Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Мәдениет

Efes Art Space көрме алаңы жаңа маусымды “Zat” экспозициясымен ашады

admin by admin
18 апреля, 2025
Efes Art Space көрме алаңы жаңа маусымды “Zat” экспозициясымен ашады

18 сәуір 2025 жыл, Алматы, Қазақстан. EFES Kazakhstan компаниясы Efes Art Space арт-платформасында жаңа көрме маусымының басталғанын хабарлайды. Маусым “Zat” атты экспозициямен ашылады. Көрмеге Қазақстанның 13 заманауи суретшісі қатысады.

Байланысты

Өзбекстанда «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті

«Казахские страшные сказки»: халықаралық жетістіктен тұсаукесерге дейін

Almaty Museum of Arts мұражайында Йинки Шонибаренің мүсіні пайда болды

“Zat” жобасы адамды қоршаған заттық әлемге арналады. Мұнда заттар тек күнделікті тұрмыста қолданылатын бұйымдар ретінде емес, мағына, эмоция және тарих тасымалдаушысы ретінде қарастырылады. Экспозицияда кескіндеме, керамика, жиһаз, зергерлік бұйымдар, жарық инсталляциялары және өнер мен дизайн тоғысқан өзге де объектілер ұсынылады.

Куратор Оля Веселова:

«Бұл көрме – таныс заттардың сөзден де көп нәрсе айта алатынын ұғынуға арналған ойтолғау. Біз функционалдық пен эстетика, күнделіктілік пен көркемдік баяндау арасындағы шекараны зерттейміз. “Zat” – таныс нәрсеге жаңаша қарауға шақыру»

Көрме қатысушылары: Алтынай Байжан, Анна Паркина, Алина Друзик, Алексей Карамзин, Антон Афанасьев, Галия Садвокасова, Гаухар Касенбай, Даник Удербек, Илья Дериглазов, Лайла Жарқын, Муратбек Турбай, Syldyr жобасы және Шакир Шекер.

Әрбір жұмыс – дәстүрмен, мәдениетпен, жекелік естелікпен және бүгінгі шындықпен жүргізілген диалог. Шығармалар арқылы суретшілер болмыс, тұрмыс және уақыт туралы сұрақтарға жауап іздейді.

EFES Kazakhstan компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Зейнеп Эркан Альп:

Buy JNews
ADVERTISEMENT

«Efes Art Space қатысушыларының еңбектерінен үнемі шабыт аламыз. Әр жоба қабылдау мен ойлау қабілетіміздің жаңа өлшемін ашады. “Zat” көрмесі – тек өнер ғана емес, бізді қоршаған әлеммен заттар арқылы жүргізілетін ішкі диалог туралы»

“EFES Kazakhstan” бас директоры Эртан Курт:

«Efes Art Space – бұл біздің құндылықтарымыз бен мәдени диалогты құруға ұмтылысымыздың көрінісі. Біз өнердің адамдарды біріктіретін, жаңа дүниелерді шабыттандыратын және ұрпақтар мен мәдениеттер арасындағы көпір болатын күші бар деп есептейміз. Жаңа маусым — Қазақстандағы заманауи өнердің тұрақты экожүйесін қалыптастыру жолындағы тағы бір қадам»

Efes Art Space туралы

Efes Art Space — EFES Kazakhstan компаниясының тұрақты даму стратегиясы аясында құрылған тәуелсіз арт-платформа. Жоба – жас және тәжірибелі суретшілердің, дизайнерлердің, кураторлар мен мәдениет менеджерлерінің басын қосатын креативті орталық. Оның мақсаты — шығармашылық бастамаларды қолдау, индустриялар, өңірлер мен ұрпақтар арасындағы диалогты кеңейту, сондай-ақ жергілікті арт-қауымдастықты дамыту.

Жаңалықтар мен хабарламаларды Instagram парақшасынан бақылаңыз: @efesartspace

Көрме өтетін орын: Орталық Көрме залы
Мекенжайы: Желтоқсан көшесі, 137
Көрме мерзімі: 17 сәуір – 18 мамыр 2025 жыл (дүйсенбі демалыс)

EFES Kazakhstan компаниясы туралы қысқаша ақпарат

EFES Kazakhstan — Түркиялық Anadolu Efes компаниясының қазақстандық филиалы. Anadolu Efes — Еуропадағы көлемі бойынша бесінші және әлемдегі оныншы ірі сыра өндіруші. Компания 1997 жылы Қазақстан нарығына келіп, тұтыну тауарлары саласындағы алғашқы ірі инвесторлардың біріне айналды.

