Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Пікір

Астанада Ұлттық құрылтайдың IV отырысының нәтижелері талқыланды

admin by admin
31 марта, 2025
Астанада Ұлттық құрылтайдың IV отырысының нәтижелері талқыланды

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ИНСТИТУТЫ

2025 жылғы 31 наурыз күні Астана қаласында «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ «Ұлттық құрылтай. Елеулі кезең» атты Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысын талқылауға арналған кездесу өткізді.

Байланысты

Алматыда супермаркет қызметкеріне агрессия танытқан әйел жауапкершілікке тартылды

Көзге көрінбесе де, әрбір адам сезінетін жұмыс: Алматының жылу желілерінің апаттық қызметі туралы

Көбірек жекелендіру: TikTok ұсыныстар арнасында контентті басқарудың жаңа функцияларын ұсынды

Аталған кездесуде Ұлттық құрылтай отырыстарына шолу жасалып, Бурабайда өткен IV отырыста көтерілген мәселелер талқыланды. Іс-шараға сарапшылар, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ҚХА кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы және білім алушылар қатысты.

Кездесу Қазақстандық қоғамдық даму институты Қоғамдық үрдістерді зерттеу орталығының басшысы Риззат Тасымның модераторлығымен өтті.

«Ұлттық құрылтай қызметінің ерекшелігі – оның консультативтік-кеңесші сипаты және әлеуметтік-саяси даму мәселелері бойынша консенсусқа қол жеткізуге бағдарлануы. Бурабайда IV Ұлттық құрылтай өз жұмысын қорытындылады. Алаң бүгінгі қоғамдық-саяси үдерістерді сараптау орнына айналды.

Президент Қ.Тоқаев Бурабайдағы сөзінде ең басты мәселе – Қазақстан Тәуелсіздігінің 40 жылдығына қандай жетістіктермен жететіні екенін атап өтті. Оған қоса, бiздiң мықты тұсымыз — төрт стратегиялық тірек айқындалды, олар: цифрландыру және жасанды интеллект – технологиялық серпіліс, мемлекеттік басқару мен бизнестің тиімділігін арттыру; логистика – Қазақстанды Еуразия кеңістігінде маңызды көлік хабына айналдыру; агроөнеркәсіп кешені – ауыл шаруашылығын дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету; энергетика – дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздерін дамыту, орнықты өсуге негіз қалау. Жалпы, алдағы уақытта нормативтік-құқықтық құжаттардың жүйеленуі және елді жаңғыртуға бағытталған бірқатар тұжырымдамалық құжаттардың қабылдануы күтілуде. Келесі, V Ұлттық құрылтай Қызылорда қаласында өтеді. Бұл – тарихи мәнге ие шешім, өйткені Қызылорда бір кездері Қазақстанның алғашқы астанасы болған. Демек, болашаққа бағытталған талқы терең тарихи тамырға сүйенуде».

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Наталья Калашникова Ұлттық құрылтайдың IV отырысындағы негізгі басымдықтарға тоқтала отырып, ҚҚДИ мен ҚХА кафедрасы арасындағы Құрылтайда көтерілген мәселелер шеңберінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша әріптестік қарым-қатынас туралы айтып өтті.

«Шынында да, бүгін біздің тығыз ынтымақтастығымыздың маңызды аспектісі атап өтілді, Ұлттық құрылтай аясындағы зерттеулермен таныстық. Әсіресе, дәл осындай ынтымақтастық арқылы ғылыми-сарапшылық дипломатия сияқты маңызды бағыт қалыптасады деп ойлаймын, бұл қазіргі жағдайда өте маңызды. Қазақстанда сарапшылық орта белсенді түрде қалыптасып келеді және осы ортада шетелде де қызығушылық тудыратын маңызды интеллектуалдық орталықтар бар. Алайда, бұл орталықтар көбіне автономды жұмыс істейді. Бүгінгі кездесу бізге өз мүмкіндіктерімізді кеңейтуге және тығыз ынтымақтастық орнатуға тамаша мүмкіндік береді».

Buy JNews
ADVERTISEMENT
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ИНСТИТУТЫ

Қоғамдық үрдістерді зерттеу орталығының сарапшы-менеджерлері Олжас Төремұратов пен Индира Кунтуова Ұлттық құрылтай аясында жарық көрген талдау баяндамаларын таныстырып, сарапшылармен жұмыстың қыр-сырымен бөлісті.

«2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ Ұлттық құрылтай шеңберінде қоғамдық-саяси тақырыптар бойынша талдау баяндамаларын әзірлеп келеді. 2023 жылы сарапшы М. Хасеновтің, сондай-ақ Ұлттық құрылтай мүшелері Қ. Арыстанбеков, Ғ. Әбішев, Г. Илеуова және А. Чеботаревтің қатысуымен 5 талдау баяндамасы жарық көрді.

