Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Көкшетауда КИСИ GPS алаңында сарапшылар қоғамдық бақылаудың рөлін талқылады

admin by admin
8 апреля, 2025
Көкшетауда КИСИ GPS алаңында сарапшылар қоғамдық бақылаудың рөлін талқылады

8 сәуір күні Көкшетау қаласында «Ұлттық құрылтай шешімдерінің жүзеге асуы: қоғамдық қатысу және бақылау» тақырыбында КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat ұлттық сараптамалық алаңының отырысы өтті.

Байланысты

Заңда көзделген мерзімнен артық ұстауға болмайды: жаңа Конституция жобасындағы 18-бап нақтыланды

Технологиялар 2026 жылды бастайды: жаңа өнімдердің жарқын тұсаукесері

Партиядағы пікірталас

Іс-шара барысында Ұлттық құрылтай шешімдерін жүзеге асыру жолдары талқыланды. Азаматтық қоғамның қоғамдық қатысу мен бақылаудағы рөліне, сондай-ақ мемлекет пен халық арасындағы өзара іс-қимыл тетіктеріне ерекше назар аударылды.

Талқылауға мемлекеттік органдардың, сараптамалық орталықтардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ білім беру, азаматтық қоғам және өзге де салалардағы сарапшылар қатысты.

Отырысқа қатысушыларға онлайн форматта Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов сөз сөйледі. ҚСЗИ басшысы Ұлттық құрылтайдың IV отырысының Бурабайда өтуі өңірлердің елдің орнықты дамуындағы маңызды рөлін көрсететінін айтып, Президенттің: «Күшті өңірлер – қуатты ел» деген сөздерін еске салды.

Е. Тұқымов өткен аптада Ұлттық құрылтай бастамаларын жүзеге асыру жоспары бекітілгенін атап өтті.

«Бұл – жүйелі өзгерістерге бағытталған нақты қадам. Алайда оның тиімділігі қоғамның белсенді қатысуына тікелей байланысты. Азаматтардың шешім қабылдауға қатысуы ғана емес, оларды жүзеге асыру бойынша қоғамдық бақылау мен мониторинг тетіктерін дамыту да маңызды. Бүгін біз осы мәселелерді ашық, кәсіби әрі сындарлы түрде талқылау үшін жиналып отырмыз. Жергілікті деңгейде халықтың қатысуын қалай күшейтуге болады? Қолданыстағы кері байланыс пен бақылау құралдарында қандай кедергілер бар? Азаматтық әлеует аймақ пен бүкіл елдің игілігіне қалай жұмыс істей алады?», – деді ҚСЗИ директоры.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары Нұрлан Сақуов өз сөзінде өңірлерді орталықсыздандыру және олардың бюджеттік дербестігін арттыру соңғы жылдардағы өңірлік мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болғанын атап өтті.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Ол сондай-ақ Бурабайда өткен Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы әр өңір үшін өсу нүктелерін айқындайтын Өңірлік саясат тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырғанын еске салды. Атап айтқанда, Ақмола өңірі мектептердің жеткіліксіздігі, жол сапасының төмендігі және желілердің тозуы сияқты мәселелерді шешуі қажет.

«Тұжырымдамада салықтардың бір бөлігін жергілікті деңгейге беру арқылы өңірлердің экономикалық және бюджеттік дербестігін одан әрі арттыру қарастырылған», – деді ҚСЗИ директорының орынбасары.

Қоғамдық бақылау институттарын күшейту қажеттігіне тоқталған Н. Сақуов мәслихаттардың жергілікті бюджеттерді талқылау мен бекіту үдерісіндегі маңызды рөлін атап өтті.

«Менің ойымша, мәслихаттардың аппараттарын күшейтіп, оларды сараптамалық ресурстармен қамтамасыз ету, әсіресе бюджет қабылдау үдерісіндегі ашықтықты арттыру қажет. Мемлекет басшысы ұсынған: «ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын өңірлік деңгейде де қолдануға болады. Бұл атқарушы органдардың жергілікті өкілді органдарға есеп беруін қамтамасыз етеді», – деді Н. Сақуов.

«AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Ақманат Әлімбетова өңірдегі қоғамдық мониторингтегі партия үлесі туралы айтып берді.

«Қоғамдық бақылау бекеттері айқындалған. Облыстық филиалда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес жұмыс істейді, оның мүшелері де мониторинг жүргізеді. Әлеуметтік желілерде халық өзекті мәселелерді көтергенде, партия белсенділерінің, сарапшылардың, ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен жедел әрекет ету тәжірибесі қалыптасты», – деді А. Әлімбетова.

«Ақмола облысының Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Ирина Терентьева қоғамдық бақылауды кәсібилендіру қажеттігін атап өтті.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын жүзеге асыру үшін қоғамдық белсенділерге тиісті білім мен құзыреттер қажет: мемлекеттік органдарға қалай хат жолдау керек, нені ескеру қажет, қоғамдық бақылау деген не, әртүрлі ҮЕҰ-ның өкілеттіктері қандай? Мемлекет пен үкіметтік емес сектор арасында өзара қозғалыс болуы тиіс. Уақыт өте келе бұл азаматтық сектордың дамуына ықпал етеді. Сонда ғана қоғамдық бақылаудың кәсібиленуі туралы айта аламыз», – деді И. Терентьева.

