---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/04/10/flyarystan-kara%d2%93andy-ystamb%d2%b1l-kara%d2%93andy-ba%d2%93yty-bojynsha-nau%d2%9ban-zhariyalajdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# FlyArystan Карағанды – Ыстамбұл – Карағанды бағыты бойынша науқан жариялайды

![FlyArystan Карағанды – Ыстамбұл – Карағанды бағыты бойынша науқан жариялайды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/04/photo_2025-04-10-18.02.27.jpeg)

Қазақстандық лоукостер FlyArystan Карағанды – Ыстамбұл – Карағанды бағыты бойынша әуебилеттерді сату үшін жеңілдіктер науқанын жариялайды. Науқан маусым айындағы рейстерді қамтиды. Жаңа бағыт бойынша алғашқы рейс **2025 жылдың 4 маусымында** орындалады. Рейстер аптасына екі рет – сәрсенбі және жұма күндері жүзеге асырылатын болады.

Жеңілдікпен билеттердің бағасы стандартты тариф бойынша Карағандыдан Ыстамбұлға ұшатын бағытқа**55 000 теңгеден** басталады, ал Ыстамбұлдан Карағандыға ұшатын бағытқа **53 000 теңгеден** басталады. Сонымен қатар, науқанның аясында жолаушылар жолжүк тарифтік топтамаларын 65%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады:

– 20 кг жолжүкті қамтитын «Комфорт» топтамасы – Карағандыдан Ыстамбұлға ұшатын бағытта **65 000 теңгеден** бастап және Ыстамбұлдан Карағандыға ұшатын бағытта **63 000 теңгеден** бастап.

– 32 кг жолжүкті қамтитын «Комфорт +» топтамасы – Карағандыдан Ыстамбұлға ұшатын бағытта **69 000 теңгеден** бастап және Ыстамбұлдан Карағандыға ұшатын бағытта **67 000 теңгеден** бастап.

**«Комфорт»** және**«Комфорт +»** тарифтік пакеттері қамтитын қызметтер жайлы толық ақпарат әуекомпанияның ресми сайтындағы [«Тарифтік пакеттер»](https://flyarystan.com/fare-bundles) бөлімінде қолжетімді.

FlyArystan саяхаттарды алдын ала жоспарлап, әуебилеттер мен қосымша қызметтерді тиімді бағамен сатып алуға кеңес береді.

Әуебилеттерді жеңілдікпен**FlyArystan қосымшасынан,**[www.flyarystan.com](http://www.flyarystan.com/) сайтынан және басқа да ресми сату арналарынан сатып алуға болады. Науқан бойынша билеттердің саны шектеулі.

FlyArystan – аталмыш бағыттағы рейстерді жүзеге асыратын алғашқы әуе тасымалдаушысы.

---

Жарияланды: 2025-04-10T13:11:25+06:00

Жаңартылды: 2025-04-10T13:11:25+06:00

Авторлар: [Амин Абдулманов](https://qazaqpress.kz/author/amin-abdulmanov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/04/10/flyarystan-kara%d2%93andy-ystamb%d2%b1l-kara%d2%93andy-ba%d2%93yty-bojynsha-nau%d2%9ban-zhariyalajdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.