Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Денсаулық

Жетісу облысына – 3 жыл: 81 медицина мекемесі салынып, дәрігер жетіспеушігі 20,3 % қысқарды

admin by admin
11 апреля, 2025
Жетісу облысына – 3 жыл: 81 медицина мекемесі салынып, дәрігер жетіспеушігі 20,3 % қысқарды

Жетісу облысы құрылғаннан бері медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысандарымен 81 елді мекен қамтылды, ал дәрігер тапшылығы 20,3%-ға төмендеді. Биыл тағы 72 елді мекенде жаңа медициналық мекемелер бой көтереді, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Байланысты

Алматы қаласындағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері тыныс жолына бөгде зат түскен 10 айлық сәбидің өмірін сақтап қалды

Қарағандыда Қазақстан нейрохирургтарының VI Конгресі өз жұмысын бастады

Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

Облыс құрылғалы бері өңірде Кербұлақ ауданының Сарыөзек ауылында 250 орынға арналған емхана, Көксу ауданы Ақшатоған, Еңбекшіқазақ ауылдарында, Алакөл ауданы Қамысқала ауылында, Панфилов ауданы Шежін ауылында 4 фельдшерлік-акушерлік пункт, Ақсу ауданы Сағабүйен ауылында дәрігерлік амбулатория, Алтынарық ауылында медпункт салынды. Сол сияқты 58 блок-модульді кешен орнатылды, соның ішінде республикада тұңғыш рет Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылында және Панфилов ауданының Жаркент қаласында блок-модульдік конструкцияны қолдана отырып тұрғызылған жедел және шұғыл медициналық көмек қосалқы станциясы да бар. Осындай нысандар биыл тағы 4ауданда – Қаратал ауданының Үштөбе қаласында, Кербұлақ ауданының Сарыөзек ауылында, Көксу ауданының Балпық би ауылында, Текелі қаласында бой көтереді.

Оған қоса «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы шеңберінде 15 нысанның құрылысы аяқталып, тағы 44-інің құрылысы жалғасуда. Сонымен қатар Қаратал ауданы Үштөбе қаласында демеушілер есебінен 50 орынды дәрігерлік амбулатория бой көтерді.

Сонымен бірге үш жыл ішінде 7 нысанға күрделі жөндеу жүргізілсе, биыл тағы 7-еуі күрделі жөндеуден өткізіледі.

Қабылданған осындай шаралардың арқасында денсаулық сақтау саласында бейімделген ғимараттардың саны 209-дан 127-ге қысқарды.

Сондай-ақ биыл бейімделген немесе жалға алынған ғимаратта отырған 72 медициналық мекеме үшін жаңа нысандар салынып, жабдықтау жоспарланған. Оған қоса биыл Талдықорғанда инвестор компанияның қаржысына 200 орынды заманауи онкологиялық диспансердің құрылысы басталады.

Облыста медициналық кадрлар жетіспеушілігі мәселесін шешуге де ерекше көңіл бөлінуде. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес республикада алғашқы болып өңірдегі ауылдық жерге жұмысқа келген дәрігерлерге 10 млн. теңгеден, қалалық жерге 5 млн. теңгеден бір реттік көтермеақы беру жүйесі енгізілді.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Осы мақсатқа 2024 жылы жергілікті бюджеттен 495 млн. теңге бөлінді. Соның нәтижесінде былтыр көтермеақы 75 дәрігерге төленді, оның 24-і ауылдық жерде, 51-і қалалық жерде жұмыс істейді. Осындай шаралардың арқасында облыста кадр тапшылығының саны 202-ден 161-ге, яғни 20,3%-ға төмендеді.

Ауылдық жерге келген дәрігердің бірі — 17 жылдық еңбек өтілі бар хирург Нұрмұхамед Байжанов. Ол Қабанбай ауылындағы Алакөл аудандық орталық ауруханасының бөлімшесіне жұмысқа тұрған.

— Әрине, жұмыс істеу оңай емес, кішігірім жарақаттарды қоспағанда, күніне 2-3 күрделі ота жасалады. Бірақ, біз, дәрігерлер бұл жолды өзіміз таңдадық. Біздің басты міндетіміз – адамдарға көмектесу. Менің балалар хирургы, травматологы, балалар ортопеді, балалар урологы бағытында 4 сертификатым бар. Сондықтан емізулі жастағы нәрестелерден бастап түрлі операциялар жасай аламын. Біздің бөлімде лапароскоп құрылғысы бар, бұл кез келген ауруханада бола бермейді. Мұндай заманауи медициналық жабдықты пайдалану жұмысымызды едәуір жеңілдетіп, науқастың операциядан кейінгі оңалту процесін жеделдетеді, — дейді маман.

Жалпы облыстағы медицина нысандарының базасында кардиохирургия, онкология бойынша күрделі операциялар жасалуда.

