Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Бизнес

Алматыда Freedom Cloud озық дата-орталығының құрылысы басталды

admin by admin
18 апреля, 2025
Алматыда Freedom Cloud озық дата-орталығының құрылысы басталды

Байланысты

Қазақмыс өндірістік қажеттілік үшін меншікті генерация көздерін құру мүмкіндігін қарастыруда

Назарда – цифрландыру, Aitu және венчурлік инвестициялар. Алматыда IT және креативті экономиканың болашағы талқыланды

Астанада 10G жылдамдықты интернетін сынақтан өткізу бойынша пилоттық жоба басталды

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Алматы, 2025 жылғы 18 сәуір — «Алатау» Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында Қазақстанның цифрлық инфрақұрылымындағы маңызды нысандардың бірі – Freedom Cloud озық дата-орталығының құрылысы ресми түрде басталды. Жоба елдің технологиялық егемендігін нығайтуға және әлемдік деңгейдегі IT-компаниялар үшін Қазақстанды тартымды етуге бағытталған.

Салтанатты шараға ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев, Freedom Holding Corp. бас директоры Тимур Турлов және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров қатысты. Бұл — жобаның ел мен өңір үшін маңыздылығын айқын көрсетеді.

Министр Жаслан Мәдиев:

«Қазақстанда дата-орталықтар салу — заманауи цифрлық инфрақұрылымды дамыту жолындағы маңызды қадам. Бұл нысандар сенімді деректерді сақтау мен өңдеуді қамтамасыз етіп қана қоймай, жаһандық ақпараттық экожүйенің ажырамас бөлігіне айналады. Біз халықаралық цифрлық процестерге интеграциялануға ұмтыламыз. Бұл еліміздің әлемдік аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға сеп болады. Сонымен қатар дата-орталықтардың дамуы отандық IT-нарыққа оң әсер етеді, цифрландыру үдерістерін жеделдетеді. Бұл бизнес пен азаматтар үшін жаңа мүмкіндіктердің есігін ашады».

Freedom Holding Corp. бас директоры Тимур Турлов:

«Дата-орталық тек үлкен инфрақұрылым нысаны емес. Бұл — біздің технологиялық тәуелсіздігіміздің негізі, халықаралық IT-компаниялар үшін Қазақстанды тартымды ететін фактор, және азаматтарымыз үшін жаңа жұмыс орындары мен мүмкіндіктер. Біз еліміздің басқа өңірлерінде де осындай орталықтарды салуды жоспарлап отырмыз. Қазақстанның түкпір-түкпірінде заманауи дата-орталықтар бой көтеруі керек — біз осы бағытта тағы бір нақты қадам жасап отырмыз».

Freedom Cloud дата-орталығы 480 серверлік шкафпен жабдықталады. Әрқайсысы 15 кВт-қа дейін қуатты көтере алады — бұл шамамен 7–10 электр шәйнекке немесе 5–7 ойын компьютерімен тең. IT-жүктемеге арналған қуаттылық 7,2 МВт-ты құрайды, ал жалпы электр тұтыну көлемі — 13 МВт, бұл шағын қаланың қажеттілігіне пара-пар. Оған серверлердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін салқындату мен қолдау жүйелері де кіреді. Нысан сенімділік пен энергия тиімділігі жағынан әлемдік стандарттарға толық сәйкес келеді.

Дата-орталық — цифрлық сервистерді Қазақстанда локализациялау және ірі халықаралық технологиялық компанияларды тарту бойынша мемлекеттік саясатты іске асырудың стратегиялық қадамы. Ол Еуропа мен Қытай арасында деректерді тасымалдауға арналған баламалы транзиттік арна қалыптастырып, Қазақстанның Еуразиядағы цифрлық хаб ретіндегі рөлін күшейтеді әрі халықаралық әріптестікке жаңа мүмкіндіктер ашады.

