Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Астана мен Алматы қалаларында «Autism Talks: Ерекше балалардың ата-аналарынан шабыттандырар оқиғалар» атты жыл сайынғы кездесу өтеді

admin by admin
2 апреля, 2025
Астана мен Алматы қалаларында «Autism Talks: Ерекше балалардың ата-аналарынан шабыттандырар оқиғалар» атты жыл сайынғы кездесу өтеді

Астана қаласында а.ж. 5 сәуір күні аутизмі бар балалардың ата-аналары мен мамандарға арналған «Autism Talks: Ерекше балалардың ата-аналарынан шабыттандырар оқиғалар» атты жыл сайынғы кездесуі өтеді. Ұйымдастырушы – «Болашақ» корпоративтік қоры, 2015 жылдан бері инклюзивті білім беру бойынша жобаларды іске асырып жүр. Іс-шара 2 сәуір Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күніне орай өткізіледі.

Байланысты

«Таза Қазақстан»: Жетісуда жыл басынан бері 57 мың жас көшет егілді

Бейбіт Исабаев елді мекендердегі құрылыс алаңдарын аралады

Жетісуда жаңа балық шаруашылығы кешені іске қосылады

Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының 2024 жылғы мәліметіне сәйкес, Қазақстанда аутизмі бар 15 000-нан астам бала бар, ал бейресми деректер бұл санды 35 000-нан асады деп көрсетеді. Сондай-ақ, аутизм спектрінің бұзылуы бар 7 мыңға жуық мектепке дейінгі бала анықталған. ДДҰ деректеріне сәйкес, әлемде әр 100 баланың біреуінде аутизм кездеседі.

Аутизмі бар балалардың ата-аналары Ted Talk форматында өз тәжірибелерімен бөлісіп, ерекше балаларды тәрбиелеу бойынша кеңестер мен ұсыныстар береді. Сондай-ақ, балаларының оларды қандай жетістіктерге шабыттандырғаны туралы әңгімелейді.

Биылғы кездесудің ерекшелігі аутизм бар балалар мен ересектердің – Аспергер синдромы бар жасөспірім Асылбек Сатиновтің, Астана қаласының Қоғамдық тамақтану және сервис колледжінің арнайы тобының студенті, және дефектолог, мінез-құлық талдаушысы Сымбат Абдраманованың сөз сөйлеуі болмақ. Сымбатқа 27 жасында АСБ және ЗЖГС диагнозы қойлыды. Спикерлер «ішкі көзқарастарымен» бөлісіп, өздерін және айналасындағы әлемді тереңірек түсінуге, толыққанды өмір сүруге көмектесетін құнды тәжірибелері мен түсініктері туралы әңгімелейді.

Сондай-ақ іс-шараға қатысатын бейінді министрліктердің өкілдері, психиатрлар, невропатологтар, «Болашақ» Қорының мінез-құлық талдаушылары, логопедтер, дефектологтар және басқа да мамандар ата-аналардың сұрақтарына жауап береді. Іс-шара ерекше балаларды тәрбилеп отырған отбасы мүшелері үшін де, ерекше балалармен жұмыс істейтін мамандар үшін де пайдалы болады. Кездесудің модераторы әрі жүргізушісі – «Болашақ» қорының Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан.

Іс-шара аясында «Болашақ» қорының «Ерекше жасөспірімдерге арналған оқу-өндірістік комбинат» жобасына қатысатын аутизм және басқа да ерекшеліктері бар балалардың қолөнер бұйымдары қойылатын қайырымдылық жәрмеңкесі өтеді.Сонымен бірге кездесу кезінде қонақтар арасында іс-шара серіктестерінен құнды сыйлықтар ойнатылатын болады.

«Autism Talks» алғаш рет 2022 жылдың сәуір айында өтті. Іс-шара үлкен қызығушылық тудырып, жыл сайын өткізіле бастады. «Аutism Talks» «Кедергісіз келешек» бағдарламасы аясында AMANAT партиясының, сондай-ақ «TASSAY» сауда маркасымен «ЮНИКС» ҚБ, Hilton Astana, «Полезный хлеб» қолөнер наубайханасы, «Тамшылар» балалар дамыту орталығы серіктес компаниялардың қолдауымен өткізіледі.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Осы жылы 6 сәуірде «Аutism Talks» алғаш рет Алматыда да өтпек. Іс-шараны Қазақстан шахмат федерациясы бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Күні мен уақыты: 2025 жылғы 5 сәуір, сағ.14:00.

Мекенжай: Астана қ., Қонаев к., 4, «ҚазМедиа Холл» киноконцерт залы.

