ҚАО Automechanika Astana көрмесі аясындағы іскерлік бағдарламаға қатысуға шақырады

ҚАО Automechanika Astana көрмесі аясындағы іскерлік бағдарламаға қатысуға шақырады

2025 жылғы 15-17 сәуір аралығында Астана қаласында Automechanika Astana халықаралық көрмесі өтеді — бұл автокомпоненттер, автосервис және аймақтың автокөлік өнеркәсібі саласындағы маңызды оқиға. Көрменің ресми серіктесі болып табылатын «Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО)  бірінші күні саланың жетекші сарапшылары қатысатын мазмұнды іскерлік бағдарламаны дайындауда.

Өткізудің  1-ші күні, 2025 жылғы 15 сәуірде, сағат 11:30-дан бастап сізді кәсіби пікірталастар, эксклюзивті талдаулар, күтпеген болжамдар, сондай-ақ нақты жағдайларды талқылайтын ашық диалог күтіп тұр. Негізгі назарда — отандық өндірісті дамыту, автокөлік нарығының тенденциялары, экспорттық әлеует, стандарттау және жаңа инвестициялық мүмкіндіктер.

Бағдарлама «Ел ішіндегі құндылық: тәуелсіздікке қадамдар» атты сессиямен ашылады. Бұл сессияда локализация, халықаралық компаниялармен ынтымақтастық және Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін нығайту мәселелері талқыланады. Спикерлер қатарында — бизнес өкілдері, салалық одақтар мен сарапшылар бар.

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» барлық нарық қатысушыларын, автокөлік әуесқойларын, сарапшыларды және БАҚ өкілдерін маңызды салалық диалогқа қосылуға шақырады. Іскерлік бағдарламаға қатысу — бұл өзекті трендтерден хабардар болу, сізді қызықтыратын сұрақтарға сарапшылардан жауап алу, сондай-ақ серіктестіктер мен өсудің жаңа нүктелерін табу мүмкіндігі.

Automechanika Astana 2025 көрмесінде жолығайық!

Күні: 2025 жылғы 15 сәуір

Көрменің ашылуы: сағат 11:00-де

Іскерлік бағдарламаның басталуы: сағат 11:30-да

Өтетін орны: Астана қ-сы,  «ЭКСПО» халықаралық көрме орталығы

Анықтама: 

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) – «Казахстанский Автомобильный Союз» заңды тұлғалар бірлестігі – 2023 жылдың 21 шілдесінде Астанада құрылған коммерциялық емес құрылым. 

ҚАО құрамына Қазақстанның автоөндірушілер қауымдастығы; Қазақстанның автокомпонент өндірушілері қауымдастығы; Қазақстанның дилерлер қауымдастығы; Қазақстанның жүрген автомобильдерді сату бойынша қауымдастығы; Қазақстанның автосарапшылар және аудиторлар қауымдастығы (автомобильжасау өнімдерінің сәйкестігін бағалау) кірді.