---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/04/10/eki-my%d2%a3%d2%93a-zhuy%d2%9b-azamat-zhe%d2%a3ildetilgen-ipoteka-alu%d2%93a-%d3%a9tinish-berdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Екі мыңға жуық азамат жеңілдетілген ипотека алуға өтініш берді

![Екі мыңға жуық азамат жеңілдетілген ипотека алуға өтініш берді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/04/2025_04_09_crop-12_5_710x1263_zixs2mdcuqh42lydexqhnhkgml7siu5bxvd21grb.jpg)

**Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жүзеге асырылып жатқан жұмыс істейтін жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасының алғашқы кезеңі аяқталуға жақын. Биыл жалға берілген пәтерлерде тұрып жатқан 2 000-нан астам жастың бес жылдық жалдау мерзімі аяқталады, деп хабарлайды [Egemen.kz](https://egemen.kz/).**

Бағдарлама жастар үшін үлкен мүмкіндікке айналды: олар төмен бағамен пәтер жалдап, осы уақыт ішінде өз баспанасына бастапқы жарна жинай алады.

Әсіресе әлеуметтік осал санаттағы жастарға қолдау көрсету мақсатында, өңірлік деңгейде жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар аясында арнайы квота бөлінді.

«Отбасы банк» арқылы ұсынылатын жеңілдетілген несие шарттары төмендегідей:

- Бастапқы жарна: 10%
- Жылдық мөлшерлеме: 5%
- Ең жоғары сома: 20 млн теңгеге дейін
- Несиелендіру мерзімі: 19 жылға дейін

Бүгінгі күнге дейін 1 873 жас «Отбасы банк» филиалдарына жеңілдетілген ипотека алу үшін өтініш беріп үлгерді. Бұл жалпы қатысушылар санының 75%-ын құрайды.

Қала бойынша статистика:

- Астана: 677 өтініш
- Алматы: 708 өтініш
- Шымкент: 488 өтініш

Осы қатысушылардың ішінде:

- 262 адам қазірдің өзінде баспана иесі атанды (Астанада – 231, Алматыда – 31)
- 316 жас өзіне қолайлы тұрғын үй іздеп жатыр

Өтініш қабылдау жалғасып жатыр.

*Фото: ашық дереккөз*

---

Жарияланды: 2025-04-10T07:17:10+06:00

Жаңартылды: 2025-04-10T07:17:10+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/04/10/eki-my%d2%a3%d2%93a-zhuy%d2%9b-azamat-zhe%d2%a3ildetilgen-ipoteka-alu%d2%93a-%d3%a9tinish-berdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.