---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/04/19/al%d2%93ash-ret-%d2%9baza%d2%9bstan-bojynsha-e%d2%a3-au%d2%9bymdy-sportty%d2%9b-zhoba-zhetisu-oblysynda-bastau-aldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# АЛҒАШ РЕТ ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША ЕҢ АУҚЫМДЫ СПОРТТЫҚ ЖОБА ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА БАСТАУ АЛДЫ

![АЛҒАШ РЕТ ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША ЕҢ АУҚЫМДЫ СПОРТТЫҚ ЖОБА ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА БАСТАУ АЛДЫ](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/04/photo-2025-04-19-16-50-40-scaled.jpg)

**«Бұқаралық спортты дамыту – мемлекет саясатының маңызды бағыты» — деп Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда берілген тапсырмасы бойынша Жетісу өңірінде қолға алынған игі бастамалармен үндесіп жатыр.**

2025 жылдың 19 сәуір күні Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында көптен күткен J LEAGUE жобасының ресми ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті.

Шараның басты мақсаты – балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, жеңіске деген жігерін оятып, тәжірибе жинауына мүмкіндік жасау. Ашылу салтанатына қатысқан қонақтар мен жас спортшылар бұл бастаманың ауқымына тәнті болды.

Жоба аясында 887 команда тіркеліп, 8870 бала қатысуға өтінім берген. Қатысушылар футбол, волейбол және баскетбол спорт түрлері бойынша бақ сынайды.

Жарыстар әр аудан мен қаланың орталықтарында өтеді. Өз аймағында жеңімпаз атанған командалар ақтық кезеңде өнер көрсетіп, шешуші ойындарда Талдықорған төрінде бас қосады. Жексенбі мен сенбі күндері өтетін бұл ауқымды дода – Жетісу өңірі спортын дамытуға бағытталған тың бастамалардың бірі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба алдағы жылдары да жалғасып, балалар спортының жаңа деңгейге көтерілуіне серпін береді.

---

Жарияланды: 2025-04-19T12:25:59+06:00

Жаңартылды: 2025-04-19T12:25:59+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/04/19/al%d2%93ash-ret-%d2%9baza%d2%9bstan-bojynsha-e%d2%a3-au%d2%9bymdy-sportty%d2%9b-zhoba-zhetisu-oblysynda-bastau-aldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.