Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

AirAsia X Алматы – Куала-Лумпур бағытының алғашқы жылдығын атап өтті, рейстер санын арттырды

admin by admin
25 апреля, 2025
AirAsia X Алматы – Куала-Лумпур бағытының алғашқы жылдығын атап өтті, рейстер санын арттырды

АЛМАТЫ, 21 Сәуір 2025 жыл – AirAsia X (AAX) Алматы мен Куала-Лумпур арасындағы тікелей әуе бағытының бір жылдық мерейтойын атап өтуде. Бұл – Орталық Азия мен Оңтүстік-Шығыс Азияны байланыстыруда сәтті өткен жыл. Артып келе жатқан сұранысқа орай, әуе компаниясы Қазақстан мен Малайзия арасындағы рейстер санын аптасына беске дейін көбейтті, келесі тоқсанда шамамен 77 000 орынды ұсынылады.

Байланысты

Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді

Қазақстанда «Мәдени мұраны бірге сақтайық» атты республикалық акция өтті

Шақырту қағазы, медкомиссия, кейінге қалдыру: Қазақстандағы әскерге шақыру туралы не білу керек?

Алматы мен Куала-Лумпур арасында тікелей қатынайтын жалғыз әуе компания ретінде AAX екі өңір арасындағы маңызды байланысты қамтамасыз етіп келеді. 2024 жылғы 14 наурызда алғашқы рейсін орындаған сәттен бастап, AAX аптасына төрт рет орындалатын рейстерде 90 пайыздық жүктелу көрсеткішін тұрақты түрде ұстап тұр. Бұл жоғары сұраныс Қазақстан мен Малайзия арасындағы сапарларға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді. AAX бұл бағытта болашақта үлкен өсу әлеуетін байқап отыр.

Оңтүстік-Шығыс Азия мен Орталық Азия арасындағы туризм байланыстарын нығайтуға бағытталған шексіз міндеттемесі аясында AAX және Алматы Туризм басқармасы бүгін өзара ынтымақтастық туралы меморандумға (MoU) қол қойды. Бұл келісім екіжақты туризмді дамытуға және Алматыны Малайзия, Сингапур және Индонезиядан келетін туристер үшін тартымды бағыт ретінде танытуға бағытталған маңызды қадам болды.

Бенямин Исмаил — AirAsia X бас директоры:

«Осы бағыттағы рейстердегі екі елдің жолаушыларынан түскен қолдаулар, Орталық Азияға жақсырақ байланыс ұсынуға мүмкіндіктер жаратып және шабыттандырды. Алматы мен Куала-Лумпур арасындағы рейстердің аптасына бес рейске көбейуі– сұраныстың жоғары екенін және Алматының CNN мен Lonely Planet тарапынан «міндетті түрде бару керек бағыт» ретінде мойындалғанын көрсетеді. Өткен жылдан бері 100 мыңнан астам жолаушыны тасымалдадық, бұл бағыттың туризм мен сауда үшін маңызды нарық екенін дәлелдейді.»

«2025 жылы ASEAN төрағалығын қабылдай отырып, Малайзия өңірлік даму мен байланысты ілгерілетуде жетекші рөл атқаруға қабілетті ел екенін көрсетті. Қазақстанмен нығайтылған бұл серіктестік екі елдің өзара экономикалық дамуын қолдап қана қоймай, сондай-ақ Орталық Азиядағы дамып келе жатқан нарықтар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

«Куала-Лумпурдағы Fly-Thru байланысы арқылы Алматыдан ұшатын жолаушылар енді 130-дан астам бағытқа, соның ішінде Пенанг, Лангкави, Кучинг, Бали және Бангкок сияқты ASEAN аймағындағы танымал демалыс орындарына оңай жете алады. Дәл сол сияқты, ASEAN елдерінен келетін жолаушылар да Куала-Лумпурда қысқа аялдамамен Орталық Азияның «Швейцариясы» саналатын Алматыға ыңғайлы түрде ұша алады. Мұндай үздіксіз қолжетімділік біздің арзан әрі тиімді саяхат мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ аймақтық туризм мен экономикалық алмасуды дамытуға деген ұстанымымызды нақты көрсетеді.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Алматы Туризм басқармасы:

«Біз AAX компаниясымен ынтымақтастығымызды осы өзара түсіністік туралы меморандумға (MoU) қол қою арқылы жалғастырып отырғанымызға қуаныштымыз. Бұл келісім Алматыны Оңтүстік-Шығыс Азия туристері үшін тартымды бағыт ретінде таныстыру жолындағы маңызды қадам болып табылады. Бұл серіктестік мәдени алмасуға, туризмнің дамуына және халықтар арасындағы байланысты тереңдетуге жаңа мүмкіндіктер ашады. Малайзия, Сингапур және Индонезия тарапынан саяхатқа деген сұраныстың артуына байланысты біз Алматының табиғи сұлулығы, бай мәдени мұрасы және қонақжайлығын тамашалауға келетін туристерді асыға күтеміз.»

