Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Басты

ЭНЕРГЕТИКТЕР: СЕРГЕКТІК ПЕ, ӘЛДЕ ЖҮРЕККЕ ҚАУІП ПЕ? АЛМАТЫЛЫҚ КАРДИОХИРУРГ ТҮСІНДІРЕДІ

admin by admin
15 апреля, 2025
ЭНЕРГЕТИКТЕР: СЕРГЕКТІК ПЕ, ӘЛДЕ ЖҮРЕККЕ ҚАУІП ПЕ? АЛМАТЫЛЫҚ КАРДИОХИРУРГ ТҮСІНДІРЕДІ

Энергетикалық сусындар лезде сергітеді. Алайда оның құны қандай? Алматы Қалалық кардиологиялық орталығының кардиохирургі Ақнұр Арыстанова бұл сусындарды үнемі тұтыну жүрек-қантамыр жүйесіне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін екенін ескертеді.

Байланысты

Freedom Holding Corp. Bilim Group компаниясындағы үлеске ие болды

Жетінші арнада саяси партиялардың қатысуымен өткен сайлауалды телевизиялық дебат аяқталды

Астанада жеті саяси партияның қатысуымен теле дебат басталды

Көптеген энергетиктің басты компоненті — кофеин. Ол таурин, гуарана және қантпен біріге отырып, жүйке мен жүрек-қантамыр жүйесін ынталандырып, ағзаны жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Соның салдарынан қан қысымы жоғарылап, жүрек соғысы жиілейді, тамырларға артық жүктеме түседі.

Мұндай сусынды үнемі ішу гипертонияға, созылмалы шаршауға және тіпті ауыр жүрек ауруларына әкелуі мүмкін.

«Энергетиктер әсіресе жүрек-қантамыр ауруларына бейім жандар үшін аса қауіпті. Кофеиннің жоғары мөлшері аритмия туындатуы мүмкін, ал қанның қоюлануы тромбоз қаупін арттырады. Бұл инфарктке не инсультке әкелуі ықтимал», — деп түсіндірді Ақнұр Арыстанова.

Жақында Алматы Қалалық кардиологиялық орталығында болған оқиға энергетикті шамадан тыс тұтынатындар үшін дабыл боларлық жағдай болды. Дәрігерлер жүрек соғысының бұзылуы, қатты ентігу және әлсіздік белгілерімен түскен 31 жастағы пойыз жолсерігін қабылдады. Оның жүрегі қалыптан тыс ырғақпен соғып, жалпы жағдайы алаңдатарлық еді. Тексеру барысында науқастан кеңейген кардиомиопатия — жүрек бұлшықетінің созылып, қанды толықтай айдай алмауымен сипатталатын ауыр дерт анықталды. Белгілі болғандай, ер адам күн сайын ойланбастан 5-6 банка энергетикалық сусын ішкен екен. Кофеин мен стимуляторлардың шамадан тыс мөлшерде, ұзақ уақыт бойы ағзаға әсер етуі жүрек бұлшықетінің әлсіреуіне себеп болған. Дәрігерлер шұғыл ем жүргізіп, науқастың жағдайын тұрақтандырды. Алайда кеңейген кардиомиопатия — өршуі мүмкін, ауыр жағдайда жүрек трансплантациясын қажет ететін созылмалы ауру.

Дәрігер гипертониясы және жүрек ауруы бар адамдарға энергетикалық сусыннан мүлде бас тартуға кеңес береді. Себебі кофеиннің жоғары мөлшері олардың жағдайын ушықтыруы мүмкін. Сондай-ақ бұл сусындар мазасыздықтан зардап шегетіндер үшін де қауіпті, өйткені мазасыздықты күшейтіп, дүрбелең ұстамаларын туындатуы мүмкін. Жасөспірімдер мен жастар да қауіп тобына жатады, себебі олардың жүрек-қантамыр жүйесі әлі толық қалыптаспаған, сондықтан мұндай шамадан тыс жүктемеге аса сезімтал келеді.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Ағзаны кофеин мен қант арқылы жасанды ынталандырудың орнына, сергектікті табиғи жолмен арттырған дұрыс. Контрасты душ сергектік сыйлап, қан айналымын жақсартады. Далада серуендеу — қанды оттегімен қанықтырып, энергия деңгейін табиғи жолмен көтерудің бір тәсілі. Ал жеткілікті ұйқы — ағзаны қалпына келтірудің ең тиімді жолы. Сонымен қатар лимон немесе жалбыз қосылған шай жүрекке зиян келтірмей, жеңіл қуат береді.

