: 2025-04-22T08:48:49+06:00

Авторлар: [Амин Абдулманов](https://qazaqpress.kz/author/amin-abdulmanov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/04/22/flyarystan-%d3%99ue-flotyn-zha%d2%a3a-%d2%b1sha%d2%9bpen-toly%d2%9btyruda/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.