Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Қоғам

Autism Talks-2025: жүректерді біріктіретін шабытты әңгімелер

admin by admin
7 апреля, 2025
Autism Talks-2025: жүректерді біріктіретін шабытты әңгімелер

фото организатора: Autism Talks-2025

2025 жылғы 5 және 6 сәуірде Қазақстанның екі ірі қаласы Астана мен Алматыда жыл сайын 2 сәуірде аталып өтетін Аутизм туралы ақпарат таратудың дүниежүзілік күніне арналған «Autism Talks: ерекше балалардың ата-аналарының шабыттандыратын әңгімелері» атты жыл сайынғы кездесулер өтті.

Байланысты

«Дауысы сенімді, бірақ сөзі жалған»: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы дипфейктердің танымал адамдарды ақпараттық манипуляцияларда қалай пайдаланатынын көрсетті

Әдеп пен білім – қоғамның берік тірегі

Әлеуметтанулық зерттеу: әділдік, жауапкершілік пен заң бұлжымастығына деген қоғамдық сұраныс бар

Іс-шараны 2015 жылдан бері инклюзивтік білім беруді дамыту жобаларын іске асырып келе жатқан «Болашақ» корпоративтік қоры ұйымдастырды. Алматыда өткен іс-шараның бірлескен ұйымдастырушысы – FIDE Infinite Chess жобасы шеңберінде Халықаралық шахмат федерациясының ұлттық серіктесі болып табылатын Қазақстан шахмат федерациясы/Kazchess.

АСТАНА: «ішінен» білетіндердің көзқарасы және шын диалог

Астанада өткен іс-шара ата-аналар, мамандар және аутизм спектрінің бұзылуы бар адамдардың өздері қатысқан ашық диалог алаңына айналды. Аспергер синдромы бар жасөспірім Асылбек Сатинов пен 27 жасында АСБ және ЗТГС диагнозы қойылған дефектолог Сымбат Әбдіраманованың сөзі ерекше назар аударды. Олар аутизммен өмір сүру тәжірибесімен бөлісіп, бұл жолда көрген қиындығы және оны қалай жеңгені туралы ашық айтты.

Ted Talk форматында ата-аналар диагнозды қалай қабылдағаны, балаларының шабыттандыратын жетістіктері және білім беру мен қолдау саласындағы өздерінің бастамаларын тілге тиек етті. Жиынға қатысқан бейіндік министрліктердің өкілдері, мінез-құлық талдаушылар, логопедтер және басқа да мамандар ата-аналардың көкейіндегі маңызды сұрақтарға жауап берді.

Кездесудің модераторы болған «Болашақ» қорының Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гапла өз сөзінде серіктестіктің маңыздылығына тоқталды:

Buy JNews
ADVERTISEMENT

«2022 жылдан бастап біз бұл іс-шараны жыл сайын өткіземіз және оның өзектілігі жылдан-жылға артып келеді. Біз аутизмі бар адамдарға қалай өмір сүретінін және әлемді қалай қабылдайтынын айтуы үшін сөз беріп жиын форматын өзгерттік. Биылғы жылы біз Autism Talks іс-шарасын Қазақстан шахмат федерациясының қолдауымен алғаш рет Алматыда да өткізіп отырмыз. Ерекше балалардың ата-аналарына осындай мүмкіндік жасауға көмектескен серіктестерімізге алғыс айтамыз».

АЛМАТЫ: шахмат және жеке әңгіме арқылы инклюзия шегін кеңейту

6 сәуірде Алматыда 3.4 Аймағының Азия чемпионаты шеңберінде Autism Talks үшінші жыл сайынғы кездесуі өтті, онда барлығы 200-ге жуық қатысушы – мамандар, АСБ бар балалардың ата-аналары бас қосты. Іс-шара ауқымды бағдарламаның маңызды бөлігіне айналып, спорт пен инклюзияның қатар жүретінін көрсетеді.

Kazchess вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов, Бағылан Мусиннің «Freedom Shapagat» қорының президенті және ҚШФ атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова жиналғандарға арнап құттықтау сөз сөйледі. Бағдарлама аясында ата-аналар, мамандар, қоғам қайраткерлері мен сарапшылар жанды да әсерлі сөздерін айтты. Спикерлердің қатарында Аружан Сайын, Әлия Арқарова, Жанна Қалиева, Рүстем Қайырбеков, Мәдина Нұркенова және т.б. болды. Динара Гаплан бұл кездесуге де модераторлық етті.

Сараптамалық сессия аясында психиатр дәрігер Әсел Ыбыраева, мінез-құлық талдаушысы Әсия Қизатова, FIDE Infinite Chess амбассадоры Надежда Кравчук, психолог Бақыттыгүл Ахметжанова және БҰҰ волонтёры Мәулен Ахметов білімі мен тәжірибелерін бөлісті.

Сессия гроссмейстер және 20 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионы Қазыбек Нөгербектің балалармен бір мезгілдегі ойын сеансымен, сондай-ақ серіктестер ұсынған түрлі жүлде – шахмат жинақтары, кітаптар, сертификаттар мен курстар ұтыс ойынымен аяқталды.

