Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Басты

Олжас Бектенов Жамбыл облысында Jibek Joly арнайы экономикалық аймағындағы жаңа ауқымды инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты

admin by admin
17 апреля, 2025
Олжас Бектенов Жамбыл облысында Jibek Joly арнайы экономикалық аймағындағы жаңа ауқымды инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты

Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-министр Олжас Бектенов бірқатар жоба аясында Президенттің экономиканы әртараптандыру, өнеркәсіп өндірісі көлемін ұлғайту және экономиканың түрлі салаларында қайта өңдеу қарқынын арттыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді.

Байланысты

Huawei 2025 жылы Берлинде Innovation Showcase көрмесінде флагмандық тағатын құрылғыларды ұсынады

Арқалық қаласында «Өркендей бер, туған өлкем» атты патриоттық акция өтті

Түйіндемесі жоқ, бірақ қолы «алтын»: Қазақстан экономикасын шын мәнінде кім ұстап тұр

Премьер-министрге Jibek Joly арнайы экономикалық аймағының аумағында химия, өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, энергетика, металлургия салаларындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ қажетті инфрақұрылымның дамуы туралы баяндалды. Мұнда барлығы 18 қатысушы тіркелген. 2024 жылдың қорытындысы бойынша өңірге салынған инвестициялар көлемі 506 млрд теңгені құрады, 2025 жылы 9 жобаны салу нәтижесінде шамамен 850 млрд теңгеге дейін артады деп күтілуде.

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек АЭА инфрақұрылымын, оның ішінде газ және электрмен жабдықтауды, су құбырын, теміржол кірме жолдарын дамыту туралы баяндады. Қабылданған шаралар салынып жатқан өндіріс орындарының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға негіз қалыптастырады.

Сонымен қатар Премьер-министр жаңадан қолға алынған өнеркәсіп нысандарының, атап айтқанда, толық циклді металлургиялық кешен мен жүгеріні терең өңдейтін зауыт құрылысының барысымен танысты. Аталған жобалар былтырғы қараша айында Олжас Бектеновтің ҚХР-ға жұмыс сапары аясында өткен кездесулер мен қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде жүзеге асырылуда.

Қытайлық инвестор Fujian Hengwang Investment Co., Ltd компаниясының қатысуымен жалпы құны шамамен $1,2 млрд-ты құрайтын еліміздегі ең ірі металлургия зауыттарының бірінің құрылысы басталды. Жобаны қаржыландыру инвестордың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Кәсіпорын арматура, созба сымдар, жолақ және профильді болат, сондай-ақ металл өнімдерінің басқа да түрлерін шығарады.

Fujian Hengwang Investment Co., Ltd басқарма төрағасы Цзэн Чжаоцянь 2027 жылы бірінші кезеңді іске асыру аясында зауыттың өндіріс қуаты жылына 1 млн тоннаға жететінін баяндады. 2027–2029 жылдар аралығындағы екінші кезеңде өндіріс көлемін жылына 3 млн тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ кәсіпорынның қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін газ турбиналы электр стансасының құрылысы қарастырылған. 2,5 мың жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Циклдің маңызды элементі – темірді тікелей тотықсыздандыратын қоршаған ортаға зиянсыз технология қолдану.

Қазақстан темір рудасының қоры бойынша әлемде 9-шы орын алады. Өткен жылдың қорытындысына сәйкес, өндіріс көлемі 37 млн тоннаға жетті. Толық циклді металлургия кешенінің жаңа жобасы отандық металлургияның дамуына айтарлықтай үлес қосып, экологиялық таза технологияларды қолданудың үлгісіне айналады.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

«Аталған жоба еліміздегі темір рудасын терең өңдеудің толық циклі бар қара металдар мен металл өнімдерін шығаратын ірі өндірушілердің біріне айналады. Үкімет бұл зауыттың құрылысына жан-жақты қолдау жасап, оның сәтті іске қосылуына қажетті көмек көрсетеді», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сондай-ақ Премьер-министр жүгеріні терең өңдеу зауытын салу жөніндегі инвестициялық жобаның құрылыс алаңына барды. Инвестиция көлемі $800 млн-ды құрайды. Және өндірістік қуаттылығын жылына 1 млн тонна жүгеріден әрі қарай 3 млн тоннаға дейін ұлғайта отырып, тігінен интеграцияланған өнеркәсіп паркін құру жоспарлануда.

Жобаны биоферментация индустриясындағы әлемдік көшбасшы – қытайлық Fufeng Group компаниясы жүзеге асыруда. Өнеркәсіп кешен құрамына крахмал зауыты және үш биоферментация кәсіпорны кіреді. Зауыттан: лизин, глутамин, глутамин қышқылы, лейцин, треонин, жем және тағы да басқа жоғары қосылған құны бар өнімдер шығарылады деп күтілуде.

Өнеркәсіп паркінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін инвестор көмір жылу электр стансасы мен ағынды суларды тазарту стансасын салуды да жоспарлап отыр. Ары қарай тұз қышқылы мен сұйық аммиакты қоса алғанда, химиялық компоненттер шығаратын зауытты іске қосу қарастырылғаны атап өтілді. Негізгі нысандарды пайдалануға беру 2026 жылға жоспарланған. 1,5 мыңға дейін жұмыс орнын ашу көзделуде.

Олжас Бектенов бұл жобаны жүзеге асыру ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу деңгейін арттыруда, экспорттық әлеуетті дамытуда және заманауи агротехнологияларды тартуда маңызды қадам болатынын атап өтті.

