Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Басты

Биыл Жетісу облысында құрылыс материалдары мен өнеркәсіптік аккумулятор шығаратын жаңа зауыттар жұмыс істей бастайды

admin by admin
29 марта, 2025
Биыл Жетісу облысында құрылыс материалдары мен өнеркәсіптік аккумулятор шығаратын жаңа зауыттар жұмыс істей бастайды

Талдықорғанда автоклавты қатайтатын газбетонды блоктар өндірісі қолға алынады, сол сияқты өнеркәсіп аккумуляторларын шығаратын жаңа зауыт іске қосылады. Бұл жобалар жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылады. Қала кәсіпорындарын аралауы кезінде облыс әкімі Бейбіт Исабаев осы және басқа да нысандардың құрылысы мен іске қосу-жөндеу жұмыстарының барысымен танысты, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Байланысты

Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр

STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!

Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр

Аралау барысында алдымен «Қайнар-АКБ» ЖШС өнеркәсіптік аккумуляторлар шығаратын жаңа зауытта болды. Қазіргі кезде кәсіпорында жабдықтарды монтаждау жүргізілуде, мұнан кейін іске қосу жұмыстары басталады. Кәсіпорынды биылғы ІІ тоқсанының ортасында іске қосу жоспарланса, ал толық қуатына келесі жылы шығады деп межеленіп отыр.

Кәсіпорынның бас директоры Ербол Әжмағамбетовтың айтуынша, бірінші кезең іске қосылғаннан кейін зауыттың қуаттылығы жылына 100 мың өнеркәсіптік аккумулятор шығаруға жетеді. Қазір 150 тұрақты жұмыс орны құрылған, келешекте жұмыс орындарының санын 300-ге дейін ұлғайтпақ. Бүгінгі күні 10 млрд. теңге инвестиция тартылды және кәсіпкер мұнымен шектеліп қалмайтынын айтады. Кәсіпорын экспортқа бағдарланған. Сондықтан өнімдер тек отандық нарыққа ғана емес, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғыз, Әзірбайжан, Ресейге де жеткізілмекші. Толық қуатына шыққан кезде зауытта жылына 200 мыңнан астам өнеркәсіп аккумуляторы өндіріледі.

Жақын арада облыс орталығында тағы бір жаңа зауыт жұмысын бастайды. Бұл — «Талдықорған» индустриялық аймағының аумағында автоклавты қатайтатын газбетон блоктарын шығаратын кәсіпорын. Өндірістік қуаты – жылына 150 мың м3. Мамырдың аяғы мен маусымның басында іске қосылады деп жоспарланған.

— Қараусыз қалған ғимаратты өз жеке қаражатымызға сатып алып, тиісті реконструкция жүргіздік, қазір қажетті жабдықтар орнатылуда. Өңірде кірпіштің осы түрлерін өндіретін кәсіпорын жоқ. Біз жергілікті шикізатты қолданамыз. Негізінен дайын өнімді облыс аумағында сатамыз деп жоспарлап отырмыз. Зауыт ғимаратынан басқа кеңсеміз, қызметкерлерге арналған асханасы бар жатақханамыз бар. Қазір 30 адам жұмыс істейді. Зауыт іске қосылғаннан кейін жұмыс орындарының саны 70-ке дейін ұлғайтамыз. Жалақыға келсек, кәсіпорында жұмысшылар айына 300-350 мың теңге, ал бас энергетик 1 млн.теңгеге дейін жалақы алады. Жалпы,бұл жобаға өз қаражатымыздан шамамен 3 млрд. теңге инвестиция салдық. Болашақта мемлекет тарапынан қолдау болса, құрылысқа қажетті құрғақ қоспалар мен эмульсия шығаратын зауыт ашу жоспары бар. Өнім түрлері нарық талаптарына байланысты болады, — деді өндірісті дамытудың жоспарларымен таныстырған «Стальбетон» ЖШС коммерциялық директоры Динара Орынбасар.

Облыс әкімі атап өткендей, мемлекет тарапынан тиісті көмек ретінде зауыт ғимаратына дейін инженерлік инфрақұрылымды жүргізу мәселесінде қолдау көрсетілетін болады. Сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларының бірін, соның ішінде жеңілдетілген несиелеуді пайдалану мүмкіндігі бар.