Бүгінде EFES Kazakhstan Қарағанды және Алматы облыстарындағы екі зауытында жылына 245 миллион литр сыра өндіреді. Компанияда 1000-нан астам қызметкер жұмыс істейді, ал өнім портфеліне 17 бренд кіреді, олардың қатарында «Кружка Свежего», «Белый Медведь», сондай-ақ Efes Pilsener, Corona Extra, Miller Genuine Draft, Velkopopovický Kozel сынды әлемдік атаулар бар.

1998 жылдан 2024 жылға дейін компания Қазақстан экономикасына 345 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салып, 293 млрд теңге салық пен міндетті төлемдерді төледі.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Алматыдағы Жетінші аурухана проктологтары шаты айырылған келіншекке аса күрделі ота жасады

Келесі жаңалық

Каско және АҚЖМС — автокөлікті сақтандырудың бұл түрлерінің айырмашылығы неде және неге екі полисті де рәсімдеген дұрыс

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Өзбекстанда «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті
Категориясыз

Өзбекстанда «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті

15 ноября, 2025
«Казахские страшные сказки»: халықаралық жетістіктен тұсаукесерге дейін
Мәдениет

«Казахские страшные сказки»: халықаралық жетістіктен тұсаукесерге дейін

22 августа, 2025
Almaty Museum of Arts мұражайында Йинки Шонибаренің мүсіні пайда болды
Мәдениет

Almaty Museum of Arts мұражайында Йинки Шонибаренің мүсіні пайда болды

22 августа, 2025
Домбыра күні СҚО ҚХА жаңа туған нәрестеге домбыра сыйлады
Мәдениет

Домбыра күні СҚО ҚХА жаңа туған нәрестеге домбыра сыйлады

7 июля, 2025
SATISFACTION 2025: Алматыдағы жаздың ең басты музыка фестивалі
Мәдениет

SATISFACTION 2025: Алматыдағы жаздың ең басты музыка фестивалі

26 июня, 2025
Отандық өнерпаз Әйгерім Алтынбек «Ла Скала» театры академиясының тағылымдамасына қабылданды
Мәдениет

Отандық өнерпаз Әйгерім Алтынбек «Ла Скала» театры академиясының тағылымдамасына қабылданды

24 июня, 2025
Келесі жаңалық
Каско және АҚЖМС — автокөлікті сақтандырудың бұл түрлерінің айырмашылығы неде және неге екі полисті де рәсімдеген дұрыс

Каско және АҚЖМС - автокөлікті сақтандырудың бұл түрлерінің айырмашылығы неде және неге екі полисті де рәсімдеген дұрыс

Онкология, экология және мектептер: Қазақстанда жүйелі әлеуметтік өзгерістерге арналған қор жұмысын бастады

Онкология, экология және мектептер: Қазақстанда жүйелі әлеуметтік өзгерістерге арналған қор жұмысын бастады

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Қазақстанда доллар бағамы өсті

Қазақстанда доллар бағамы өсті

13 октября, 2021
Алмасадам Сәтқалиев: Референдум өткенше АЭС технологиясын таңдамаймыз

Алмасадам Сәтқалиев: Референдум өткенше АЭС технологиясын таңдамаймыз

3 ноября, 2023
Болат Назарбаевтың қызы: «Бұл менің алғашқы ашық сұхбатым»

Болат Назарбаевтың қызы: «Бұл менің алғашқы ашық сұхбатым»

21 октября, 2022

Топ жаңалықтар

  • Балаларды есірткіден қалай қорғаймыз: ата-аналарға қауіп белгілерін тану жолдары түсіндірілді

    Балаларды есірткіден қалай қорғаймыз: ата-аналарға қауіп белгілерін тану жолдары түсіндірілді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «MŪNAI» – Freedom Media ұсынады: жылдың басты тұсаукесері

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Синквейн деген не?

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Жаңаөзенде әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы: Маңғыстау облысы әкімінің жұмыс сапарының қорытындысы
  • «Қоғамдық сенім және әлеуметтік капитал» VI халықаралық конференциясы: Қазақстан жастары арасындағы сенім индексі қалай өзгерді
  • Балаларды есірткіден қалай қорғаймыз: ата-аналарға қауіп белгілерін тану жолдары түсіндірілді

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.