Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

ҚР ОСК жанындағы мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті

admin by admin
21 апреля, 2025
ҚР ОСК жанындағы мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын   қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті

2025 жылғы 21 сәуірде Орталық сайлау комиссиясының басшысы Нұрлан Әбдіровтың төрағалығымен ҚР ОСК жанындағы мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

Байланысты

01.07.2026 жылғы жағдай бойынша «Alatau City Garant » СК» АҚ бухгалтерлік балансы және кірістер мен шығыстар туралы есебі

Маусым айында Қазақстанда 168 мыңға жуық автокөлік есепке қойылды

Beeline Қазақстан Paryz Bridge тәуелсіз зерттеуінің қорытындысы бойынша «Ақпарат және байланыс» саласындағы үздік жұмыс беруші атанды

Жұмыс тобының отырысына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев, жұмыс тобының мүшелері, мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ өкілдері, әртүрлі өңірлерден келген сарапшылар қатысты.

Отырысты аша отырып, ҚР Ортсайлауком Төрағасы Нұрлан Әбдіров Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобы ОСК жанында 2018 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын атап өтті. 2022 жылдан бастап ол жаңа ереже негізінде жұмыс істейді және оның құрамы мерзіді түрде жаңартылып отырады. Бүгінгі таңда қатысушылардың 70%-дан астамы қоғамдық бірлестіктердің өкілдері болып табылады, бұл жұмыс тобының қолданбалы бағытын күшейтеді және мүгедектігі бар адамдардың сайлау процесіне нақты қажеттіліктерін есепке алуға ықпал етеді.

Мәжілістің партиялық тізімдерінде кемінде 30%-ы әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар құрауы тиіс. Мемлекет басшысы Қ.Қ.Тоқаевтың ауқымды конституциялық реформасы шеңберінде заңнамада бекітілген бұл квотаның маңыздылығын ОСК басшысы атап өтті. Бұл норма тізімдерді тіркеу кезінде де, мандаттарды бөлу кезінде де міндетті болып табылады.

Ол сондай-ақ бүкіл ел бойынша сайлау комиссияларының мүгедектігі бар мүшелерінің саны 2019 жылғы 455-тен бүгінгі күнге 735-ке дейін ұлғайғанын атап өтті.

«Бұл инклюзивтіліктің жүйелі саясатын бірізді іске асырудың нәтижесі. Дегенмен, әрі қарай даму маңызды. Біз партиялардың сайлауалды бағдарламалары мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттарына – мазмұны жағынан ғана емес, техникалық жағынан да қолжетімді болуы тиіс деп санаймыз. Ол үшін біз жұмыс тобының мүшелерін сайлауда қолжетімді ортаны кеңейтуге ықпал ететін нақты ұсыныстарды енгізуге шақырамыз», – деді ОСК Төрағасы.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (Еңбекмині) құзыреті саласында жүргізіліп жатқан қызмет туралы Асқарбек Ертаев баяндама жасады. Ол сайлау процесінде қолжетімді ортаны құру мәселелеріне назар аударды, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар үшін «Қолжетімділіктің интерактивті картасы» порталының пайдасы туралы хабардар етті.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Отырыстың маңызды сәттерінің бірі ОСК мен Еңбекмині арасындағы келісімнің негізінде Жол картасын әзірлеу туралы уағдаластық болды. ОСК Төрағасы бастамашылық еткен Жол картасы мүгедек адамдардың сайлау құқықтарын іске асырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеуге және сайлау органдары мен министрліктің өңірлік бөлімшелері арасында сайлау инфрақұрылымына қолжетімділікті кеңейтуде тиімді үйлестіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Шырақ» ҚБ және Парламент Сенаты жанындағы Инклюзия жөніндегі кеңестің төрағасы Ләззат Қалтаева қатысушыларды «Шырақ» ҚБ, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі және ОСК бірлескен жобасы шеңберіндегі сайлауды ұйымдастырушылар үшін мүгедек адамдардың сайлау құқықтары жөніндегі бейнекурсты әзірлеу барысы туралы хабардар етті. Бейнекурс сайлауды ұйымдастырушыларға арналған теориялық аспектілерді де, интерактивті тапсырмаларды да қамтиды.

Сайлау учаскелерінің қолжетімділігі мониторингінің қорытындылары туралы «IteachMe» құзыреттілікті дамыту қорының директоры Захира Бегалиева айтып берді. Шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлау барысында жүргізілген мониторинг (2025 жылғы 30 наурыз) учаскелердің көпшілігі қол жетімділіктің қажетті жағдайымен қамтамасыз етілгенін және әкімдіктер тарапынан назар аударуды талап ететін жекелеген мәселелер бар екенін көрсетті. Сонымен қатар, спикер басқа елдерде қолданылатын технологиялар мен шешімдер туралы, соның ішінде дауыстық сигналдары бар құрылғыларды, мобильді қосымшаларды және т.б. пайдалану туралы айтты.

