Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

«AMANAT» партиясы Жеңістің 80 жылдығына орай ескерткіштерді абаттандыру бойынша ауқымды акция бастады

admin by admin
9 апреля, 2025
«AMANAT» партиясы Жеңістің 80 жылдығына орай ескерткіштерді абаттандыру бойынша ауқымды акция бастады

2025 жылы бүкіл әлем Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтпек. Әкелеріміз, аталарымыз бен ардақты бабаларымыз майданда жауға қарсы жан аямай шайқасып, тылда тынымсыз еңбек етіп, болашақ ұрпаққа бейбіт өмір мен азаттық сыйлады. «AMANAT» партиясы бұл ерлікті есте сақтау – қасиетті борыш деп санайды. Осы орайда партия мүшелері соғыс қаһармандарына арналған ескерткіштерді, мемориалдық кешендерді қалпына келтіру және абаттандыру бойынша ауқымды акция бастады.

Байланысты

01.07.2026 жылғы жағдай бойынша «Alatau City Garant » СК» АҚ бухгалтерлік балансы және кірістер мен шығыстар туралы есебі

Маусым айында Қазақстанда 168 мыңға жуық автокөлік есепке қойылды

Beeline Қазақстан Paryz Bridge тәуелсіз зерттеуінің қорытындысы бойынша «Ақпарат және байланыс» саласындағы үздік жұмыс беруші атанды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи жадымызды сақтау мен ата-баба ерлігіне құрмет көрсету мәселесін үнемі назарда ұстап келеді. Президенттің айтуынша, Жеңіс күні – әрбір қазақстандықтың жүрегінен ерекше орын алатын мереке. Өйткені бұл соғыс барлық отбасының тарихында өз ізін қалдырғаны анық.

Биыл сондай-ақ қазақтың үш бірдей даңқты қаһарманының мерейтойы атап өтіледі: Бауыржан Момышұлының туғанына – 115 жыл, Мәлік Ғабдуллинге – 110 жыл, Әлия Молдағұловаға – 100 жыл. Бұл даталар – қазақстандықтардың соғыс жылдарындағы ерлігін еске салып, оны ұмытпауға міндеттейді.

Осы маңызды оқиғалар қарсаңында «AMANAT» партиясы бүкіл республика аумағында Ұлы Отан соғысы батырларына арналған ескерткіштерді, мемориалдық кешендерді және басқа да тарихи орындарды абаттандыру бойынша ауқымды акцияға бастамашы болды. Игі істі алғаш болып Павлодар облысының партия мүшелері қолға алды: облыстық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Александр Терентьев өз қаражаты есебінен Ақтоғай ауданындағы ескерткішті қалпына келтіріп, айналасын реттеуге үлес қосты.

«Тарихи жадымызды сақтау – ұлттық сана мен патриотизмнің негізі. Біздің партия Ұлы Отан соғысы батырларының ерлігін ұрпақ жадында мәңгі қалдыру үшін жүйелі түрде жұмыс атқарып келеді. «Ардагерлерді ардақтайық», «Ұлттық мұра» партиялық жобалары, сондай-ақ «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында ескерткіштер мен мемориалдарды тұрақты түрде ретке келтіріп отырамыз. Бұл тек тазалық мәселесі емес, ең алдымен Отан үшін жанын қиған ерлерге деген құрмет пен тағзым. Барша қазақстандықтарды осы игі іске атсалысуға шақырамын», – дейді халық қалаулысы.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Аталған бастаманы еліміздің өзге де аймақтарындағы партия мүшелері қолдады. Мәселен, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Руслан Шамкенов Жібек жолы ауылындағы Ұлы Отан соғысы жауынгерлеріне арналған даңқ ескерткішін жөндеуді бастайтынын мәлімдеді. Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының депутаты Берік Ыхсанов Жәнібек ауылындағы бауырластар зиратын абаттандыратынын айтты.