«Энергетиктер қысқа мерзімді сергектік әсерін бергенімен, денсаулыққа елеулі зиян келтіруі мүмкін. Жүрегіңізді күтіңіз — оны артық күйзеліске түсірмеңіз!» — деп түйіндеді Ақнұр Арыстанова.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Жетісу облысында Бірлік күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының аллеясы ашылады

Келесі жаңалық

FlyArystan мобильді қосымшасын жетілдіру арқылы жолаушылардың тәжірибесін жақсартуда

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Freedom Holding Corp. компаниясы беделді Russell 3000 индексіне енгізілді
Экономика

Freedom Holding Corp. Bilim Group компаниясындағы үлеске ие болды

6 августа, 2026
Жетінші арнада саяси партиялардың қатысуымен өткен сайлауалды телевизиялық дебат аяқталды
Басты

Жетінші арнада саяси партиялардың қатысуымен өткен сайлауалды телевизиялық дебат аяқталды

6 августа, 2026
145 МАНДАТҚА 545 КАНДИДАТ: ОСК ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІМДЕРДІ ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРДЫ
Саясат

Астанада жеті саяси партияның қатысуымен теле дебат басталды

5 августа, 2026
«Мұра жіптері»: Ә. Қастеев музейінде Батима Заурбекованың гобелен өнеріне арналған ауқымды көрме өтеді
Мәдениет

«Мұра жіптері»: Ә. Қастеев музейінде Батима Заурбекованың гобелен өнеріне арналған ауқымды көрме өтеді

4 августа, 2026
Құрылтай сайлауына халықаралық байқаушылар жоғары қызығушылық танытуда
Басты

Құрылтай сайлауына халықаралық байқаушылар жоғары қызығушылық танытуда

3 августа, 2026
Әдеп пен білім – қоғамның берік тірегі
Басты

Әдеп пен білім – қоғамның берік тірегі

1 августа, 2026
Келесі жаңалық
FlyArystan мобильді қосымшасын жетілдіру арқылы жолаушылардың тәжірибесін жақсартуда

FlyArystan мобильді қосымшасын жетілдіру арқылы жолаушылардың тәжірибесін жақсартуда

Микромобильділік серпілісі: көктемде қазақстандықтар екі дөңгелекті көлікке қалай көшеді

Микромобильділік серпілісі: көктемде қазақстандықтар екі дөңгелекті көлікке қалай көшеді

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Тоқаев Қазақстанда жаңа агенттік құрылатынын мәлімдеді

26 января, 2021
Мемлекет басшысы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады

19 мая, 2022
«Дәстүр: Теріс бата» мистикалық триллерінің онлайн-тұсаукесері — эксклюзивті түрде Freedom Media-да

«Дәстүр: Теріс бата» мистикалық триллерінің онлайн-тұсаукесері — эксклюзивті түрде Freedom Media-да

2 апреля, 2026

Топ жаңалықтар

  • Қазақстандық азамат журналист Лұқпан Ахмедияровты жала жапқаны үшін жауапқа тартуды талап етті

    «Дауысы сенімді, бірақ сөзі жалған»: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы дипфейктердің танымал адамдарды ақпараттық манипуляцияларда қалай пайдаланатынын көрсетті

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Туризм және спорт министрі «Болашақ ойындары 2026» аясындағы фиджитал-футбол жарысына қатысты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Halyk қорының 10 жылдығына орай: Алматы облысында ауыл балалары арасында республикалық турнир өтеді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстандық азамат журналист Лұқпан Ахмедияровты жала жапқаны үшін жауапқа тартуды талап етті

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды
  • Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі
  • «Қазақмыс» қызметкерлердің өтініштері бойынша жолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізуде

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.