Бейбіт Исабаев кәсіпорындарды аралау барысында электр қуаты 84 МВт және жылу қуаты 59 Гкал/сағ болатын «Басқуат» қазандығы базасында бу-газ станциясын салу жобасының іске асырылуымен танысты. Бұл стратегиялық маңызды жоба Талдықорған қаласы тұрақты өсіп келе жатқандықтан, қаладағы жылу мен электр энергияларын толықтыруға бағытталған. Мысалы, биылдың өзінде қалада көпқабатты 27 үй салынады.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

«Басқуат Энергопром» ЖШС бас директоры Арман Отарбаевтың айтуынша, жоба бірнеше кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезең 35 МВт электр қуатына және 26 Гкал/сағ жылу қуатына есептелген. Бұл ретте ІІ кезеңді 2027 жылдың қаңтар айының басында аяқтау жоспарланып отыр. Сондай-ақ газбен жабдықтауға және «Басқуат» қазандығының жылу желілеріне қосылуға техникалық шарттар берілді. Жылу трассасын төсеу жұмыстары бір айдан кейін басталып, қараша айының басында аяқталады.

– Біздің басты міндетіміз — жылу мен электр энергиясын толықтыра отырып, «Басқуат» қазандығының жүктемесін азайту. Сөйтіп облыс орталығындағы жылумен жабдықтау жүйесінің беріктігін қамтамасыз етеміз. Жоба біздің компанияның жеке инвестициясы есебінен жүргізіліп жатыр, — деді А.Отарбаев.

Айта кетейік, бүгінгі таңда жобаның І кезеңі аясында жоспарланған жұмыстардың 65% орындалған.

Жалпы Жетісу облысында 565 өнеркәсіп орны жұмыс істейді, оның 14-і ірі, 11-і орта кәсіпорын. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2025 жылғы қаңтар-ақпан айларында 54,5 млрд. теңгені құрады, НКИ – 120,9%.  Бұл ретте өңір өнеркәсібі көлеміндегі өңдеу кәсіпорындарының үлесі 68,2% құрайды, оның ішінде тамақ, сусындар өндірісі, машина жасау және жеңіл өнеркәсіп бар.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 Фотограф: Жеңіс Ысқабай

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Жаңа буын кітапханалары: БҚО-ның 2 өңірінде комьюнити-орталықтар ашылды

Келесі жаңалық

Қазақстандағы тұтынушылық сенім 2025 жылдың ақпан айында рекордтық ең төменгі деңгейге жақын күйде қалды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр
Категориясыз

Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр

18 мая, 2026
STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!
Категориясыз

STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!

18 мая, 2026
Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр
Категориясыз

Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр

18 мая, 2026
Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады
Категориясыз

Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады

15 мая, 2026
АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ
Категориясыз

АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ

15 мая, 2026
Alatau City Garant Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймағында мектеп салуды сақтандырды
Категориясыз

Alatau City Garant Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймағында мектеп салуды сақтандырды

15 мая, 2026
Келесі жаңалық
Қазақстандағы тұтынушылық сенім 2025 жылдың ақпан айында рекордтық ең төменгі деңгейге жақын күйде қалды

Қазақстандағы тұтынушылық сенім 2025 жылдың ақпан айында рекордтық ең төменгі деңгейге жақын күйде қалды

Ақпан айында қазақстандықтардың тұтынушылық сенімділігі ең төмен көрсеткішке жақын болды

Ақпан айында қазақстандықтардың тұтынушылық сенімділігі ең төмен көрсеткішке жақын болды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Алматы әкімдігі қала тұрғындарын карантин шараларын сақтауға шақырды

Алматыда карантин шаралары күшейді. Бекшин жаңа қаулы шығарды

28 января, 2021
Ақтөбеде бопсалау қылмысының алды алынды

Ақтөбеде бопсалау қылмысының алды алынды

12 марта, 2024
Екі облыста карантин режимі күшейтілді

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 661 адам жұқтырған

15 декабря, 2020

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Meta, TikTok, Яндекс жəне басқа да платформалармен тікелей диалог: AMDG 2026 жылғы медиялық жəне видеожарнама бойынша конференция өткізеді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс БМЗ-дағы күкірт қышқылы цехында негізгі жабдықты ауыстырып жатыр

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр
  • «Қазақмыс» басшылығы жұмысшылармен екінші кездесу өткізді
  • STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.