2024 жылы үш талдау баяндамасы дайындалды, онда Қазақстанның жалпыұлттық құндылық бағдарының негізгі теориялық және қолданбалы аспектілерін зерттеу нәтижелері (А. Чеботарев), жастарды құндылыққа бағдарлап оқыту және тәрбиелеу жүйесін құру негіздері (Р. Қаратабанов) ұсынылды, сондай-ақ Қазақстандағы креативті сектордың заманауи үрдісі, трансформациясы мен даму перспективасы (Р. Қадыр) талданды. Әрбір талдау баяндамасы әлеуметтанулық деректерге – Ұлттық құрылтай мүшелерін қоса алғанда, сарапшылармен жүргізілген жаппай сауалнамалар мен тереңдетілген сұхбаттарға негізделген».

Саясаттанушы, «Контртеррористік комитет» РҚБ төрағасының орынбасары, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының докторанты Ассоль Мирманова Мемлекет басшысының Бурабайдағы сөзіне қатысты сарапшы-академиялық қауым тарапынан пікір білдірді.

Талқылау барысында басқа да қатысушылар Ұлттық құрылтайға қатысты туындаған сұрақтарына жауап алды.

Tags: АстанаБурабайжастар тәрбиесісарапшыларстратегиялық тіректалдау баяндамасықоғамдық дамуҚызылордаҚҚДИҰлттық құрылтай
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

«Әзірбайжан дауысы — 2025» шоуындағы қазақстандық қатысушысы жобада сәтті өнер көрсетуде

Келесі жаңалық

Жаңа адамдар шұғыл араласуды талап етеді: Астанада қоқыс заңсыз төгілуде!

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Алматыда супермаркет қызметкеріне агрессия танытқан әйел жауапкершілікке тартылды
Басты

Алматыда супермаркет қызметкеріне агрессия танытқан әйел жауапкершілікке тартылды

20 июня, 2026
Көзге көрінбесе де, әрбір адам сезінетін жұмыс: Алматының жылу желілерінің апаттық қызметі туралы
Қоғам

Көзге көрінбесе де, әрбір адам сезінетін жұмыс: Алматының жылу желілерінің апаттық қызметі туралы

26 июня, 2025
Көбірек жекелендіру: TikTok ұсыныстар арнасында контентті басқарудың жаңа функцияларын ұсынды
Қоғам

Көбірек жекелендіру: TikTok ұсыныстар арнасында контентті басқарудың жаңа функцияларын ұсынды

12 июня, 2025
“Кис-Кись, іздейміз!”: Қазақстанда жоғалған мысықтарды іздеу үшін әлеуметтік геолокациялық сервис іске қосылды
Қоғам

“Кис-Кись, іздейміз!”: Қазақстанда жоғалған мысықтарды іздеу үшін әлеуметтік геолокациялық сервис іске қосылды

12 июня, 2025
Жаңа адамдар Қостанайда алты жылдан бері жөнделіп бітпеген  балалар ауруханасы үшін әділет күресін жалғастыруда
Басты

Жаңа адамдар Қостанайда алты жылдан бері жөнделіп бітпеген балалар ауруханасы үшін әділет күресін жалғастыруда

2 мая, 2025
Samsung Алматыда журналистерге және блогерлерге арнап пресс -таңғы асын ұйымдастырды
Технология

Samsung Алматыда журналистерге және блогерлерге арнап пресс -таңғы асын ұйымдастырды

25 апреля, 2025
Келесі жаңалық
Жаңа адамдар шұғыл араласуды талап етеді: Астанада қоқыс заңсыз төгілуде!

Жаңа адамдар шұғыл араласуды талап етеді: Астанада қоқыс заңсыз төгілуде!

HR-революция: VI Халықаралық HR-Бренд Орталық Азия Конференциясын өткізіп алмаңыз

HR-революция: VI Халықаралық HR-Бренд Орталық Азия Конференциясын өткізіп алмаңыз

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Елімізде бір тәулікте 5179 адам коронавирус жұқтырған

Қазақстанда кейінгі тәулікте қанша адамнан коронавирус анықталды?

13 декабря, 2021
«Қазақфильм» 30 млн.теңге ұрлығына қатысты түсінік берді

Жамбыл облысында 54 млн.теңге жымқырған балабақша қызметкері сотталды

27 декабря, 2021
Гүлмира Сатыбалды ұсталды

Гүлмира Сатыбалды ұсталды

17 марта, 2022

Топ жаңалықтар

  • Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты
  • Жаңа адамдар Әділет партиясының Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы стратегиялық сессиясына қатысты
  • «Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.