Айта кетейік, «AMANAT» партиясы тарихи жадымызды сақтау және ардагерлерге қолдау көрсету мәселесімен жүйелі түрде айналысып келеді. «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ардагерлерге көмек көрсету, белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын ашу, соғыс батырлары туралы кітаптар шығару секілді жұмыстар жүзеге асуда. Мәслихаттағы партия депутаттарының арқасында ардагерлерге мерекелік төлемдер мен жәрдемақылар тағайындалып, арнаулы үйлер салынып, медициналық тексерулер мен мәдени іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Сонымен қатар былтырдан бері партия мүшелері Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «Таза бейсенбі» акциясын өткізіп келеді. Әр апта сайын мыңдаған адам көшелерге шығып, қоғамдық орындарды, аулаларды, саябақтар мен скверлерді, соның ішінде соғысқа арналған ескерткіштерді тазалап жүр.

Игі бастама жергілікті жерлерде кең қолдау тапты. Ақтөбе облысы Хромтау қаласында партия мүшелері «Ана-Мәңгілік» ескерткішінің айналасын ретке келтірді.

«Бұл ескерткіш – ел азаттығы жолында жанын қиған жауынгерлерге және өмір жолы бәрімізге үлгі болатын ардагерлерге арналған шексіз алғысымыздың белгісі. Мемориал аумағын таза әрі тәртіппен ұстау – бәріміздің ортақ борышымыз», – дейді партияның Хромтау аудандық филиалының атқарушы хатшысы Майра Балқыбаева.

Қостанай облысы Б.Майлин ауданында партия белсенділері «Батырларға тағзым» мемориалы маңында тазалық жұмыстарын өткізіп, ерлерге деген құрметін көрсетті. Жергілікті тұрғындар мұндай іс-шаралар жас ұрпақты ел қорғаушылардың ерлігіне тағзым етуге тәрбиелейді деп атап өтті.

Қарағанды облысы Сарань қаласында партия мүшелері тыл еңбеккері Халима Ғабдрахманованы арнайы барып құттықтады. Биыл ол 101 жасқа толды. Ол 1924 жылы Киров облысында туған, 1950 жылдардың басында Қазақстанға көшіп келген. Соғыс жылдары Қүзембаев атындағы шахтада жарушы болып жұмыс істеген. Қазір Актас кентінде тұрады. Жасына қарамастан, Халима әже әлі де сергек, қонақтарды қуана қарсы алады.

«Мен қысқа курстан өтіп, жарушы болдым. Бұл ауыр әрі қауіпті жұмыс еді: 10 келі жарылғыш зат, детонатор, электр кабелі, ауыр шам, аккумулятор, саз-балшық, белгі ысқырығы – бәрін тізерлеп, еңбектеп таситынбыз. Кез келген сәтте тау жынысының құлап кету қаупі болды», – деп еске алады Халима Ғабдрахманова.

Кездесу барысында партия мүшелері Халима әжеге соғыс жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін алғыстарын білдіріп, денсаулық тіледі.

Шымкент қаласында «Жастар Рухы» жастар қанатының 50-ге жуық белсендісі Абай саябағындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне салынған «Даңқ мемориалы» аумағын тазалап, сенбілік өткізді. Бұл кешенде майдан мен тыл бірлігінің символы – «Даңқ» ескерткіші, мәңгілік алау, Кеңес Одағының Батыры атанған өңірдің 51 жауынгері мен Даңқ орденінің толық иегері болған 8 батырдың есімдері жазылған «Батырлар шеңбері» орналасқан. Сондай-ақ 140 мыңнан астам шымкенттік пен Түркістан облысының тумасы – соғысқа қатысқан сарбаздардың есімі жазылған 200 метрлік «Даңқ аллеясы» бар.

«Даңқ мемориалын тазалау арқылы біз ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер мен бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерге алғысымызды білдіреміз. Жас ұрпақ өз батырларын біліп, мақтан тұтуы керек. Патриотизм – осындай қарапайым істерден басталады», – дейді «Жастар Рухы» Шымкент қалалық филиалының төрағасы Бекзат Толебай.

Жетісу облысы Көксу ауданында да партия мүшелері мен ауыл тұрғындары Балпық би ауылындағы Мүсәпбек Сенгирбаев атындағы саябақта сенбілік өткізді. Шамамен 30 адам жолдарды тазалап, Ұлы Отан соғысы батырына арналған ескерткішті ретке келтірді.

