Энергетикалық сусындарға акциз енгізу: бизнес неге қарсы және бұл шешім Қазақстан үшін қаншалықты тиімді?

Энергетикалық сусындарға акциз енгізу: бизнес неге қарсы және бұл шешім Қазақстан үшін қаншалықты тиімді?

2025 жылғы 15 сәуірде ҚР Парламенті жаңа Салық кодексі жобасы аясында энергетикалық сусындарға (бұдан әрі – ЭС) акциз енгізу туралы түзетулерді қабылдады. Аталған норма 2026 жылдан бастап күшіне енеді және акциз мөлшері жыл сайын өсіп отырады: 2026 ж. – 100 теңге/литр, 2027 ж. – 140 теңге/литр, 2028 ж. – 180 теңге/литр. Бұл шешім Үкімет тарапынан қолдау тапқанымен, бизнес өкілдері мен сарапшылар тарапынан үлкен алаңдаушылық туғызуда.

Қабылданған шешімге неге бизнес қарсы?

Энергетикалық сусын өндірушілердің айтуынша, шешім қабылдау барысында бизнес өкілдерінің пікірі ескерілмеген, ал Мәжілістегі тыңдау регламенті шектелген әрі формалды сипатта өткен.
Қазақстандағы аналогы жоқ 21 жас шектеуі мен акциздің қатар енгізілуі – әлемдік тәжірибеде кездеспеген жайт. Бұл шешім ғылыми дәлелге емес, мифтер мен жалған пікірлерге сүйеніп қабылданған, дейді Алия Мамытбаева, ҚР Сусын өндірушілер қауымдастығының президенті.

Денсаулық үшін зиянды ма?

Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау қауымдастығының сарапшысы Гинтаутас Кентра энергетикалық сусындардағы кофеиннің үлесі өте төмен екенін атап өтті.
2023 жылғы деректерге сүйенсек, Қазақстан халқының кофеин тұтыну құрылымы келесідей:

Орта есеппен күніне тұтынылатын кофеин мөлшері:

Демек, негізгі қауіп көзі – энергетиктер емес, тұтыну мәдениетінің төмендігі мен ақпараттың жеткіліксіздігі.

Халықаралық тәжірибе не дейді?

Энергетикалық сусындардың қауіпсіздігі OECD елдерінің ресми органдары арқылы расталған:

Экономикалық әсері қандай болады?

Акциз енгізу шешімі бірнеше салаға теріс әсер етуі мүмкін:

Сонымен қатар:

Бұл отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігіне нұқсан келтіреді және Кеден одағы елдерінен (РФ, РУ) келетін өнімнің басымдығын арттырады.

Мысалы, Ресейдегі акциз – 50 теңге/литр, Өзбекстанда – 77 теңге/литр. Қазақстандағы ұсынылған мөлшер – анағұрлым жоғары.

Инвестицияға кері әсері

Акциз енгізу инвестициялық климатты нашарлатады.
Мәселен, Carlsberg Kazakhstan компаниясының жалпы сомасы 100 млн еуродан асатын жаңа зауыт құрылысы жобасы қазір күдік астында. Себебі акциз енгізілген жағдайда бұл өнімдер инвестициялық келісімдер тізімінен шығады, себебі олар салықтық преференциялардан айырылады.

Орта және шағын бизнес зардап шегеді

Энергетикалық және қантты сусын өндіру – отандық қант индустриясының негізгі тұтынушысы.
Сондай-ақ:

Қорытынды

Акциз енгізу – денсаулыққа да, экономикаға да пайда әкелмейтін, тиімсіз шара.
Бұл шешім:

Бизнес өкілдері бұл норманы кемінде қыркүйек айына дейін кейінге қалдыруды, және альтернативті ұсыныстарды қарастыра отырып, әділ шешім қабылдауды сұрайды.

«Теңгерімді саясат – тек салық мөлшерінде емес, ғылыми, экономикалық және әлеуметтік факторларды жан-жақты ескеру арқылы жасалады» – деп атап өтті қауымдастық өкілдері.