---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/04/18/kasko-zh%d3%99ne-a%d2%9bzhms-avtok%d3%a9likti-sa%d2%9btandyrudy%d2%a3-b%d2%b1l-t%d2%afrlerini%d2%a3-ajyrmashyly%d2%93y-nede-zh%d3%99ne-nege-eki-polisti-de-r%d3%99simdegen-d%d2%b1rys/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Каско және АҚЖМС &#8212; автокөлікті сақтандырудың бұл түрлерінің айырмашылығы неде және неге екі полисті де рәсімдеген дұрыс

![Каско және АҚЖМС &#8212; автокөлікті сақтандырудың бұл түрлерінің айырмашылығы неде және неге екі полисті де рәсімдеген дұрыс](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/04/whatsapp-image-2025-04-18-at-15.41.05.jpeg)

*КҚИ АҚЖМС**және**Каско**—****бұл автокөлікті сақтандырудың екі түрі және оларды біріктіретін нәрсе**біреу ғана**. Көптеген автокөлік иелері әлі күнге дейін**АҚЖМС****пен**Касконың айырмашылығы неде екенін түсінбейді.**АҚЖМС**полисін рәсімдеу арқылы олар**ЖКО**кезінде төлем ала**тындарына**сен**імді**жүргізушілер**де**бар, ал басқалары Каско деген не екенін білмейді. Сақтандырудың осы екі түрінің қалай ерекшеленетінін анықтап, жүргізушілерге екі сақтандыруды да**рәсімдеу,**не**ге**жақсы екенін түсіндірейік.*

**Міндетті және ерікті автосақтандыру**

КҚИ АҚЖМС —көлік құралы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру дегенді білдіреді. Бұл автокөлікті сақтандырудың**міндетті түрі**және мұндай сақтандыру рульге отырған әрбір жүргізушіде болуы керек.

Каско аббревиатура емес, оныңтүсініктемесіжоқ. Бұл атау итальяндық каскосөзінен–аудармасында «дулыға» сөзіненшыққан. Бұл автокөлікті сақтандырудың**ерікті**түрі. Міндетті түрде Каско несиеге машина сатып алғанда ғана қажет,ресімдеу кезіндебанктерполистіталап етеді.

**АҚЖМС****және Каско полистері нені сақтандырады**

АҚЖМСаббревиатурасыныңтүсініктемесіненжүргізуші көлікті емес, жол қозғалысының басқа қатысушылары алдындағы жауапкершілігін сақтандыратыны белгілі болады. Қарапайым тілмен айтқанда, егер сақтандырылушының кінәсінен ЖКО орын алса, оны сақтандыружүргізушігеемес, зардап шеккен тарапқа келтірілген залалды өтейді.

Каско өз кезегіндеполисиесінің көлігін әртүрлі тәуекелдерден қорғайды. Бұлайдап әкету, жарылыс, ЖКО, өрт, ТЖ, тонау және басқалар. Егер Каско бойынша сақтандырылған автокөлік, мысалы, жол апатына ұшыраса, сақтандыру компаниясы полис иесінің кінәсінен болған апат болса да, залалдыөтейді.

**Жауапкершілік лимиттері**

Мүлікке келтірілген залал үшінАҚЖМСбойынша төлемдердің ең жоғары мөлшері биыл 2,35 млн.теңгені (600 АЕК-ті) құрайды. Бірнеше зардап шеккен автомобильдер болған жағдайда, көрсетілген сома залалға байланысты олардың арасында бөлінеді. Мүмкін, зардап шеккендерге кінәлініңсақтандыру лимиті жеткіліксіз болуыдамүмкін.Ондай кезде, жәбірленушілерсот арқылы кінәліден өтемақы талап етуге құқылы. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін жүргізушілер міндетті автокөлікті сақтандырудан басқа,АҚЖЕСполисін рәсімдей алады.Бұл полисАҚЖМСполисі бойынша лимит жеткіліксіз болған жағдайда,пайдалы болады.АҚЖЕСкелтірілген залалдың қалған бөлігінөтейді. Jusan Garant сайтында мұндай сақтандырудың құны1300 теңгеден басталады.

