Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Басты

Орталық Азияның көлік дәліздерінің даму мүмкіндіктері мен болашағы

admin by admin
5 апреля, 2025
Орталық Азияның көлік дәліздерінің даму мүмкіндіктері мен болашағы

4 сәуір 2025 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің халықаралық қатынастар факультетінде Жекенов Думан Құрманғазыұлының жетекшілігімен ҚР Ғылым және жоғары білім министрілігінің гранттық қаржыландыруымен АР19679313 «Баламалы көлік дәліздерін қалыптастыру жағдайында Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетінің бәсекеге қабілеттілігі» атты жоба аясында  «Логистиканың геосаясаты: Орталық Азияның көлік дәліздері әлемдік жүйеде» атты халықаралық ғылыми конференция өткізілді.

Байланысты

1,5 млн теңге және жол апатын қолдан ұйымдастыру: прокуратура блогер Молдахан ісінің мән-жайын түсіндірді

Қоғам белсенділері мен депутаттар жануарларды қорғау ұйымдарын тексеруді талап етуде

Жаһандық зерттеу: авиациялық технологияларға инвестициялардың тиімділігі деректерді үйлестіруге тәуелді

Бұл конференция шеңберінде де 3-4 сәуір Өзбекстанның Самарқан қаласында өтіп жатқан Еуроодақ – Орталық Азия саммитінің күн тәртібінде қарастырылатын көлік-логистика саласындағы аймақтық байланыстылықты арттыру бағыты және Орталық Азия мен Еуропа арасындағы көлік дәліздерін дамыту арқылы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылау да өз жалғасын тапты.

Конференцияға әлемнің бірқатар елдерінен жетекші ғалымдар, сарапшылар және мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ логистика және көлік саласындағы мамандар қатысты.

Атап айтсақ, конференцияға Түркия мемлекетінен, Бейкоз университетінің проректоры, профессор Рагип Кутай Караджа, Әзербайжан мемлекетінен STEM аналитикалық зерттеу Орталығының директоры Орхан Йолчуев, Өзбекстан мемлекетінен Әлемдік экономика және дипломатия университеті Перспективті халықаралық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері Умарова Наргиза Баходировна, Стамбул Университетінің (Түркия) профессоры Омер Кул, Ресей мемлекетінен «Экономика жоғары мектебі» Ұлттық зерттеу университетінің доценті Соколова Татьяна Дмитриевна, Қырғызстан мемлекетінен  ҚР СІМ, К.Диқамбаев атындағы Дипломатиялық Академиясының профессоры, т.ғ.д, Құрманов Зайнидин Карпекович қатысты.

Конференцияға қатысушылар Орталық Азияның жаһандық көлік желісіндегі рөліне және өңірдің халықаралық сауда мен экономикаға әсеріне байланысты негізгі мәселелерді талқылады.

Сондай-ақ, Үндістан мемлекетінен NatStrat аға ғылыми қызметкер Радж Кумар Шарма, Иран мемлекетінен Алламе Табатабаи университеті, ЭЫҰ Сақтандыру институты, Мандана Тишехьяр, Грузия мемлекетінен саясаттанушы Гела Васадзе конференцияға онлайн форматта қатысып, өздерінің Азия, Еуропа және басқа аймақтар арасындағы байланыстарды жақсартуға ықпал ететін көлік инфрақұрылымын және баламалы көлік дәліздерін дамытудағы заманауи трендтерге қатысты құнды ақпараттарымен бөлісті.

Сонымен қатар өзіміздің отандық ғалымдар мен сарапшылар Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Халықаралық ғылымды дамыту орталығы» директорының орынбасары Эсенов Олег Балыбекұлы,  Қазақстан-Неміс университетінің халықаралық және аймақтық ынтымақтастық зерттеу институтының директоры Сұлтанов Болат Қылышбаевич, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Азиялық зерттеулер бөлімінің бас сарапшысы Әуелбаев Болат Әлімханұлы, Әлемдік экономика және саясат институтының жетекші сарапшысы Лидия Пархомчик, Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Экономикалық зерттеулер институты, ҒЗО «ProAnalytics» директоры Төлебекова Долорес, Әліпбаев Аманкелді Рахметолдаұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қауымдастырылған профессоры», «Аймақтық қатынастарды зерттеу» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Ермекбаев Әділбек Алпысбайұлы қатысты.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Орталық Азия елдерінің жаһандық көлік желілеріне интеграциялау үдерісінде кездесетін мәселелер мен сын-қатерлерді, сондай-ақ маңызды транзиттік торап ретінде Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мүмкіндіктері талқыланды.

Сарапшылар Орталық Азия елдерінің қатысуымен бірлескен жобаларды әзірлеу мен іске асырудың маңыздылығын, сондай-ақ көлік дәліздерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуде инновациялық технологиялар мен инфрақұрылымды тұрақты дамытудың рөлін атап өтті. Конференция аясында өңірдің логистикалық желісін одан әрі нығайту және оны әлемдік экономикаға ықпалдастыру үшін ұсыныстар әзірлеуге ықпал ететін ғылыми зерттеулер де ұсынылды.