«Бұл саябақ – жауынгерлік ерлікпен көзге түскен 28 панфиловшының бірі – біздің жерлесіміз Мұсабек Сеңгірбаевтың есімімен аталады. Біз оның ерлігін ұмытпауымыз керек. Партияның үндеуіне жастардың белсенді үн қатқаны қуантады», – дейді жергілікті тұрғын Талғат Ғабдуллаұлы.

«AMANAT» партиясы әрбір қазақстандықты осы игі іске атсалысуға шақырады. Өйткені ескерткіштер мен мемориалдарды күтіп ұстау – тек тас пен қолаға қамқорлық емес, бұл – ұрпақтар жадын сақтау, еліміздің өткенін, бүгіні мен болашағын жалғау деген сөз. Тарихпен тірі байланыс болғанда ғана Қазақстан бірлік пен бейбітшілікті нығайтып, алға қарай нық қадам баса алады. Батыр бабалардың ерлігі – болашақ ұрпаққа мәңгілік үлгі.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Көкшетауда КИСИ GPS алаңында сарапшылар қоғамдық бақылаудың рөлін талқылады

Келесі жаңалық

«Цифрлық қайта құру 2025» форумы: деректер экономикасы мен жасанды интеллекттің болашағы

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Категориясыз

01.07.2026 жылғы жағдай бойынша «Alatau City Garant » СК» АҚ бухгалтерлік балансы және кірістер мен шығыстар туралы есебі

15 июля, 2026
Маусым айында Қазақстанда 168 мыңға жуық автокөлік есепке қойылды
Категориясыз

Маусым айында Қазақстанда 168 мыңға жуық автокөлік есепке қойылды

15 июля, 2026
Beeline Қазақстан Paryz Bridge тәуелсіз зерттеуінің қорытындысы бойынша «Ақпарат және байланыс» саласындағы үздік жұмыс беруші атанды
Категориясыз

Beeline Қазақстан Paryz Bridge тәуелсіз зерттеуінің қорытындысы бойынша «Ақпарат және байланыс» саласындағы үздік жұмыс беруші атанды

15 июля, 2026
Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде конституциялық мәртебеге ие болды
Категориясыз

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: ЖІӨ өсімі, жеке инвестициялар ағыны және отандық тауар өндірушілерді қолдау

15 июля, 2026
ҚР ОСК: Барлық сайлау учаскелері мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді болады
Категориясыз

ҚР ОСК: Барлық сайлау учаскелері мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді болады

14 июля, 2026
КІА ҒЗИ Қазақстанда жоғары технологиялық медициналық көмекті жүйелі түрде дамытуды жалғастыруда
Категориясыз

КІА ҒЗИ Қазақстанда жоғары технологиялық медициналық көмекті жүйелі түрде дамытуды жалғастыруда

14 июля, 2026
Келесі жаңалық
«Цифрлық қайта құру 2025» форумы: деректер экономикасы мен жасанды интеллекттің болашағы

«Цифрлық қайта құру 2025» форумы: деректер экономикасы мен жасанды интеллекттің болашағы

FlyArystan және Almaty Marathon эксклюзивті серіктестік туралы хабарлайды

FlyArystan және Almaty Marathon эксклюзивті серіктестік туралы хабарлайды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Алматы облысында локдаун енгізіледі

Өткен тәулікте коронавируспен 2459 науқас тіркелді

16 мая, 2021
Коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды

Кейінгі тәулікте қанша адамнан пневмония анықталды?

30 декабря, 2020
Жеңілдетілген автонесие бойынша 34 қазақстандық көлік алды

Жеңілдетілген автонесие бойынша 34 қазақстандық көлік алды

23 мая, 2022

Топ жаңалықтар

  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • 01.07.2026 жылғы жағдай бойынша «Alatau City Garant » СК» АҚ бухгалтерлік балансы және кірістер мен шығыстар туралы есебі
  • Маусым айында Қазақстанда 168 мыңға жуық автокөлік есепке қойылды
  • Beeline Қазақстан Paryz Bridge тәуелсіз зерттеуінің қорытындысы бойынша «Ақпарат және байланыс» саласындағы үздік жұмыс беруші атанды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.