Ақмола облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Шияп Алиев жастардың әлеуетін ел дамуына жұмылдыру қажет екенін айтып, Жұмысшы мамандықтар жылы жарияланғанын құптады.

Ақмола облысының кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл кеңесінің төрайымы Валентина Геращенко салық реформасын талқылауға кәсіпкерлерді тарту маңызды екенін айтты.

«Бүгінде біз кәсіпкерлердің кең ауқымын Палата жанындағы жеті салалық кеңестің жұмысына тартуға мүдделіміз. Кеңестер жаңа экономикалық саясат пен салық реформасын талқылау алаңына айналып отыр. Бұл бизнес қауымдастығына мемлекеттік органдармен өзара тиімді әрекеттесуге мүмкіндік береді. Кеңестер жұмысына облыс әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері мен орынбасарлары, облыстық басқарма басшылары, сот пен прокуратура өкілдері, Антикоррупциялық қызмет пен депутаттар қатысады», – деп нақтылады В. Геращенко.

Ақмола облысы Цифрландыру және архивтер басқармасының «Smart Aqmola» бөлімінің басшысы Гүлім Бегалина өз сөзінде цифрлық сауаттылық пен қауіпсіздік мәселелеріне тоқталып, олардың азаматтық бастамалар мен қоғамдық бақылаудың дамуына әсер ететінін айтты.

Талқылауды қорытындылай келе, ҚСЗИ директорының орынбасары, алаң модераторы Алуа Жолдыбалина қоғамдық мониторинг пен бақылау жобалардың сапалы орындалуын, бастапқы жоспарға сәйкестігін және бюджеттік қаражаттың тиімді жұмсалуын бағалауға мүмкіндік беретінін атап өтті. КИСИ GPS алаңының қатысушылары бұл үдеріс мемлекет бастамаларын бақылауды күшейтуге, проблемаларды анықтауға және шешу жолдарын ұсынуға мүмкіндік беретінін айтты.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Ақтөбеде студент туған қаласында мектеп оқушыларына арнап бағдарламалауды оқытуды бастады. Ол бұл жолды қалай және неліктен таңдады?

Келесі жаңалық

«AMANAT» партиясы Жеңістің 80 жылдығына орай ескерткіштерді абаттандыру бойынша ауқымды акция бастады

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Заңда көзделген мерзімнен артық ұстауға болмайды: жаңа Конституция жобасындағы 18-бап нақтыланды
Категориясыз

Заңда көзделген мерзімнен артық ұстауға болмайды: жаңа Конституция жобасындағы 18-бап нақтыланды

7 февраля, 2026
Технологиялар 2026 жылды бастайды: жаңа өнімдердің жарқын тұсаукесері
Категориясыз

Технологиялар 2026 жылды бастайды: жаңа өнімдердің жарқын тұсаукесері

6 февраля, 2026
Партиядағы пікірталас
Категориясыз

Партиядағы пікірталас

6 февраля, 2026
Астанада жастарға «Арт әлемі: Шығармашылық жастар арасындағы авторлық құқық» іс-шарасы ұйымдастырылды
Категориясыз

Астанада жастарға «Арт әлемі: Шығармашылық жастар арасындағы авторлық құқық» іс-шарасы ұйымдастырылды

6 февраля, 2026
«КОНСТИТУЦИЯНЫ ЖҮЙЕЛІ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Категориясыз

«КОНСТИТУЦИЯНЫ ЖҮЙЕЛІ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

6 февраля, 2026
Астанада қар күреу жұмысына 3 000-нан астам жол жұмысшысы мен 1 700-ден аса арнайы техника жұмылдырылды
Категориясыз

Астанада қар күреу жұмысына 3 000-нан астам жол жұмысшысы мен 1 700-ден аса арнайы техника жұмылдырылды

6 февраля, 2026
Келесі жаңалық
«AMANAT» партиясы Жеңістің 80 жылдығына орай ескерткіштерді абаттандыру бойынша ауқымды акция бастады

«AMANAT» партиясы Жеңістің 80 жылдығына орай ескерткіштерді абаттандыру бойынша ауқымды акция бастады

«Цифрлық қайта құру 2025» форумы: деректер экономикасы мен жасанды интеллекттің болашағы

«Цифрлық қайта құру 2025» форумы: деректер экономикасы мен жасанды интеллекттің болашағы

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Жылжымайтын мүлік саласындағы жаңа шешімдер мен трендтер: The Ritz-Carlton-да Almaty CREW Central Asia 2023 форумы өтеді

Жылжымайтын мүлік саласындағы жаңа шешімдер мен трендтер: The Ritz-Carlton-да Almaty CREW Central Asia 2023 форумы өтеді

22 сентября, 2023
Батыс Қазақстан облысы «қызыл» аймақтан шықты

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 4 адам қайтыс болды

24 мая, 2021

Marital relationship Advice For the purpose of Wife — How to Save your valuable Marriage

19 июня, 2022

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қызым» — осы қыстың ең жылы премьерасы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Jack port Off Sites — Avoiding Jerks With Sex Webcam Girls

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Freedom Media «Сёгун» сериалының қазақ тіліндегі алғашқы ресми дубляжын ұсынды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Заңда көзделген мерзімнен артық ұстауға болмайды: жаңа Конституция жобасындағы 18-бап нақтыланды
  • Технологиялар 2026 жылды бастайды: жаңа өнімдердің жарқын тұсаукесері
  • Партиядағы пікірталас

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.