Премьер-министр Сарысу ауданында «Qazaq Soda» ЖШС кальцийленген сода шығаратын зауыт құрылысының барысын тексерді. Yildirim Holding атқарушы директоры Исмаил Джейлан мен «Qazaq Soda» ЖШС директоры Рамазан Ибраимов жоба туралы баяндады. 42 гектар алқапта бірінші кезеңде қуаттылығы жылына 500 мың тонна өнім өндіретін өндіріс кешені іске асырылып, кейіннен 1 млн тоннаға дейін ұлғайтылады. Жергілікті шикізат пайдаланылатын болады. Өндіріс үдерісінде қалдықтарды нөлдік деңгейде қамтамасыз ететін технологияларды қолдану жоспарлануда.

Кальцийленген сода металлургия, шыны, тамақ, тоқыма және химия өнеркәсібінде, сондай-ақ тұрмыстық химия өндірісінде қолданылады. Бүгінде еліміздің содаға деген қажеттілігі жылына 350-400 мың тоннаны құрайды. Жобаны жүзеге асыру импортты толық алмастыруды қамтамасыз етуге және ТМД елдері мен Қытайға экспортты бастауға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары 30%-ға орындалды, негізгі жабдықтарды жеткізу жүзеге асырылуда. Зауытты пайдалануға беру 2026 жылдың тамыз айына жоспарланған. Жоба аясында 1 мың жұмыс орны, оның ішінде 400 тұрақты жұмыс орны ашылады. Инвестициялардың жалпы көлемі шамамен $400 млн-ды құрайды.

Премьер-министр Қазақстанды әлемдегі жетекші кальцийленген сода өндірушілердің қатарына қосатын, импортқа тәуелділікті төмендететін және еліміздің химия өнеркәсібін дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер туғызатын жобаны уақтылы жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Аталған жобаны жүзеге асыра отырып, еліміз Қытай, Түркия, АҚШ және Ресей сияқты әлемдегі жетекші сода өндірушілерінің қатарына қосылады.

#ҚР Премьер-министрі #Президенттің тапсырмасы #Өнеркәсіп #Өңірлер

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Алматы балалары оңалту курсынан қай жерде өтуі мүмкін: педиатрдың кеңестері

Келесі жаңалық

Қазақстанда 150 000-нан астам студент AI-Sana бағдарламасы аясында жасанды интеллект бойынша сертификат алды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Huawei 2025 жылы Берлинде Innovation Showcase көрмесінде флагмандық тағатын құрылғыларды ұсынады
Басты

Huawei 2025 жылы Берлинде Innovation Showcase көрмесінде флагмандық тағатын құрылғыларды ұсынады

20 мая, 2025
Арқалық қаласында «Өркендей бер, туған өлкем» атты патриоттық акция өтті
Басты

Арқалық қаласында «Өркендей бер, туған өлкем» атты патриоттық акция өтті

19 мая, 2025
Түйіндемесі жоқ, бірақ қолы «алтын»: Қазақстан экономикасын шын мәнінде кім ұстап тұр
Басты

Түйіндемесі жоқ, бірақ қолы «алтын»: Қазақстан экономикасын шын мәнінде кім ұстап тұр

16 мая, 2025
Tesla компаниясының оқыту әдістемесі:   компания автомобиль нарығында қандай төңкеріс жасады
Басты

Tesla компаниясының оқыту әдістемесі: компания автомобиль нарығында қандай төңкеріс жасады

15 мая, 2025
Талдықорғанда еркін күрестен Аманжол Бұғыбаевтың жүлдесіне арналған турнир басталды
Басты

Талдықорғанда еркін күрестен Аманжол Бұғыбаевтың жүлдесіне арналған турнир басталды

13 мая, 2025
«Игроманка» фильмі: лудомания туралы әлеуметтік драма үлкен экранға шығады
Басты

«Игроманка» фильмі: лудомания туралы әлеуметтік драма үлкен экранға шығады

12 мая, 2025
Келесі жаңалық
Қазақстанда 150 000-нан астам студент AI-Sana бағдарламасы аясында жасанды интеллект бойынша сертификат алды

Қазақстанда 150 000-нан астам студент AI-Sana бағдарламасы аясында жасанды интеллект бойынша сертификат алды

Бәсекелестікті қорғау агенттігі «Яндекс Такси» компаниясының қарбалас уақытта тарифтерді көтермейтінін мәлімдейді

Бәсекелестікті қорғау агенттігі «Яндекс Такси» компаниясының қарбалас уақытта тарифтерді көтермейтінін мәлімдейді

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Қазақстан Президентінің Түркияға сапары барысында 14 құжатқа қол қойылды

Қазақстан Президентінің Түркияға сапары барысында 14 құжатқа қол қойылды

11 мая, 2022
Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді

Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді

20 октября, 2021
Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар бойынша жаңа деректер жарияланды

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 25 адам жұқтырған

28 марта, 2022

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда алиментке өтініш беру нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Көрермендер тұрып қол соқты: қазақстандық әнші «Әзербайжан дауысы – 2025» шоуының жартылай финалына өтті.

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • 2 маусым күні Астанада “FranchSummit” франшиза көрмесі өтеді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • AirAsia X Алматы – Куала-Лумпур бағытының алғашқы жылдығын атап өтті, рейстер санын арттырды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Мәдениет қызметкерлері форумы: театрлар, музейлер мен кітапханаларда заманауи технологияларды қолдану мәселелері талқылануда
  • ЖАҰСО-да жол саласы мамандығы бойынша студенттерге арналған өндірістік тәжірибе маусымы ашық
  • Қазақстан мен Болгария экономикалық ынтымақтастықты күшейтуде

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.