---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/04/11/%d2%9bao-automechanika-astana-k%d3%a9rmesi-ayasynda%d2%93y-iskerlik-ba%d2%93darlama%d2%93a-%d2%9batysu%d2%93a-sha%d2%9byrady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ҚАО Automechanika Astana көрмесі аясындағы іскерлік бағдарламаға қатысуға шақырады

![ҚАО Automechanika Astana көрмесі аясындағы іскерлік бағдарламаға қатысуға шақырады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/04/photo-2025-04-11-12-11-29.jpg)

**2025 жылғы 15-17 сәуір аралығында Астана қаласында Automechanika Astana халықаралық көрмесі өтеді — бұл автокомпоненттер, автосервис және аймақтың автокөлік өнеркәсібі саласындағы маңызды оқиға. Көрменің ресми серіктесі болып табылатын «Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО)  бірінші күні саланың жетекші сарапшылары қатысатын мазмұнды іскерлік бағдарламаны дайындауда.**

Өткізудің  1-ші күні, **2025 жылғы 15 сәуірде, сағат 11:30-дан бастап**сізді кәсіби пікірталастар, эксклюзивті талдаулар, күтпеген болжамдар, сондай-ақ нақты жағдайларды талқылайтын ашық диалог күтіп тұр. Негізгі назарда — отандық өндірісті дамыту, автокөлік нарығының тенденциялары, экспорттық әлеует, стандарттау және жаңа инвестициялық мүмкіндіктер.

Бағдарлама «Ел ішіндегі құндылық: тәуелсіздікке қадамдар» атты сессиямен ашылады. Бұл сессияда локализация, халықаралық компаниялармен ынтымақтастық және Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін нығайту мәселелері талқыланады. Спикерлер қатарында — бизнес өкілдері, салалық одақтар мен сарапшылар бар.

**«Қазақстанның Автокөлік Одағы»** барлық нарық қатысушыларын, автокөлік әуесқойларын, сарапшыларды және БАҚ өкілдерін маңызды салалық диалогқа қосылуға шақырады. Іскерлік бағдарламаға қатысу — бұл өзекті трендтерден хабардар болу, сізді қызықтыратын сұрақтарға сарапшылардан жауап алу, сондай-ақ серіктестіктер мен өсудің жаңа нүктелерін табу мүмкіндігі.

Automechanika Astana 2025 көрмесінде жолығайық!

**Күні:** 2025 жылғы 15 сәуір

**Көрменің ашылуы:** сағат 11:00-де

**Іскерлік бағдарламаның басталуы:** сағат 11:30-да

**Өтетін орны:** Астана қ-сы,  «ЭКСПО» халықаралық көрме орталығы

***Анықтама:**** *

*«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) – «Казахстанский Автомобильный Союз» заңды тұлғалар бірлестігі – 2023 жылдың 21 шілдесінде Астанада құрылған коммерциялық емес құрылым.** *

*ҚАО құрамына Қазақстанның автоөндірушілер қауымдастығы; Қазақстанның автокомпонент өндірушілері қауымдастығы; Қазақстанның дилерлер қауымдастығы; Қазақстанның жүрген автомобильдерді сату бойынша қауымдастығы; Қазақстанның автосарапшылар және аудиторлар қауымдастығы (автомобильжасау өнімдерінің сәйкестігін бағалау) кірді.*

 

---

Жарияланды: 2025-04-11T05:57:27+06:00

Жаңартылды: 2025-04-11T07:27:28+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/04/11/%d2%9bao-automechanika-astana-k%d3%a9rmesi-ayasynda%d2%93y-iskerlik-ba%d2%93darlama%d2%93a-%d2%9batysu%d2%93a-sha%d2%9byrady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.