Kazakh Tourism:

«Қазақстан мен Малайзия арасындағы тікелей әуе қатынасының үнемі кеңейіп отыруы – екі ел туризміне үлкен серпін береді. AAX компаниясының бұл бағыттағы кеңеюі – Қазақстанның тек Орталық Азияда ғана емес, бүкіл әлемде тартымды бағытқа айналып келе жатқанын дәлелдейді. Біз саяхатты қолжетімді етуге бағытталған бастамаларды қолдауға дайынбыз, ал бұл әуе бағыты Қазақстан мен Оңтүстік-Шығыс Азияның қарқынды дамып жатқан нарықтары арасындағы сенімді көпірге айналды. Біз әртүрлілігі мен өзіндік ерекшелігі мол Қазақстанды ашуға келетін туристер санын арттыруды асыға күтеміз.»

Осы маңызды кезеңді атап өту мақсатында AAX барлық рейстерге 25% жеңілдікпен арнайы тарифтер ұсынуда. Енді жолаушылар Алматыдан Куала-Лумпурға тікелей ұшып, әрі қарай Кота-Кинабалу, Кучинг, Лангкави, Манила, Бали, Да Нанг, Краби, Сидней және басқа да қызықты бағыттарға тиімді бағамен қатынай алады. Брондау мерзімі – қазірден бастап 2025 жылғы 27 сәуірге дейін, ал саяхат мерзімі – 2025 жылғы 28 Cәуір мен 30 Қараша аралығы. Сонымен қатар, жолаушылар орын таңдауға 25% және тіркелген багажға 10% жеңілдік ала алады, егер олар билетті брондау кезінде бірге сатып алынса.

Промо-тарифтер тек AirAsia MOVE пен airasia.comсайттарында қолжетімді.

* Барлық тарифтерге жолаушыларға қызмет көрсету алымдары, реттеуші алымдар, жанармай үстемелері және басқа да қолданылатын алымдар кіреді.
** Науқандар алғашқы рейс брондау кезінде қолданылады және орын қолжетімділігіне байланысты. Шарттар мен талаптар қолданылады.

 

 

 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

ҚР ОСК жанындағы мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті

Келесі жаңалық

FlyArystan әуе флотын жаңа ұшақпен толықтыруда

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Категориясыз

Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді

19 апреля, 2026
Қазақстанда «Мәдени мұраны бірге сақтайық» атты республикалық акция өтті
Категориясыз

Қазақстанда «Мәдени мұраны бірге сақтайық» атты республикалық акция өтті

18 апреля, 2026
Шақырту қағазы, медкомиссия, кейінге қалдыру: Қазақстандағы әскерге шақыру туралы не білу керек?
Категориясыз

Шақырту қағазы, медкомиссия, кейінге қалдыру: Қазақстандағы әскерге шақыру туралы не білу керек?

18 апреля, 2026
Спорт және тәрбие арқылы – құқықтық мәдениетке: Атыраудағы ауқымды кездесудің қорытындысы
Категориясыз

Спорт және тәрбие арқылы – құқықтық мәдениетке: Атыраудағы ауқымды кездесудің қорытындысы

17 апреля, 2026
Орталық Азияда ЖИ дәуірі мен тұрақты даму жағдайында университеттердің трансформациясы талқыланды
Категориясыз

Орталық Азияда ЖИ дәуірі мен тұрақты даму жағдайында университеттердің трансформациясы талқыланды

17 апреля, 2026
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ЖАНЫНДА «ҰЛЫ ДАЛА: ТҰРАН ӨРКЕНИЕТІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Категориясыз

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ЖАНЫНДА «ҰЛЫ ДАЛА: ТҰРАН ӨРКЕНИЕТІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

17 апреля, 2026
Келесі жаңалық
FlyArystan әуе флотын жаңа ұшақпен толықтыруда

FlyArystan әуе флотын жаңа ұшақпен толықтыруда

Дәрігерлер 77 күн бойы жаңа туған нәрестенің өмірі үшін күресіп оны құтқарды

Дәрігерлер 77 күн бойы жаңа туған нәрестенің өмірі үшін күресіп оны құтқарды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Премьер-министр Олжас Бектенов Қызылорда облысында Президенттің сумен жабдықтау және су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша берген тапсырмаларының орындалу барысын тексерді

Премьер-министр Олжас Бектенов Қызылорда облысында Президенттің сумен жабдықтау және су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша берген тапсырмаларының орындалу барысын тексерді

31 июля, 2025
Қазақстан халықаралық банктен 85 млрд йен қарыз алады

Қазақстан халықаралық банктен 85 млрд йен қарыз алады

20 ноября, 2024

Learning to make Your ‘America Wife’ Cheerful Again

11 июня, 2022

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда алиментке өтініш беру нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Jack port Off Sites — Avoiding Jerks With Sex Webcam Girls

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
  • Қазақстанда «Мәдени мұраны бірге сақтайық» атты республикалық акция өтті
  • Шақырту қағазы, медкомиссия, кейінге қалдыру: Қазақстандағы әскерге шақыру туралы не білу керек?

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.