---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/04/11/flyarystan-almatydan-%d2%9bytajdy%d2%a3-inin-%d2%9b%d2%b1lzha-%d2%9balasyna-zha%d2%a3a-rejs-ashuda/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# FlyArystan Алматыдан Қытайдың Инин (Құлжа) қаласына жаңа рейс ашуда

![FlyArystan Алматыдан Қытайдың Инин (Құлжа) қаласына жаңа рейс ашуда](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/04/samolet.-foto-pxhere.com_-750x375-1.jpg)

**Қазақстандық FlyArystan лоукостері Қытайға Алматы – Инин (Құлжа) – Алматы жаңа маусымдық бағыты бойынша билеттерді сатылымының басталғанын хабарлайды.**

Алғашқы рейс 2025 жылдың 18 мамырына жоспарланған. Рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.

FlyArystan бұл бағытта қызмет көрсететін алғашқы қазақстандық әуекомпания болмақ. Инин, сондай-ақ Құлжа атауымен белгілі қала, Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағында орналасқан және Іле-Қазақ автономиялық аймағының әкімшілік орталығы қызметін атқарады. Қазақ диаспорасының басым көпшілігі осы қалада тұрады. Инин Қазақстан мен Қытай шекарасындағы негізгі көлік торабы Хоргос маңына жақын орналасқан. Алматыдан Ининге дейінгі жол құрлықпен орта есеппен 10 сағатты алса, рейспен шамамен бір сағат уақытты алады.

Алматы – Инин (Құлжа) бағыты бойынша билет бағасы барлық салықтар мен жолжүкті қоса алғанда бір бағытқа 15 000 теңгеден басталады. Билеттер [www.flyarystan.com](http://www.flyarystan.com) ресми сайтында, мобильді қосымша арқылы және басқа сату арналары арқылы брондауға қолжетімді.

Сонымен қатар, FlyArystan бұған дейін Астанадан Үрімшіге 2025 жылдың 13 сәуірінен бастап аптасына екі рет орындалатын рейстердің қайта басталатынын жариялаған болатын. Астанадан ұшу бейсенбі және жексенбі күндері жоспарланған, ал Үрімшіден кері рейстер дүйсенбі және жұма күндері орындалады.

Айта кетейік, 2025 жыл ресми түрде Қытайдың Қазақстандағы Туризм жылы болып жарияланды. 2023 жылдың 10 қарашасынан бастап екі ел арасында визасыз режим енгізілді.

***FlyArystan туралы:***

*FlyArystan – Air Astana тобының 100% еншілес компаниясы болып табылатын қазақстандық лоукостер. Ол өз қызметін 2019 жылдың мамыр айында бастады. 2025 жылдың қаңтар айынан бастап FlyArystan өз сертификатымен, FS коды бойынша жеке әуекомпания ретінде қызмет көрсетуде. Әуекомпания Алматы, Астана және Ақтау қалаларында орналасқан базаларындағы заманауи A320 ұшақтарынан құралған әуе паркімен кең ауқымды маршруттар желі бойынша рейстер орындайды. FlyArystan маршруттар желісі ішкі және халықаралық рейстерді, сондай-ақ чартерлік бағыттарды қамтиды. FlyArystan 2023 және 2024 жылдары екі рет Skytrax World Airline Awards тарапынан Орталық Азия және ТМД-ның ең үздік бюджеттік әуекомпаниясы болып танылды.*

---

Жарияланды: 2025-04-11T07:31:41+06:00

Жаңартылды: 2025-04-11T07:31:41+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/04/11/flyarystan-almatydan-%d2%9bytajdy%d2%a3-inin-%d2%9b%d2%b1lzha-%d2%9balasyna-zha%d2%a3a-rejs-ashuda/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.