---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/04/07/autism-talks-2025-zh%d2%afrekterdi-biriktiretin-shabytty-%d3%99%d2%a3gimeler/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Autism Talks-2025: жүректерді біріктіретін шабытты әңгімелер

![Autism Talks-2025: жүректерді біріктіретін шабытты әңгімелер](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/04/dsc8682-scaled.jpg)

2025 жылғы 5 және 6 сәуірде Қазақстанның екі ірі қаласы Астана мен Алматыда жыл сайын 2 сәуірде аталып өтетінАутизм туралы ақпараттаратудың дүниежүзілік күніне арналған «Autism Talks: ерекше балалардыңата-аналарының шабыттандыратын әңгімелері» атты жыл сайынғы кездесулер өтті.

Іс-шараны 2015 жылдан бері инклюзивтікбілім беруді дамыту жобаларыніскеасырып келе жатқан «Болашақ» корпоративтік қоры ұйымдастырды. Алматыдаөткен іс-шараның бірлескен ұйымдастырушысы– **FIDE Infinite Chess**жобасышеңберіндеХалықаралық шахмат федерациясының ұлттық серіктесі болып табылатын**Қазақстан шахмат федерациясы/Kazchess**.

**АСТАНА: «****ішінен****»****білетіндердің көзқарасы және шын****диалог**

Астанадаөткен іс-шара ата-аналар, мамандар және аутизм спектрініңбұзылуы барадамдардың өздеріқатысқанашық диалог алаңына айналды. Аспергер синдромыбаржасөспірім Асылбек Сатинов пен 27 жасындаАСБжәнеЗТГСдиагнозы қойылған дефектолог СымбатӘбдіраманованың сөзіерекше назар аударды. Олар аутизммен өмір сүру тәжірибесімен бөлісіп,бұл жолда көрген қиындығы және онықалайжеңгенітуралы ашық айтты.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2025/04/dsc8080-1024x683.jpg)

Ted Talk форматында ата-аналар диагноздықалайқабылдағаны, балаларының шабыттандыратын жетістіктері және білім беруменқолдау саласындағы өздерінің бастамаларын тілге тиек етті. Жиынғақатысқан бейіндікминистрліктердің өкілдері, мінез-құлық талдаушылар, логопедтер және басқа да мамандар ата-аналардың көкейіндегімаңызды сұрақтарғажауап берді.

Кездесудің модераторы болған«Болашақ» қорыныңҚамқоршылық кеңесінің төрайымы **Динара Гапла** өз сөзіндесеріктестіктің маңыздылығына тоқталды:

> *«2022 жылдан бастап біз бұл**іс-**шараны жыл сайын өткіз**е**міз және оның өзектілігі жыл**дан-жылға**артып келеді.**Біз а**утизм**і бар**адамдар**ға**қалай өмір сүретіні**н**және әлемді қалай қабылдайтыны**н айтуы үшін сөз беріп жиын**формат**ын**өзгерттік. Биылғы жылы біз Autism Talks**іс-шарасын**Қазақстан шахмат федерациясының қолдауымен алғаш рет Алматыда**да**өткізіп отырмыз.**Е**рекше балалардың ата-аналарына**осындай**мүмкіндік жасауға көмектескен****серіктестерімізге алғыс айтамыз».*

**АЛМАТЫ: шахмат және жеке әңгіме арқылы инклюзи****я****ше****гі****н кеңейту**

6 сәуірде Алматыда**3.4****А****ймағының Азия чемпионаты** шеңберінде**Autism Talks**үшінші жыл сайынғы кездесуі өтті, онда барлығы200-ге жуық қатысушы – мамандар,АСБ бар балалардыңата-аналары бас қосты. Іс-шараауқымдыбағдарламаның маңызды бөлігіне айналып, спорт пен инклюзияның қатар жүретінін көрсетеді.

Kazchess вице-президенті **Д****ә****рмен Сәдуақасов**, Бағылан Мусиннің«Freedom Shapagat» қорының президентіжәне ҚШФатқарушы директоры**Гүлмира Дәулетова******жиналғандарға арнап құттықтау сөз сөйледі.Бағдарлама аясында ата-аналар, мамандар, қоғам қайраткерлері мен сарапшылар жанды да әсерлі сөздерін айтты.Спикерлердің қатарында Аружан Сайын, Әлия Арқарова, Жанна Қалиева, Рүстем Қайырбеков, Мәдина Нұркенова және т.б. болды.Динара Гапланбұл кездесуге де модераторлық етті.

Сараптамалық сессияаясында психиатрдәрігерӘселЫбыраева, мінез-құлық талдаушысы Әсия Қизатова, FIDE Infinite Chess амбассадорыНадежда Кравчук, психолог Бақыттыгүл Ахметжанова және БҰҰ волонтёры Мәулен Ахметов біліміментәжірибелерін бөлісті.

Сессиягроссмейстер және 20 жасқа дейінгілер арасындағыәлем чемпионы**Қазыбек Нөгербектің**балалармен бір мезгілдегіойын сеансымен, сондай-ақсеріктестерұсынған түрлі жүлде– шахмат жинақтары, кітаптар, сертификаттар мен курстар ұтыс ойынымен аяқталды.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2025/04/dsc8083-1024x683.jpg)

ҚШФвице-президенті **Д****ә****рмен Сәдуақасов**былай деп атап өтті:

> *«ФИДЕ**ұйымымен**және «Болаша**қ**» қорымен бірге Қазақстан шахмат федерациясында инклюзивті**к**бастамаларды жүйелі түрде дамыту туралы шешім қабылдадық. Шахмат****—****сөзді қажет етпейтін,**бірақ адамдарды**біріктір**е алатын**тіл екеніне**кәміл**сенеміз. Сондықтан аути**стік**спектрі бұзылған және дамуын**ың**басқа да**ерекшеліктері**бар балаларға жаңа көкжиектер**ді**ашатын Infinite Chess жобасын іске қостық. Біздің мақсатымыз — Федерацияны спорт алаңы**на**ғана емес, шын мәнінде инклюзивті**к**қоғамның бір бөлігіне айналдыру».*

**FIDE****ұйымының Қазақстандағы****Infinite Chess****жобасы****:**

Шахматты инклюзивтік үйретудідамытуға бағытталған*FIDE Infinite Chess*бастамасы 2024 жылдың қарашасында №1Арнайы мектеп-интернатында басталды. 2025 жылы жоба Алматыдада«Аутизмді жеңеміз!»оралығында іске қосылды.Онда жаттықтырушы Виталий Козяк екі топшәкірттеріменжұмысжасайды.

**Анықтама үшін:**

Қазақстанда ресми түрде тіркелген аутизмі бар15 000-нанастам балатұрады,албейресми деректер бойыншаолардың саны35 000-нан көп. Мектеп жасына дейінгі балалар арасындабұл көрсеткіш7 000-ғажуықтайды. АҚШ CDC деректері бойынша, 36 баланың біреуіндеАСБбар.

2015 жылдан бері «Болашақ» қоры 71 инклюзивтіккабинет ашты, 4 000—нан астам маман мен ата-ананы оқытты, 800-ден астам баланы үйде оқытудан алыпшықты. Қордың моделіұлттық инклюзивтікбілім беру саясатының бір бөлігіне айналды.

---

Жарияланды: 2025-04-07T11:27:23+06:00

Жаңартылды: 2025-04-07T11:27:23+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/04/07/autism-talks-2025-zh%d2%afrekterdi-biriktiretin-shabytty-%d3%99%d2%a3gimeler/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.