Іс-шара бағдарламасы

13.00 – 14.00 Аутизм бар және дамуында басқа да ерекшеліктері бар балалар қолдан жасаған бұйымдар жәрмеңкесі

 

13.30 – 14.00 БАҚ-пен жолығу, қатысушылармен сұхбаттасу

 

14.00 – 16.00 «Autism Talks» аутизмі бар балалардың ата-аналары мен мамандардың кездесуі

Журналистерді аккредиттеу үшін байланыстар:

+7 775 225 19 07 (Whatsapp); +7 7172 500 618, Ляйля Кабпасова, баспасөз-хатшысы.   

Астана қ. іс—шараға қонақтардың тіркелуі үшін сілтеме: https://forms.gle/CKfuA7gLkrnSCPtu5

Анықтама:

2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күні. Бұл күн 2007 жылғы желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен белгіленді, онда аутизмі бар балалардың көп болуына алаңдаушылық білдірілді.

«Болашақ» қорының «Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасы Қазақстанның мектептері мен балабақшаларына аутизм және басқа да даму ерекшеліктері бар балаларға білім берудің инклюзивті моделін әзірлеуге және енгізуге бағытталған. 2015 жылдан бастап Қазақстанның 24 қаласында 71 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Аутизм және дамуында басқа ерекшеліктері бар 800-ден астам бала мектепке күнде баруға мүмкіндік алды, 4000 маман және ата-ана оқудан өтті, ҚР заңнамалық актілеріне 100-ден аса ұсыныс енгізілді. Қордың инклюзивті білім беру моделі Қазақстан Республикасында Инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі эксперименттік алаңдар желісіне және білім беру ұйымдарының тізіліміне енді, ал біздің үлгі бойынша құрылған 1500 инклюзияны қолдау кабинеті бүкіл Қазақстан бойынша жұмыс істейді.

Аутизм туралы ақпарат тарату аясында 2025 жылдың сәуір айында «Болашақ» Қоры бірқатар іс-шараларды жоспарлады, оның ішінде икнлюзияны қолдау кабинеттерінде сынып сағаттары, конкурстар, «Run for Autism» қайырымдылық жүгіру және басқалар.

 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Семейдегі әлімжеттік: бала мемлекеттің қамқорлығына алынды, кінәлілер қатаң жазаға тартылды

Келесі жаңалық

Changan және Freedom QJ League Қазақстандағы жастар футболын қолдайды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Жетісуда жыл басынан бері 57 мың жас көшет егілді
Категориясыз

«Таза Қазақстан»: Жетісуда жыл басынан бері 57 мың жас көшет егілді

13 мая, 2026
Бейбіт Исабаев елді мекендердегі құрылыс алаңдарын аралады
Басты

Бейбіт Исабаев елді мекендердегі құрылыс алаңдарын аралады

13 мая, 2026
Жетісуда жаңа балық шаруашылығы кешені іске қосылады
Категориясыз

Жетісуда жаңа балық шаруашылығы кешені іске қосылады

13 мая, 2026
Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өткізді
Басты

Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өткізді

13 мая, 2026
Маркетплейстер «Қазақстанда жасалған» таңбасы бар тауарларды ілгерілетуге міндеттеледі
Категориясыз

Маркетплейстер «Қазақстанда жасалған» таңбасы бар тауарларды ілгерілетуге міндеттеледі

12 мая, 2026
Алматы жыл бойы жұмыс істейтін тау туризмі орталығына айналуы мүмкін. Бизнес өкілдері мен сарапшылар Алматы тау кластерін дамыту мәселесін талқылады
Категориясыз

Алматы жыл бойы жұмыс істейтін тау туризмі орталығына айналуы мүмкін. Бизнес өкілдері мен сарапшылар Алматы тау кластерін дамыту мәселесін талқылады

12 мая, 2026
Келесі жаңалық
Changan және Freedom QJ League Қазақстандағы жастар футболын қолдайды

Changan және Freedom QJ League Қазақстандағы жастар футболын қолдайды

Жетісу облысына – үш жыл: газдандандырылған елді мекендер саны 5-тен 84-ке жетті

Жетісу облысына – үш жыл: газдандандырылған елді мекендер саны 5-тен 84-ке жетті

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Атырау облысында жыл басынан бері 6 бала терезеден құлаған

Атырау облысында жыл басынан бері 6 бала терезеден құлаған

26 июля, 2024
Мемлекет басшысы Ермек Сағымбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Ермек Сағымбаевты қабылдады

20 января, 2023
Тоқаев: Қарапайым азаматтардың ұлттық компаниялардың акцияларын иелену мүмкіндігі болуға тиіс

Тоқаев қысқа мерзімді еңбек демалысына шықты

2 августа, 2022

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс БМЗ-дағы күкірт қышқылы цехында негізгі жабдықты ауыстырып жатыр

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • «Таза Қазақстан»: Жетісуда жыл басынан бері 57 мың жас көшет егілді
  • Бейбіт Исабаев елді мекендердегі құрылыс алаңдарын аралады
  • Жетісуда жаңа балық шаруашылығы кешені іске қосылады

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.