Халықаралық конференцияда әлемнің бірқатар елдерінен келген ғалымдар мен сарапшылар өздерінің зерттеулерімен, тәжірибелерімен, жаңалықтарымен бөлісіп, бір сөзбен айтқанда өзара тәжірибе алмасты. Әрине бұл өз кезегінде жаңа идеялардың туындауына және ғылыми ынтымақтастықтың нығаюына әкелері хақ.

Сондай-ақ, бұл халықаралық конференция транзиттік инфрақұрылымды дамыту, жаңа логистикалық коридорлар құру және сауда экономикалық байланыстарды нығайту, Қазақстан мен Орталық Азияның транзиттік мүмкіндіктерін арттыру жөнінде ұсыныстар мен шешімдер әзірлеу үшін маңызды алаң болды. Конференция жұмысын қорытындылау барысында Ғылыми зерттеу орталықтары атынан қатысушы тараптар арасында  ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірлесіп жүргізу мақсатында ортақ келісімдер жасалды.

Бұл осы бағыттағы Ғылыми зерттеу орталықтары арасында жаңа серіктестік пен халықаралық байланыстарды одан әрі нығайтуға мүмкіндік берері сөзсіз.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

халықаралық қатынастар және

әлемдік экономика кафедрасының

қауымдастырылған профессоры

Б.З.Бюжеева

 

 

 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Ақтауда кішкентай бала қоқыс жинап, үлгі көрсетті (Видео)

Келесі жаңалық

Логистика геосаясаты

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

1,5 млн теңге және жол апатын қолдан ұйымдастыру: прокуратура блогер Молдахан ісінің мән-жайын түсіндірді
Категориясыз

1,5 млн теңге және жол апатын қолдан ұйымдастыру: прокуратура блогер Молдахан ісінің мән-жайын түсіндірді

15 апреля, 2026
Қоғам белсенділері мен депутаттар жануарларды қорғау ұйымдарын тексеруді талап етуде
Категориясыз

Қоғам белсенділері мен депутаттар жануарларды қорғау ұйымдарын тексеруді талап етуде

15 апреля, 2026
Жаһандық зерттеу: авиациялық технологияларға инвестициялардың тиімділігі деректерді үйлестіруге тәуелді
Категориясыз

Жаһандық зерттеу: авиациялық технологияларға инвестициялардың тиімділігі деректерді үйлестіруге тәуелді

15 апреля, 2026
Дәстүрге оралу: жергілікті мерекелер сұраныстың драйверіне қалай айналуда
Категориясыз

Дәстүрге оралу: жергілікті мерекелер сұраныстың драйверіне қалай айналуда

15 апреля, 2026
ПРЕЗИДЕНТ ТАБЫСТАҒАН ПӘТЕРЛЕРГЕ ЖАС ҒАЛЫМДАР ҚОНЫСТАНДЫ
Категориясыз

ПРЕЗИДЕНТ ТАБЫСТАҒАН ПӘТЕРЛЕРГЕ ЖАС ҒАЛЫМДАР ҚОНЫСТАНДЫ

14 апреля, 2026
Қазақмыста қауіпсіздікті күшейту үшін автоматты медициналық тексеру жүйесі енгізілуде
Категориясыз

Қазақмыста қауіпсіздікті күшейту үшін автоматты медициналық тексеру жүйесі енгізілуде

14 апреля, 2026
Келесі жаңалық
Логистика геосаясаты

Логистика геосаясаты

Autism Talks-2025: жүректерді біріктіретін шабытты әңгімелер

Autism Talks-2025: жүректерді біріктіретін шабытты әңгімелер

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Уимблдон. Бубликтің реваншы, үшінші ойын күнінің нәтижелері және алдағы матчтар

Уимблдон. Бубликтің реваншы, үшінші ойын күнінің нәтижелері және алдағы матчтар

30 июня, 2022
Әкімдіктер картоп пен басқа да сегіз өнімді тек шаруалардан сатып ала алады

Әкімдіктер картоп пен басқа да сегіз өнімді тек шаруалардан сатып ала алады

12 июня, 2023
Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар бойынша жаңа деректер жарияланды

Өткен тәулікте коронавируспен 2142 науқас тіркелді

10 мая, 2021

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматылық онколог: Ерте скрининг қатерлі ісіктен болатын өлім-жітімді азайтудың негізгі жолы болып қала береді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда алиментке өтініш беру нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Jack port Off Sites — Avoiding Jerks With Sex Webcam Girls

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • 1,5 млн теңге және жол апатын қолдан ұйымдастыру: прокуратура блогер Молдахан ісінің мән-жайын түсіндірді
  • Қоғам белсенділері мен депутаттар жануарларды қорғау ұйымдарын тексеруді талап етуде
  • Жаһандық зерттеу: авиациялық технологияларға инвестициялардың тиімділігі деректерді үйлестіруге тәуелді

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.