Әлішер Әбдіқадыров, Алматы қаласы әкімінің орынбасары:

«Freedom Cloud дата-орталығының құрылысы — Қазақстанның технологиялық егемендікке ұмтылысын және жаһандық цифрлық кеңістікке интеграциялануға деген ұмтылысын көрсетеді. Бұл жоба Алматыға тек заманауи технологиялар мен инвестициялар әкеліп қоймай, цифрлық экожүйені дамытуға, таланттарды қолдауға және инновациялық бастамаларға серпін береді».

Freedom Cloud — Қазақстанның цифрлық экожүйесінің басты құрамдас бөлігінің біріне айналмақ. Бұл жоба бизнес, мемлекет және халықаралық серіктестер үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, еліміздің жаһандық технологиялық жарыстағы орнын күшейтеді әрі тұрақты цифрлық болашақтың берік іргетасын қалайды.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Онкология, экология және мектептер: Қазақстанда жүйелі әлеуметтік өзгерістерге арналған қор жұмысын бастады

Келесі жаңалық

Алматыда жетекші қазақстандық және шетелдік сарапшылар метаболикалық синдромды емдеу мәселелерін талқылады

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Қазақмыс өндірістік қажеттілік үшін меншікті генерация көздерін құру мүмкіндігін қарастыруда
Бизнес

Қазақмыс өндірістік қажеттілік үшін меншікті генерация көздерін құру мүмкіндігін қарастыруда

16 мая, 2026
Назарда – цифрландыру, Aitu және венчурлік инвестициялар. Алматыда IT және креативті экономиканың болашағы талқыланды
Басты

Назарда – цифрландыру, Aitu және венчурлік инвестициялар. Алматыда IT және креативті экономиканың болашағы талқыланды

28 августа, 2025
Астанада 10G жылдамдықты интернетін сынақтан өткізу бойынша пилоттық жоба басталды
Технология

Астанада 10G жылдамдықты интернетін сынақтан өткізу бойынша пилоттық жоба басталды

19 августа, 2025
Beeline және Huawei: Алматыда мобильді байланысты жеделдеткен серіктестік — жылдамдық 40%-дан астам өсті
Технология

Beeline және Huawei: Алматыда мобильді байланысты жеделдеткен серіктестік — жылдамдық 40%-дан астам өсті

22 июля, 2025
МҚҰ облигацияларын кім таңдайды: қазақстандық инвестордың портреті
Бизнес

МҚҰ облигацияларын кім таңдайды: қазақстандық инвестордың портреті

24 июня, 2025
«Касперский Зертханасы» eSIM нарығына шығып, Kaspersky eSIM Store сервисін іске қосты
Технология

«Касперский Зертханасы» eSIM нарығына шығып, Kaspersky eSIM Store сервисін іске қосты

17 июня, 2025
Келесі жаңалық
Алматыда жетекші қазақстандық және шетелдік сарапшылар метаболикалық синдромды емдеу мәселелерін талқылады

Алматыда жетекші қазақстандық және шетелдік сарапшылар метаболикалық синдромды емдеу мәселелерін талқылады

Шерзат Полаттың ісідегі куәгер Эльмира Нұрбекова: Бір ер адам «қару алып, атып тастаймын» деп айқайлады

Шерзат Полаттың ісідегі куәгер Эльмира Нұрбекова: Бір ер адам «қару алып, атып тастаймын» деп айқайлады

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус жұқтырудың 668 жағдайы тіркелді

Кейінгі тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды

25 января, 2023

Essential things to Know Regarding Foreign Ladies Dating

14 июня, 2022
Доллардың бағасы тағы түсіп кетті

Доллар бағамы түсті

25 мая, 2021

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс БМЗ-дағы күкірт қышқылы цехында негізгі жабдықты ауыстырып жатыр

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жетісу» волейбол клубына — 25 жыл: марапаттау, жас спортшылармен кездесу, мастер-класс

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Қазақмыс өндірістік қажеттілік үшін меншікті генерация көздерін құру мүмкіндігін қарастыруда
  • Астанада Kazakh Spine Days 2026 халықаралық білім беру курсы басталды: 100-ден астам нейрохирург жұлын нейрохирургиясының заманауи технологияларын талқылауда
  • Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.