ҚШФ вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов былай деп атап өтті:

«ФИДЕ ұйымымен және «Болашақ» қорымен бірге Қазақстан шахмат федерациясында инклюзивтік бастамаларды жүйелі түрде дамыту туралы шешім қабылдадық. Шахмат — сөзді қажет етпейтін, бірақ адамдарды біріктіре алатын тіл екеніне кәміл сенеміз. Сондықтан аутистік спектрі бұзылған және дамуының басқа да ерекшеліктері бар балаларға жаңа көкжиектерді ашатын Infinite Chess жобасын іске қостық. Біздің мақсатымыз — Федерацияны спорт алаңына ғана емес, шын мәнінде инклюзивтік қоғамның бір бөлігіне айналдыру».

FIDE ұйымының Қазақстандағы Infinite Chess жобасы:

Шахматты инклюзивтік үйретуді дамытуға бағытталған FIDE Infinite Chess бастамасы 2024 жылдың қарашасында №1 Арнайы мектеп-интернатында басталды. 2025 жылы жоба Алматыда да «Аутизмді жеңеміз!» оралығында іске қосылды. Онда жаттықтырушы Виталий Козяк екі топ шәкірттерімен жұмыс жасайды.

Анықтама үшін:

Қазақстанда ресми түрде тіркелген аутизмі бар 15 000-нан астам бала тұрады, ал бейресми деректер бойынша олардың саны 35 000-нан көп. Мектеп жасына дейінгі балалар арасында бұл көрсеткіш 7 000-ға жуықтайды. АҚШ CDC деректері бойынша, 36 баланың біреуінде АСБ бар.

2015 жылдан бері «Болашақ» қоры 71 инклюзивтік кабинет ашты, 4 000—нан астам маман мен ата-ананы оқытты, 800-ден астам баланы үйде оқытудан алып шықты. Қордың моделі ұлттық инклюзивтік білім беру саясатының бір бөлігіне айналды.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Логистика геосаясаты

Келесі жаңалық

Көлік жүргізу тәжірибесі мен жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу міндетті автокөлікті сақтандыру құнына әсер ете бастады

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Қазақстандық азамат журналист Лұқпан Ахмедияровты жала жапқаны үшін жауапқа тартуды талап етті
Қоғам

«Дауысы сенімді, бірақ сөзі жалған»: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы дипфейктердің танымал адамдарды ақпараттық манипуляцияларда қалай пайдаланатынын көрсетті

7 августа, 2026
Әдеп пен білім – қоғамның берік тірегі
Басты

Әдеп пен білім – қоғамның берік тірегі

1 августа, 2026
Әлеуметтанулық зерттеу: әділдік, жауапкершілік пен заң бұлжымастығына деген қоғамдық сұраныс бар
Басты

Әлеуметтанулық зерттеу: әділдік, жауапкершілік пен заң бұлжымастығына деген қоғамдық сұраныс бар

29 июля, 2026
Бизнес-күн тәртібі үшін бәсеке: «Ақ жол» мен Respublica арасында өткір ашық пікірталас өрбіді
Басты

Бизнес-күн тәртібі үшін бәсеке: «Ақ жол» мен Respublica арасында өткір ашық пікірталас өрбіді

27 июля, 2026
Ұлытау облысы Қазақстан өңірлері арасында халықтың табысы бойынша екінші орынға ие болды
Бизнес

Ұлытау облысы Қазақстан өңірлері арасында халықтың табысы бойынша екінші орынға ие болды

24 июля, 2026
Алматыда супермаркет қызметкеріне агрессия танытқан әйел жауапкершілікке тартылды
Басты

Алматыда супермаркет қызметкеріне агрессия танытқан әйел жауапкершілікке тартылды

20 июня, 2026
Келесі жаңалық
Көлік жүргізу тәжірибесі мен жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу міндетті автокөлікті сақтандыру құнына әсер ете бастады

Көлік жүргізу тәжірибесі мен жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу міндетті автокөлікті сақтандыру құнына әсер ете бастады

Алматы онкологиялық орталығында өңеш пен бүйрекке бір мезгілде жасалған екі күрделі ота сәтті аяқталды

Алматы онкологиялық орталығында өңеш пен бүйрекке бір мезгілде жасалған екі күрделі ота сәтті аяқталды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар бойынша жаңа деректер жарияланды

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар бойынша жаңа деректер жарияланды

20 апреля, 2022
Қазақстанда КВИ жұқтырғандардың жалпы саны 123 888-ге жетті

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 1134 адам жұқтырған

20 января, 2021
Заң мен тәртіп: Жетісу облысында профилактикалық жұмыс кабинеттері ашылуда

Заң мен тәртіп: Жетісу облысында профилактикалық жұмыс кабинеттері ашылуда

6 января, 2026

Топ жаңалықтар

  • Қазақстандық азамат журналист Лұқпан Ахмедияровты жала жапқаны үшін жауапқа тартуды талап етті

    «Дауысы сенімді, бірақ сөзі жалған»: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы дипфейктердің танымал адамдарды ақпараттық манипуляцияларда қалай пайдаланатынын көрсетті

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Туризм және спорт министрі «Болашақ ойындары 2026» аясындағы фиджитал-футбол жарысына қатысты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Halyk қорының 10 жылдығына орай: Алматы облысында ауыл балалары арасында республикалық турнир өтеді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстандық азамат журналист Лұқпан Ахмедияровты жала жапқаны үшін жауапқа тартуды талап етті

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды
  • Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі
  • «Қазақмыс» қызметкерлердің өтініштері бойынша жолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізуде

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.