Мәселен, облыстық кардиологиялық орталықта бүгінгі күні жоғары технологиялы медициналық көмектің 20 түрі көрсетіледі. Өткен жылы мұнда 380 ота жасалса, биыл тағы 450-ден астам ота жасалады деп күтілуде. Атап өтерлігі, клиникада жасанды интеллектісі бар жүрек ресинхрондау терапиясы қолданылады. Сол сияқты биылғы жылдан бастап кардиохирургиялық оталар балаларға да жасала бастады.

Бұл ретте Талдықорғандағы облыстық перинаталдық орталықта 2023 жылы ашылған «Қамқорлық» ерте араласу оңалту орталығын да атап өтуде болады.  Бұл инновациялық орталықта нейро-ортопедиялық аурулары бар, оның ішінде церебралды сал ауруы бар балаларды оңалтудың әлемдік үздік әдістемелері мен заманауи тәсілдері енгізілген. Нысан 2023-2024 жылдары 215 балаға оңалту шараларын жүргізсе, биыл жыл басынан бері 51 баланы қабылдады.

Материалдық-техникалық базаның жайына келсек, үш жыл ішінде медициналық  мекемелерді қажетті құрал-жабдықпен қамту деңгейі 93% жетті. 2022-2024 жылдары 133 жедел жәрдем көлігі сатып алынса, соның көпшілігі ауылдық жерлерге жіберілді, биыл тағы 29 санитарлық көлік алынады деп жоспарланған.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фотосуреттер облыс әкімі баспасөз қызметінің архивінен алынды

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

01.04.2025 жылғы жағдай бойынша «Jusan Garant» СК» АҚ бухгалтерлік балансы және кірістер мен шығыстар туралы есебі

Келесі жаңалық

Енсебек ісі: сараптама ұлттың абыройы мен қадір-қасиетін қорлау белгілерін анықтады

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Алматы қаласындағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері тыныс жолына бөгде зат түскен 10 айлық сәбидің өмірін сақтап қалды
Денсаулық

Алматы қаласындағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері тыныс жолына бөгде зат түскен 10 айлық сәбидің өмірін сақтап қалды

11 июня, 2026
Қарағандыда Қазақстан нейрохирургтарының VI Конгресі  өз жұмысын бастады
Денсаулық

Қарағандыда Қазақстан нейрохирургтарының VI Конгресі өз жұмысын бастады

5 июня, 2026
Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады
Денсаулық

Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

28 мая, 2026
Алматыда өткен мерейтойлық Ұлттық ІҚА форумы гастроэнтерология, колопроктология, педиатрия, хирургия және аралас салалардың жетекші мамандарын жинады
Денсаулық

Алматыда өткен мерейтойлық Ұлттық ІҚА форумы гастроэнтерология, колопроктология, педиатрия, хирургия және аралас салалардың жетекші мамандарын жинады

22 мая, 2026
Астанада Kazakh Spine Days 2026 халықаралық білім беру курсы басталды: 100-ден астам нейрохирург жұлын нейрохирургиясының заманауи технологияларын талқылауда
Денсаулық

Астанада Kazakh Spine Days 2026 халықаралық білім беру курсы басталды: 100-ден астам нейрохирург жұлын нейрохирургиясының заманауи технологияларын талқылауда

16 мая, 2026
Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды
Денсаулық

Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

16 апреля, 2026
Келесі жаңалық
Енсебек ісі: сараптама ұлттың абыройы мен қадір-қасиетін қорлау белгілерін анықтады

Енсебек ісі: сараптама ұлттың абыройы мен қадір-қасиетін қорлау белгілерін анықтады

Жетекші отандық және шетелдік сарапшылар Алматыда ревматологиялық аурулардың алдын алу мен емдеудің заманауи тәсілдерін талқылауда

Жетекші отандық және шетелдік сарапшылар Алматыда ревматологиялық аурулардың алдын алу мен емдеудің заманауи тәсілдерін талқылауда

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Бірыңғай сатып алу платформасын іске қосу туралы

Бірыңғай сатып алу платформасын іске қосу туралы

30 апреля, 2026
Алматыда еліміздің оңтүстік өңірінде алғаш рет Farapulse Ablation технологиясы бойынша жүрекке бірегей ота жасалды

Алматыда еліміздің оңтүстік өңірінде алғаш рет Farapulse Ablation технологиясы бойынша жүрекке бірегей ота жасалды

27 августа, 2025
Алматы онкологиялық орталығында өңеш пен бүйрекке бір мезгілде жасалған екі күрделі ота сәтті аяқталды

Алматы онкологиялық орталығында өңеш пен бүйрекке бір мезгілде жасалған екі күрделі ота сәтті аяқталды

7 апреля, 2025

Топ жаңалықтар

  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындарының жағалауын тазартты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді
  • Назгүл Жұмағұлова Тәуекелі тастай кәсіпкер
  • Сахна сыртындағы құпиялар және аншлаг жинаған премьера: Cirque du Soleil Алматыдағы OVO гастрольдерін бастады

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.