Отырыстың күн тәртібінің соңғы тақырыбы көру қабілеті бұзылған адамдар үшін пайдаланушының дыбыстық ескертуі бар NVDA бағдарламалық жасақтамасын пайдалану болды. «Қазақ зағиптар қоғамы» ҚБ «Павлодар» ҚҚ президенті Снежана Мрыль көру қабілеті бұзылған адамдардың өз бетінше дауыс беруі үшін жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті. Ол зағип сайлаушыларға басқа бір тұлғаның көмегінсіз ақпарат алуға мүмкіндік беретін осы бағдарламаның практикалық қолданылуы туралы айтты. Оның пікірінше, сайлау учаскелерінде осындай технологияларды енгізу сайлау процесінің қолжетімділігін және мүгедек азаматтардың сайлау белсенділігінің деңгейін арттырады. Нұрлан Әбдіров Павлодарда пилоттық режимде қолданылып жүрген осы бағдарламаны сынақтан өткізуді ұсынды. Осы жұмыстың нәтижесі бойынша аумақтық сайлау комиссиялары оны сайлау процесіне одан әрі енгізу мүмкіндігі туралы ұсынымдар бере алады.

Отырыс соңында Ортсайлауком басшысы азаматтардың барлық санаттарының сайлау процесіне тең қатысуын қамтамасыз ету бойынша жүйелі және бірізді жұмыс жалғасатынына сенім білдірді. Жұмыс тобының мүшелері мемлекеттік органдармен бірлесіп мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарының сақталуына тұрақты мониторинг жүргізуді және сайлауда қолжетімді ортаны жақсартуға қатысуды жалғастырады.

Фото: election.gov

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Samsung Electronics ойын мониторлары нарығында алты жыл қатарынан бірінші орын алды

Келесі жаңалық

AirAsia X Алматы – Куала-Лумпур бағытының алғашқы жылдығын атап өтті, рейстер санын арттырды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Категориясыз

01.07.2026 жылғы жағдай бойынша «Alatau City Garant » СК» АҚ бухгалтерлік балансы және кірістер мен шығыстар туралы есебі

15 июля, 2026
Маусым айында Қазақстанда 168 мыңға жуық автокөлік есепке қойылды
Категориясыз

Маусым айында Қазақстанда 168 мыңға жуық автокөлік есепке қойылды

15 июля, 2026
Beeline Қазақстан Paryz Bridge тәуелсіз зерттеуінің қорытындысы бойынша «Ақпарат және байланыс» саласындағы үздік жұмыс беруші атанды
Категориясыз

Beeline Қазақстан Paryz Bridge тәуелсіз зерттеуінің қорытындысы бойынша «Ақпарат және байланыс» саласындағы үздік жұмыс беруші атанды

15 июля, 2026
Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде конституциялық мәртебеге ие болды
Категориясыз

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: ЖІӨ өсімі, жеке инвестициялар ағыны және отандық тауар өндірушілерді қолдау

15 июля, 2026
ҚР ОСК: Барлық сайлау учаскелері мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді болады
Категориясыз

ҚР ОСК: Барлық сайлау учаскелері мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді болады

14 июля, 2026
КІА ҒЗИ Қазақстанда жоғары технологиялық медициналық көмекті жүйелі түрде дамытуды жалғастыруда
Категориясыз

КІА ҒЗИ Қазақстанда жоғары технологиялық медициналық көмекті жүйелі түрде дамытуды жалғастыруда

14 июля, 2026
Келесі жаңалық
AirAsia X Алматы – Куала-Лумпур бағытының алғашқы жылдығын атап өтті, рейстер санын арттырды

AirAsia X Алматы – Куала-Лумпур бағытының алғашқы жылдығын атап өтті, рейстер санын арттырды

FlyArystan әуе флотын жаңа ұшақпен толықтыруда

FlyArystan әуе флотын жаңа ұшақпен толықтыруда

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Танымал қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров бойжеткенді зорлады деп айыпталды

Танымал қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров бойжеткенді зорлады деп айыпталды

21 августа, 2024
Облыстық «Саналы ұрпақ» ерікті клубының слеті өткізілді

Облыстық «Саналы ұрпақ» ерікті клубының слеті өткізілді

28 октября, 2021
Қазақмыс қызметкерлердің әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік қолдауды күшейтуде

Қазақмыс қызметкерлердің әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік қолдауды күшейтуде

22 мая, 2026

Топ жаңалықтар

  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • 01.07.2026 жылғы жағдай бойынша «Alatau City Garant » СК» АҚ бухгалтерлік балансы және кірістер мен шығыстар туралы есебі
  • Маусым айында Қазақстанда 168 мыңға жуық автокөлік есепке қойылды
  • Beeline Қазақстан Paryz Bridge тәуелсіз зерттеуінің қорытындысы бойынша «Ақпарат және байланыс» саласындағы үздік жұмыс беруші атанды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.