Каско полисі бойынша максималды сақтандыру төлемі,әдетте,полисте көрсетілген көлік құралының құнымен шектеледі. Мысалы, жүргізуші автосалоннан 12 млн.теңгеге автокөлік сатып алдыделік, ең жоғары өтемақы да сонша болады.

**Полистің****құны**

Міндетті автосақтандырудың құнын мемлекет реттейді және ол барлық сақтандырушыларда шамамен бірдей. Баға базалық тарифтен тұрады, ол сақтандыру аймағы, жүргізушінің жасы менкөлік жүргізуөтілі, оның жазатайым оқиғалардыжасауы және т.б. сияқты бірқатар коэффициенттерге көбейтіледі, яғнизалалдарды есептеу кезінде сақтанушының өзі, оның жүргізушілікшеберлігі және рульдегіқұнттылығы көп жағдайда,бағаланады.

Каско құнын сақтандыру компаниялары дербес анықтайды. Ол негізінен полиске енгізілген сақтандыру тәуекелдерінің тізімінен тұрады, бірақ жүргізушінің сипаттамалары, әрине, бағаны анықтау кезінде де ескеріледі. Сақтандыруға неғұрлым көп тәуекелдер енгізілсе, соғұрлым ол қымбатырақ болады. Бірақ касконың қысқартылған бағдарламалары да бар. Jusan Garant-та жүргізушілер сайтта шектеулі Каско рәсімдей алады. Полис ЖКО жағдайындағызалалды – ең көп таралған тәуекелді өтейді және мұндай полистің құны30 мың теңгеден басталады. Бағасы клиенттің өзі таңдайтын сақтандыру сомасына байланысты.

**Бір кестеде****АҚЖМС********және****КАСКО арасындағы айырмашылық**

**Критери****лері**
**АҚЖМС**
**Каско**
**Сақтандыру сипаты**
Міндетті
Ерікті
**Сақтандыру объектісі**
Жүргізушінің азаматтық жауапкершілігі
Сақтанушының көлігі
**Өтемақы бойынша шектеулер**
Мүлікке келтірілген залал үшін 2,35 млн.теңге (600 АЕК) және ЖКО-дақайтыс болғанәрбір адам үшін 7,86 млн.теңге
Сақтандыру шартының талаптарына байланысты сақтандыру компаниясы белгілейді
**Өтемақы алушы**
ЖКО-ның екінші қатысушысы
Сақтанушы
**Енгізілген тәуекелдер**
Сақтанушының кінәсінен екінші Тараптың өміріне, денсаулығына және мүлкіне келтірілген залал
Сақтандыру шартының талаптарына байланысты. Көбінесе — ЖКО,айдап әкету, өрт, ТЖ, тонау
**Құны**
Мемлекет реттейді
Сақтандыру компаниясы реттейді, жүргізушілердің сақтандыру тарихына және полистің толтырылуына байланысты
**ЖКО****-ға****кінәлі****тұлғаның****өтемақын****ы****алу****мүмкіндігі**
Мүмкін емес
Мүмкін

АҚЖМСнемесе Каско – қайполисжақсырақ–деп айтудұрыс емес. Бұл бір-бірін толықтыратын сақтандырудың әртүрлі түрлері және екі сақтандыру да жақсы. Сіздің кінәңізбен болғанЖКОкезінде міндетті автосақтандыру зардап шеккен тарапқа келтірілген залалды өтеушығындарының алдын алады, ал КаскоСіздің көлігіңізді жөндеудіөтейді.

---

Жарияланды: 2025-04-18T10:53:02+06:00

Жаңартылды: 2025-04-18T10:53:02+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/04/18/kasko-zh%d3%99ne-a%d2%9bzhms-avtok%d3%a9likti-sa%d2%9btandyrudy%d2%a3-b%d2%b1l-t%d2%afrlerini%d2%a3-ajyrmashyly%d2%93y-nede-zh%d3%99ne-nege-eki-polisti-de-r%d3%99simdegen-d%d2%b1rys/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.