FlyArystan және Almaty Marathon эксклюзивті серіктестік туралы хабарлайды

FlyArystan және Almaty Marathon эксклюзивті серіктестік туралы хабарлайды

Қазақстандық лоукостер FlyArystan және елдегі ең ірі жүгіру жобасы Almaty Marathon спорттықөмір салтын қолдауға бағытталған серіктестікті бастады. Бұл бастама аясында 2025 жылдың ең ірі марафондарының қатысушылары әуебилеттерді рәсімдеуде арнайы промокодтарды қолдана алады.

Ричард Леджер, «FlyArystan» АҚ президенті:

«Almaty Marathon секілді жүгіру жарыстары мыңдаған жандарды біріктіріп, белсенді өмір салтын ұстануды насихаттайды, сонымен қатар Қазақстандағы спорттық мәдениетті нығайтады. Біз қатысушыларға сапарларын тиімді әрі ыңғайлы жоспарлауға мүмкіндік беріп, оларға қолдау көрсетуге қуаныштымыз. Енді спортшылар мен жүгіру әуесқойлары FlyArystan ұсынған қолжетімді әуебилеттерін пайдаланып, марафонға қатысу мүмкіндігін барынша жеңіл жоспарлай алады. Бұл серіктестік – FlyArystan-ның саяхаттарды қолжетімді ету жолындағы тағы бір қадамы».

2025 жылғы 20 сәуірде Алматыда өтетін Almaty Half Marathon 2025 көктемгі жүгіру жарысына қатысушылар әуекомпанияның ресми www.flyarystan.com  сайтында әуебилеттерді сатып алу кезінде 30% жеңілдік беретін арнайы промокод алады.

Промокод жартылай марафон ұйымдастырушыларының тарапынан іс-шараға тіркелгеннен кейін қатысушыларға беріледі және арнайы ұсыныс шарттарына сәйкес келетін күндерде Алматыға/Алматыдан ұшу рейстеріне қолданылады.

Промокодты қайда енгізу қажет:

 

Жеңілдік қандай рейстерге қолданылады:

Қолдану шарттары:

Лоукостер FlyArystan стандартты тиімді тарифіне келесі қызметтер кіретінін еске салады:

 

Салтанат Казыбаева, «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының атқарушы директоры:

«Жүгіру адамдарды біріктіреді және біз үлкен жарыстарымыздың аймақтардан келетін қатысушылар үшін қолжетімдірек бола түсуіне қуаныштымыз. FlyArystan-ның қолдауы кедергілерді еңсеріп, спортты барынша қолжетімді етуге және көптеген адамдар үшін қатысуға шабыт бергені анық. Арнайы тарифтер арқылы шалғай қалалар мен ауылдардан келген жүгірушілер біздің іс-шараларға қатысып, жүгіру қауымының бір бөлігі болуға, халықаралық старттың атмосферасын сезінуге мүмкіндік алды».

Осы тұста, «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастырған басқа да ірі жүгіру жарыстары аясында промокодтар жоспарланғанын хабарлаймыз. Жарыстар дәстүрлі түрде Алматы, Астана және Түркістан қалаларында өтеді.

Алдағы жарыстарға арналған промокодтар сайтпен қатар, FlyArystan мобильді қосымшасында да қолжетімді болады:

Сонымен қатар, әрбір марафон сөресінің алдында қатысушылар арасында лоукостер тарапынан әуебилеттері ойнатылатын болады.

*Әуебилеттерінің тарифі әуежай салықтары мен қызмет көрсету төлемдерін қамтымайды.